Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Геодезия». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М128 Жерге орналастыру. Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны



«Геодезия»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

 (2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М128              Жерге орналастыру

шифр            білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны: Тестіге «Геодезия» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсыр-малар саны
Геодезия туралы жалпы мәліметтер. А
Теодолиттік түсіріс. С
Теодолиттік жүрістерді өңдеу есептері және план құру. В
Нивелирлеу. В
Топографиялық түсірістер. В, С 2 В, 4 С
Глобалды серіктік навигациялық позиция жүйесі. А

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Жердiң пiшiнi және мөлшерi туралы түсiнiк. Карта, план, профиль. Пландар мен карталардың масштабтары. Шартты белгілер. Бедердің негiзгi пiшiндерi. Бағытты бағдарлау. Географиялық және тікбұрышты координаталар жүйесi. Тура және керi геодезиялық есептер.

Теодолиттер. Санақ алу тетігі. Теодолитті негізгі тексерулер. Теодолитпен горизонталь және көлбеу бұрыштарды өлшеу. Ұзындықты тiкелей өлшеу аспаптары.Оптикалық қашықтық өлшеуiшпен ұзындықты өлшеу. Теодолиттік жүрістермен полигондарды жүргізу. Жағдай контурлерін түсіру әдістері. Теодолиттік жүрістерді өңдеу есептері және план құру. Жерге орналастыру мақсатында пайдаланатын жерлердiң контур ауданын анықтау тәсілдері. Планиметрлер.

Нивелирлеу түрлері. Геометриялық нивелирлеу әдiстерi. Нивелирлер және нивелирлік рейкалар. Нивелирлерді және нивелирлік рейкаларды тексеру. Нивелирлiк жұмыстардың түрлерi. Сызықтық құрылыстарды трассалау. Трассаны бойлық және көлденең нивелирлеу. Трассаны нивелирлеудiң нәтижелерiн есептiк өңдеу. Трасса профилін құру. Жер бетiн шаршылап нивелирлеу. Нивелирлеу нәтижелерiн есептiк өңдеу. Интерполяциялау әдiсiмен горизонталдар жүргiзу және план жасау.

Топографиялық түсіріс тәсілдері. Тахеометриялық түсiрiс және қолданылатын аспабтар. Оптикалық номограммалық тахеометрлердi тексеру. Номограммалық тахеометрлермен қашықтықты және биiктiктi анықтау. Тахеометриялық жүрiстер. Жағдайды және бедерді түсiру. Тахеометриялық түсіріс нәтижелерін есептеп өңдеу. Электрондық тахеометрлерлік түсірістер. Графикалық түсiрiстiң мәнi. Мензула мен кипрегельдiң құрылысы және негiзгi тексерiстерi. Планшеттi бағыттаудың және центрлеудiң дәлдiгi. Мензулалық түсіріс жүргізу. Түсіріс және жағдай мен бедерді сызу.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 12 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 9 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл беріледі, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.