Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Центр занятости населения. Атбасарского района. Акмолинской области. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау



Центр занятости населения

Атбасарского района

Акмолинской области

 

 

Мемлекеттік қызмет

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау"

Қызмет берушінің атауы КММ Біржан сал ауданының «Халықты жұмыспен қамту орталығы»
  Жұмыс кестесі: Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес.
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі-ХЖҚО) арқылы жүзеге асырылады. 2) тұрғылықты жері бойынша ХЖҚО болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады. 3) Еgov.kz.электрондық үкімет порталы арқылы
Көрсетілетін қызмет нысаны Қағаз түрінде
    Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны  алу тәсілдері     Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.    
  Құжаттар тізімі Өтініш берушінің қатысуы мен өтінішті қабылдау кезінде орталық немесе әкім мынадай мәліметтерді алу үшін «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – Ақпараттық жүйелер) сұрау салуларды дербес қалыптастырады 1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын; 2) оралман мәртебесі туралы; 3) босқынның мәртебесі туралы; 4) шетелдіктің мәртебесі туралы; 5) азаматтығы жоқ адамның мәртебесі туралы; 6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы; 7) жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы; 8) мүгедектікті белгілеу туралы; 9) баланың тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы (барлық балаларға); 10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы); 11) бала асырап алу туралы); 12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке қиюды (ерлі - зайыпты болуды) тіркеу туралы; 13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанында білім алушылар болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы; 14) табыстар туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар)); 15) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы; 16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы; 17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы; 18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі (бар болса) туралы; 19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы (бар болса) туралы; 20) алименттер туралы және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы қатарынан үш ай ішінде олар бойынша берешектің болуы туралы; 21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы; 22) меншігінде тұрғын үйдің, үй-жайлардың болуы туралы; 23) жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің меншігінде болуы туралы; 24) меншігінде көлік құралының болуы туралы. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады, ал өтініш берушіде мұндай мүмкіндік болмаған кезде тұрғылықты жері бойынша орталық, ауылдық жерде – әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді. Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз тасығышта ұсынуға құқылы. Өтініш берген кезде өтініш берушіге ХЖҚО, ауылдық округ әкімінде – тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен жайы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет–ресурсында орналастырылған. www.enbek.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі; өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпараттық ашықтықтан қолжеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай –ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

 

Халықты жұмыспен қамту орталығы Атбасар ауданы Акмола облысы



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.