|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Даму психологиясы». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М066 – Психология«Даму психологиясы» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ (2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау. 2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау: М066 – Психология Шифр білім беру бағдармалар тобы 3. Тест мазмұны: Тестіге «Даму психологиясы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: Тест тапсырмалары мазмұнында даму психологиясының теория ғылымының негіздері, теориялары, терминологиясы сипатталады. 5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты: Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут. Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут. 6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны: Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма. Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі: - жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%); - орташа (B) – 8 тапсырма (40%); - қиын (C) – 6 тапсырма (30%). 7. Тапсырма формасы: Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған. 8. Тапсырманың орындалуын бағалау: Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі. 9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1. Жұбаназарова Н.С. Жас ерекшелік психологиясы. Оқулық. «Қазақ университеті» 2014 ж. 2. Бапаева М.Қ. Даму психологиясы. Оқулық -Алматы. 2014. – 440 б. 3. Кударова Н.А. Даму психологиясы. Әдістемелік құрал – Павлодар. 2012. – 74 б. 4. Сатиева Ш.С. Даму психологиясы. Оқулық –Семей. 2007. – 195 б.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|