магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М020 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша кадрларын даярлау
шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Әлеуметтік педагогика» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№
Тақырыптың мазмұны
Тапсыр
малар саны
Қиындық деңгейі
Әлеуметтік педагогика, оның пәні, міндеттері
Әлеуметтік педагогика - жалпы педагогиканың құрамдас бөлігі. Әлеуметтік педагогиканың мақсаты, міндеттері, қызметі, қолданбалы міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы. Әлеуметтік педагогиканың негізгі категориялары.
(C)
Әлеуметтік педагогиканың негізгі қағидалары
Әлеуметтік педагогикадағы қағидалар ұғымы және олардың мәні. Әлеуметтік педагогиканың қағидаларының жалпы сипаттамасы: табиғатқа сәйкестілік, тұлғалық тұғыр, гуманизм, мәдениетке сәйкестілік, кәсібилік және әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің өзара байланысы.
(C)
Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс және оны жетілдірудің жолдары
Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс ұғымы, мәні мен мазмұны. Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің негізгі компоненттерінің сипаттамасы: ішкі және сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдеріс.
(C)
Тұлғаның әлеуметтік қалыптасу педагогикасы
Әлеуметтендіру - әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде. Баланың әлеуметтік дамуының көздері. Әлеуметтік дамудың қозғаушы күштері.
(В)
Әлеуметтендіру факторлары
Мемлекет, этнос және ұлт, менталитет. Әлеуметтік құрылым және қоғам. Әлеуметтендірудің факторлары: мегафакторлар, макрофакторлар, мезафакторлар, микрофакторлар.
(A)
Бейімделу, дезадаптация және реадаптация
Тұлғаның әлеуметтік дамуындағы бейімделудің рөлі. Дезадаптация ұғымы, оның алдын алу және жеңу жолдары. Реадаптация ұғымы.
(B)
Балалар, жасөспірімдер және жастардың дамуындағы әлеуметтік ауытқулар
Адамның әлеуметтік дамуындағы қалып және патология. Әлеуметтік ауытқулардың себептері.
(B)
Девиантты және делинквентті мінез-құлық
Девиантты мінез-құлық ұғымы, оның түрлері. Делинквентті мінез-құлықтың сипаттамасы.
(B)
Отбасы тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың ортасы ретінде
Отбасының әлеуметтік-мәдени ортасы. Отбасының тәрбиелеу мүмкіндіктерін арттыру жолдары.
(A)
Көше тәрбиелеу ортасы ретінде
Көше тәрбиелеу факторы ретінде. «Көше баласы» ұғымы. Көше балаларымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс.
(A)
Өмірлік қиын жағдайлар және оған кезіккен балалардың орнығуы
«Өмірлік қиын жағдайлар» ұғымының мәні және олардың типологиясы. Өмірлік қиын жағдайларға кезіккен балалардың сипаттамасы.
(B)
Пенитенциарлы мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың мәселелері
Пенитенциарлы мекемелердегі жұмыс түрлері мен ерекшеліктері. Пенитенциарлы мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері.
(B)
Әлеуметтік-педагогикалық виктимология
«Виктимділік» ұғымы және оның түрлері, формалары. Әлеуметтендірудің және әлеуметтік тәрбиенің құрбаны болған балалардың ерекшеліктері.
(A)
Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекеті мен педагогикалық мәдениеті
Кәсіби іс-әрекеттің факторлары. Тұлғаның кәсіби деформациясы: ұғымы, мәні, мазмұны.