|
||||||
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жастар ісі жөніндегі комитетжанынан құрылған «МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАСЫ» әдеби жастар клубының 2019-2020 оқу жылындағы жылдық. Аты-ж&М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жастар ісі жөніндегі комитетжанынан құрылған «МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАСЫ» әдеби жастар клубының 2019-2020 оқу жылындағы жылдық ЕСЕБІ М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жастар ісі жөніндегі комитет жанынан құрылған «МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАСЫ» әдеби жастар клубы өз жұмысын 2016 жылдан бері бастады. Құрылғалы бері клуб көптеген жетістіктерге жетіп үлгерді. Клуб жыл басында жаңа мүшелермен толығып, жұмысын жандандырды. Жастартардың әдебиетке және де тілге деген қызығыушылығын арттыруға, рухани жаңғыру, ойын қысылмай ашық жеткізу үшін сөздік қорын көбейту жастармен іске асырылды, тәлім-тәрбие мен адалдықты бірге алып жүруге «Мәңгілік ел мұрасы» аянбай еңбек етті. Нәтижесін ТарМУ-нің студенттеріне қарап еңбек зая кетпегендігі байқалады. 2019-2020 оқу жылында Мәңгілік ел мұрасы - Жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастыруымен барлық ТарМУ-нің студенттері қатысуымен оқу жылының бірінші жартысында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Аптасына бір рет міндетті түрде кеңесі-жиыны өткізіліп отырады. Жиын кезінде алға қойылған мақсат-міндеттер, жұмыс жоспары, жеткен нәтижелер және апта қортындысы талқыланады.
"Мәңгілік ел мұрасы" әдеби жастар клубының белсенділері
Аты-жөні |
Факультеті | |||||
Ғанибаева Азиза | Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті | |||||
Ахметкулов Мухаметали | Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті | |||||
Кенжеалиев Рысалы
| Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті | |||||
Лесбек Жандос | Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті | |||||
Лесбек Ерасыл
| Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті | |||||
Ераділова Айгерім | Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті | |||||
Ниазбекова Ажар
| Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті | |||||
Әшірқұл Анел | Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті | |||||
Асемова Бибіфатима
| Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекомуникация факультеті | |||||
Шарипов Сәбит
| Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті | |||||
2019-2020 жастар жылы аясында өткізілген іс-шаралар.
Қыркүйектің 14 - жұлдызында Мәңгілік ел мұрасының жастары "Қайсар жүрек" қоғамдық қорының желтоқсаншылармен кездесу өткізді. Бұл кездесу жастардың патриоттық тәрбиесін арттырып, отанды елді сүюге шақырды. Белсенділер Желтоқсан көтерілісіне қатысқан батыр аға-апалардың аузынан көптеген мәліметтер алды. Бізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін оны бағалау керек екенін ұқты.
Бұл кездесуге арнайы Алматы қаласынан келген қонақтар Тараз қаласының әкіміне желтоқсан алаңы үшін, Рысқұлбеков саябағы үшін алғыстарын білдірді. Кездесу барысында, Қ. Рысқұлбековпен бірге ату жазасына кесілген Күзембаев мырза да болды. Кездесу соңында студенттер желтоқсаншыларға көкейдегі сұрақтарын қойып, естелік суреттерге түсті.
"Хан тәңірінің мұзбалағы - Мұқағали" осындай атпен "Мәңгілік ел мұрасы" әдеби жастар клубының белсенділері ұйымдастырған әдеби кеш өтті. Бұл кеш негізінен қазақ поэзиясының керемет ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған болатын. Әдеби кеш барысында клуб мүшелері Мұқағалидың өмірбаянымен танысып, оның өлеңдерін оқыды. Кешке қонақ ретінде "Филология және журналистика" кафедрасының студенттері қатысты. Бұл шараның маңызы қазіргі өлең жазып жүрген жастарға бағыт беріп, бұрынғы ақын-жазушылардың өнерінен сабақ алу. Жастар жылында жас ақындар мен жазушыларға бағыт беру біздің міндетіміз.
"Ұлы дала даналары" акциясы. Жастар ТарМУ-дың кешендеріне даналық сөздер жазылған флаерлер ілді. Бұл қанатты сөздер студенттер мен ұстаздарды шабыттандырады деген ойдамыз.
6 қараша күні"Мәңгілік ел мұрасы" әдеби жастар клубы "Кітап және қоғам" атты дөңгелек үстел өткізді. Бұл кездесу Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Коворкинг орталығында өтті. Бұл күні бізде қонақта болған Ұлтанбаев А. Б жастардың кітап оқымауының себебі, кітап оқыған адамның сана-сезімінің қаншалықты биік болатынын атап өтті. Жастар өз ойын жеткізіп, кітапты қаншалықты жеңіл оқуға болатынын, оның пайдасы туралы өз ойларын жеткізді. Кітап бұл- халықтың қазынасы, асыл сөздің кені. Иә, кез-келген кітапты оқыған кезде міндетті түрде мағынасын түсініп, өмірге шабыт алу керек. Кітап оқып, ой кенішін байытыңыздар.
Желтоқсанның жетінші жұлдызында "Мәңгілік ел мұрасы"әдеби жастар клубының белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен Үш бәйтеректің 125жыл толуына орай "Үш ғұмыр-Үш бәйтерек"атты викториналық акция өткізді.Акция еркін форматта қала жастары арасында жүргізілді.Сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыға арнайы кітаптар сыйға тартылды.
Еріктілер жылына орай «Мәңгілік ел мұрасы»әдеби жастар клубының белсенді жастары бас жинап қоғамдық орындардағы мерзімі откен, ескірген жарнамаларды тазалап ақын-жазушыларымыздың нақыл сөздерін іліп Тараз қаласын тазалап, рухани жаңғыруды қолға алдық.
1 наурыз күні елімізде жалпыхалықтық мереке-алғыс айту күні. Клуб мүшелерімен бірге жастар арасында "жастар алғыс"айтады атты акциясы өткізілді.Жастар өзінің жақындарына,университет ұстаздарына алғыстарын,жылы лебіздерін білдірді.Жылы сөз,жақсы ой,кіршіксіз сезімдерімізді ешқашан бір-бірімізден аямайық!
«Әбу Насыр Әль-Фарабидің 1150 жылдығы»мерейтойына орай жастар ісі жөніндегі комитеті ұсынысмен 3 турдан тұратын «әдеби мақалалар» онлайн конкурсы ұйымдастырылды. Карантин кезінде мақала конкурсы ұйымдастырылып жастар уақытын тиімді пайдаланды.
Жастар ісі жөніндегі комитеті
жанындағы «Мәңгілік ел мұрасы» клубының төрайымы М.Ахметкулов
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|