|
|||
Түсінік хатСтр 1 из 2Следующая ⇒
«Шахмат» вариативінің мақсаты: Шахмат ойынының тарихы туралы түсінік беру.Ойын кезіндегі тәртіппен,ережесімен таныстыру. Тәрбиеленушілердің логикалық ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау, салыстыру, танымдық ой-өрісін жетілдіру. шахмат сабағы арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлға жетілдіруге жағдай жасау. Үйірменің тәрбиелік мәні: § Айналасына ұқыптылықпен қарау, жеке қасиеттерін жетілдіруге ұмтылдыру; · § Өзін тәртіпке салуға тәрбиелеу; § Еріктілік қасиеттерін жетілдіруге және өзін өзі бағалай білуге. Бұл бағдарламаны игеру барысында тәрбиеленушілердің шахматты игеруімен қатар, ой-өрісі қалыптасады.
Түсінік хат
Қазіргі ақпараттандыру технологиясының кең дамыған кезінде оқушылар үлкен ауқымды ақпараттарды тез қабылдап, сараптап, логикалық қорытындылар жасай білулері керек. Логикалық және жүйелі ойлауды қалыптастыруда шахматтың алатын орны зор. Ол оқушылардың аз уақытта ойларын шоғырландыруына, туған жағдаятты сараптауға және шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Астанада өткен тез шахмат пен блиц чемпионатының ашылу салтанатында «Шахмат адамдарды тез ойлатады, шешім қабылдатады және қадам жасатады. Мен бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген балаларының спорттың осы түрімен айналысатынына қуаныштымын» деген болатын. Шахмат – екі тұлғаның көрнекі түрде сайысу түрі. Ол бізге адамның шығармашылық дәрежесін анықтауға қажет. Шахмат ойнаушының үнемі жетілуінен, жүйелі түрде дайындық сағаттарын жүргізуден кейін нәтиже күтуге болады. Сонымен қатар шахматты үйретудегі жаттықтырушының шығармашылық деңгейінің жоғары болуы қажет. Шахмат ойыны – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибиені қалыптастыруға арналған жағдайлар негізіндегі іс-әрекет-тің бір түрі. Сондықтан, адам баласының дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қабілеті дамиды, білім сауаттылығы көптеген оқу қызметеріне көп септігін тигізеді. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Бағдарламаның тиімділігі –уақыт талабымен сәйкес. Жеке тұлғаны жетілдіру қиын мәселе болғандықтан, шахматты үйретудің құрылымы мен мазмұны мақсатқа бағытталған мінез қалыптастыруға тәрбиелейді. Оқу қызметінен тыс білім беру жүйесінде шахматты үйрету жүйесі балалардың жеке қабілеттіліктерін айқындап, жетілдіре отырып оның тұлға ретінде жалпы жетілуі мен тәрбиесіне бағытталады Бағдарламаның ерекшелігі балаға даралап білім беруге бағытталғандығында. Ол бағдарламаға енгізілген және екі негізгі бағыт алады. Алдымен әр шахмат ойнаушының тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеуде, екіншіден әр тәрбиеленушінің өмірге көзқарасы, жағдаяттарды шеше білуі есепке алынады. Баланың жеке қасиеттерін табиғи, физикалық және психологиялық қасиеттерін білуді талап етеді.
|
|||
|