Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Онлайн тестілеу - веб-қосымшасына нұсқаулық.



Онлайн тестілеу - веб-қосымшасына нұсқаулық.

Алдымен браузерді ашыңыз (Google Chrome немесе Mozilla Firefox).

Адрестік жолына testing.tarsu.kz жазыңыз.

Сізге онлайн тестілеу парағы ашылады.

Ашылған парақта сізге тестілеудің 3 түрі берілген: "Дистанционное", "Пробное" және "Другой вид". Сізге "Другой вид" таңдау қажет. Ашылған парақшада білімгер өзінің мамандығын, аты-жөнін таңдап, паролін енгізу керек. "НАЧАТЬ" батырмасын басыңыз.

Келесі парақта білімгер өзіне қажет пәнді таңдау керек.

Пәнді таңдау жолында: пәннің аты; тест қай тілде тапсырылатыны: қазақ немесе орыс тілінде; сұрақтардың саны; тестті тапсыру уақыты және мүмкіндіктер саны көрсетіледі.

Қажет пәнді таңдап "НАЧАТЬ" батырмасын басыңыз.

Тестілеу парағы ашылады.

Ашылған парақшада тестілеу тапсырып отырған білімгер туралы ақпарат берілген: тестті тапсыру уақыты, тестті бастау уақыты, сұрақтар саны, сұрақтың өзі және жауаптары (бұл жерде бір бос жауап қызыл түспен берілген, ол жауапты таңдаудың қажеті жоқ).

Білімгер әлі оқымаған сұрақтар көк түспен беріледі, ал тапсырып отырған сұрақ қызыл түспен, қарап шығып бірақ жауап берілмеген сұрақ күлгін түспен, жауап берілген сұрақ жасыл белгімен белгіленеді .

Егер сіз сұраққа жауап бермесеңіз (жауабыңызға сенімді болмасаңыз, келесі сұраққа көшкіңіз келсе), келесі сұраққа өту үшін  батырмасын басыңыз. Жауап бермеген сұрақ нөмірі күлгін түсті болып боялады, басқа сұрақтарға жауап беріп болған соң бұл сұраққа қайта жауап беруге болады.

Барлық сұрақтарға жауап беріп болған соң "ЗАВЕРШИТЬ" батырмасын басыңыз. Тестілеу аяқталады және сіздің іс-әрекетіңізді растайтын қосымша терезе ашылады.

"ДА" батырмасын басу қажет. Келесі ашылған бетте тестті тапсыру нәтижесі көрінеді: сұрақтар саны, тестті тапсыру уақыты, қанша сұраққа дұрыс жауап бергені және пайыздық үлесі беріледі.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.