Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





II кезең – Әңгімелесу (ана тілінде, орыс/қазақ)



II кезең – Әңгімелесу (ана тілінде, орыс/қазақ)

1. Конкурсқа қатысу мақсатын мен көсбасшылық қасиеттері

 

Өтінімді және қоса берілген құжаттарды келесі мекенжайлар бойынша 2020 жылғы 18 ақпан сағат 20:00-ден кешіктірместен жеткізіңізші: Толстой көшесі, 49, 8 шағын аудан, 11 үй немесе Қасымханов көшесі 117/2. НАЗАР аударыңыз, өтінімді берген сәтте Сіз 13 жастан кіші және 15 жастан үлкен болмауыңыз қажет.

Сауалнама және бағдарлама бойынша туындаған сұрақтар бойынша бағдарламаның үйлестірушісі Константин Свищёвпен 87758849681 телефоны бойынша хабарласыңыз. Толық емес көлемде ұсынылған өтінімдер қаралмайтын болады. Жартылай финалға қатысушылар Step кеңсесіне Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің өкілдерімен әңгімелесуге шақырылатын болады (әңгімелесудің уақыты, күні мен орны кейін және тек финалға қатысушыларға ғана хабарланатын болады). Финалға осы бағдарлама бойынша екі жыл ішінде оқитын 30 бала өтеді. Ағылшын тілін білу міндетті емес. Сізге өзіңізбен туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесін, өткен оқу жылының табелі, отбасы мүшелерінің құрамы жөніндегі анықтаманы, барлық жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің зейнетақы қорынан көшірме үзіндіні, жұмыссыздық немесе мүгедектік, зейнетақы (жағдайға байланысты) туралы анықтамаларды алып келу қажет. Бағдарламадан өткендігі туралы тек жартылай финалға қатысушылар мен финалға шыққандар ғана хабардар етіледі. Бағдарламаның үйлестірушісі ұсынылған ақпаратқа анық көзі жетуі үшін Сіздің үйіңізге бару құқығын өзіне қалдырады.

«Step» тілдер мектебінің директоры

Константин Свищёв

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.