Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





рметті Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы және комиссия мүшелері!!! Сіздердің назарларыңызға



Құрметті Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы және комиссия мүшелері!!! Сіздердің назарларыңызға

тақырыбы: Қазақстан Республикасында еңбек нарығын мемлекеттік реттеу

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір мәселеге айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасынд ажұмыссыздық пен кедейшіліктітолық та тұрақты жою мәселесі 2020жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі.

Осы 2020 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндіріс аралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.

Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Жұмыс пен тиімді қамту әр бір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе – теңдік үлесімділігіне жету.

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни талаптануы тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асырылатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз ең алдымен жұмыс күшіне сұраным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Еңбек аясы қоғамның экономикалық жән еәлеуметтік өмірінің маңызды жән көпқырлы саласы.

Ол жұмыс күші нарығында және оның қоғамдық өндірісте пайдалануын да қамтиды. Еңбек нарығында жұмыс күші өзінің құнын айқындайды, сонымен қатар оның жалдану шарттары, соның ішінде еңбек ақы көлемі, еңбек жағдайлары, білім алу мүмкіндігі, кәсіпқойлық өсу айқындалады.

Бүгінгі еңбек мәселесіне келетін болсақ, біздің Республикамызда еңбек нарығы әлі де күрделі болып саналады. Сондықтан да бұл мәселеге аса көңіл аударылады.

Еңбек нарығының басты мәселесі деп жұмыссыздықты атап айту қажет. Сондықтан, еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

Сонымен, еңбек нарығы, жалпы ұсыныс пен сұраныс заңдылықтарына сүйене отырып, өз жұмыс істеу тетігінің принциптері бойынша басқа тауарлық нарықтарына бірнеше айырмашылықтары бар спецификалық нарығы болып табылады. Осында реттеуші факторлар макро және микроэкономикалық факторлардан басқа әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық факторлар да өз роліне ие. Бүгінгі күні еңбек нарығы мәселесі ең өзекті болып отырғандықтан, дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасында еңбек нарығын мемлекеттік реттеу («Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» ММ мысалында)» етіп таңдап, жан-жақты зерттеп, талқылауды мақсат тұттым.

Атап айтылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесі міндеттер шешіледі:

- еңбек нарығының теориялық аспектілерін зерттеу;

- жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың экономикалық аспектілеріне талдау жасау;

- Қазақстан Республикасы және оның аймақтары бойынша еңбек нарығының индикаторларына талдау жүргізу;

- Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы бойынша еңбек нарығының қазіргі жағдайына талдау жүргізу;

- Қазақстандағы жұмыссыздық мәселелері және оны шешудің жолдарын қарастыру;

Зерттеу объектісі ретінде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы бойынша қоғамдағы еңбек нарығын алып отырмыз.

Дипломдық жұмысым үш бөлімнен, кіріспеден, қорытынды және қолданылыған әдебитетерден тұрады. Бірінші бөлімде еңбек нарығы және оны реттеудің теориялық аспектілері зерттелді.

Екінші бөлім Қазақстан Республикасында және Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы бойынша еңбек нарығының қазіргі жағдайына талдау жүргізілді.

Үшінші бөлімде еліміздегі халықтың жұмысбастылық деңгейін жетілдіру және жұмысыздықты төмендету жолдары қарастырылған.

Осы дипломдық жұмысты жазу барысында қолданыстағы еңбек нарығын реттейтін заңнамалар, яғни ҚР-ның Конституциясы, ҚР-ның «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы және т.б нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Статистка агенттігінің мәліметтері қолданылды.

Аталмыш дипломдық жұмыс «Қазақстан Республикасында еңбек нарығын мемлекеттік реттеу («Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» ММ мысалында)» талдау тақырыбына арналған.

Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату – сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.

Халықтың еңбекпен қамтамасыз етілуін оқып-білу халықтың өмір сүру деңгейін талдаудағы және адамзат қарымын дамытудағы мәні ерекше. Табыс әкелетін, өнімділігі жоғары еңбек тауарлар мен қызмет түрлерінің қоғамдық дамуына жағдай туғызады. Халықтың табысын жеткілікті деңгейге көтереді, адамның жеке басының жан-жақты жетілуінің алғышарттарын қалыпттастыра отырып, жеткілікті деңгейде өмір сүруге, жетелейді.

Жұмысбастылық ақыр соңында кез келген табыстың және тұтынушылықтың негізі болып табылады. Экономикалық жағынан белсенді халық жұмысбасты және жұмыссыздар қатарынан тұрады. Диплом жұмысының екінші бөлімінде жасалған талдау бойынша келесі қорытынды жасауға болады.

Бұл жалпы облыс бойынша жұмыссыздардың саны аудан бойынша жұмыссыздрдын санымен салыстырғанда әлде-қайда төмендеуіне байланысты.

«Жұмыссыздар көрсеткішінің» индикаторы бір жағынан ел дамуының жалпы экономикалық контекстін қамтыса, екінші жағынан мемлекеттік еңбекпен қамту қызметтерінің азаматтарды жұмысбасты етуді қамтамасыз ету, қайта дайындау, біліктіліктерін жоғарылату т.б. істерін сипаттайды

Қарағанды облысының соңғы жылдардағы еңбек нарығы жағдайын жұмыссыздар деңгейінің төмендеуімен, жұмысбасты халықтың санының өсуімен сипатталады.

Егеменді Қазақстанда жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты еңбек ресурстарын жаңа талаптарға сай пайдалану маңызды және күрделі мәселе болып табылады. Әсіресе, алдағы уақытта демографиялық процестердің біршама шиеленісуіне байланысты және еңбек сапасына деген талаптар дүниежүзілік бәсекелестік ортада күнен күнге артуына байланысты, бұл проблеманың өзектілігі де арта береді. Қазақстан Республикасында еңбек нарығындағы жұмыссыздық - еңбек ресурстарын жұмыспен қамту, нақты бүгінгі күннің талабына сай, еңбек нарығын қалыптастыру – өзінің шешімін күтіп тұрған мәселердін ең бір бастысы.

Жұмыссыздықтың негізгі себептерін атап өтсек, келесі:

- жаңа технологиялардың енгізілуі, жұмыс күшіне деген сұраныстың төмендеуін тудыратын экономикадағы құрылымдық ығысулар;

- жұмыс берушілерді барлық жұмыс ресурстрарындағы қажеттелікті төмендетуге апаратын экономикалық дағдарыс немесе тоқырау;

- еңбек ақы төлеу саласындағы үкімет пен кәсіби одақтардың саясаттары,

- экономиканың нақты бір салаларындағы өндіріс деңгейіндегі маусымдық өзгерімдер;

- халықтың демографиялық құрылымындағы өзгерістер және т.б.

Қазақстан Республикасының еңбек нарығының жағдайының мониторингі үшін облыстар, қалалар мен аудандар арасындағы жұмыс күшіне деген сұраныстар мен ұсыныстарды белгілеп отыратын, оны бейнелейтін деректер базасы құрылды. Талдаулар жергілікті еңбек нарығында халықтың еңбектік мобильділігі төмендігі, кәсіптік-біліктілік құрылымы мен оның ұсынысының, сапалығының сәйкес келмеуі себебінен тапшылықпен бірге қазіргі уақытта облыста жұмысшы күшке деген сұраныстар да жеткілікті екенін куаландырады. Өкілетті органдардың жыл сайынғы бос орындар банкісі кем дегенде 1100 бірлікті құрайды. Алайда кәсіптік белгілеріне қарай жұмысшы күштің сұранысы мен ұсыныстарының сәйкес келмеуінен бірнеше мамандықтар бойынша айына бір бос жұмыс орынына 7-10 жұмыссыздан келеді, соңында медициналық, өндірістің түрлі салаларының инженерлік бағытындағы бос орындар толмай қалады.

Онымен бірге еңбекпен қамтуға қол ұшын беру саясатын жүзеге асыруда да белгілі бір мәселелер бар. Жаңа жұмыс орындарын құрудың қарқыны қашанда жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың санының ұлғаюымен тең келе бермейді, жұмыс берушілердің кем дегенде 14 % ғана облыстық еңбекпен қамту орталығына өтініш білдірген, қоғамдық жұмыстар аймақтың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдалы жұмыстарды қашанда иемдене алмайды. 

Еңбек нарығында шешуші мәселелер болып табылатындар:

- тиімді емес жұмысбастылықтың басымдылығы;

- жұмысшы күш сұранысы мен ұсынысының кәсіптік-біліктілік құрылымының сәйкес келмеуі;

- білікті мамандардың еңбек қарымының жоғалуы;

- мамандарды дайындауда оның экономикалық тұтынушылыққа сәйкес келмеуі;

- халықтың жекелеген топтарын еңбекпен қамтудың күрделілігі (әйелдер, жастар, зейнеткерлікке шығар жастағы тұлғалар, мүгедектер);

- депрессивтік, еңбек артықшылықты ауылдық аудандар мен шағын қалалардағы жоғары деңгейдегі жұмыссыздық.

Жұмысбастылықтың салалық құрылымының құрылымдық-технологиялық қайта құруға сәйкес өзгеруі жағдайында импортқа қою, өндірісті диверсификациялау мен жаңа жұмыс орындарын құру, білікті жұмысшы күштің жетіспеушілігіне бағытталған өндірістік саясаттың алғышарттарын таңдаудың болуы заңды құбылыс.

Мемлекеттік және салалық (секторлық) программалардың төңірегінде 40 % тұрақты жұмыс орындарының бір шамасы шағын бизнесте, 30 % -өндірісте және шамамен 20 % - ауыл шаруашылығында құрылады деп күтілуде.

Экономиканың құрылымдық қайта құру кезеңі өзімен бірге жұмысшы күшке деген сұранысты және оның кәсіптік-біліктілік құрамына деген өзгерістерді алып жүреді. Оған сәйкес кәсіптік білім жүйесіндегі мамандарды дайындаудың профилі мен көлемі трансформациялануы керек.

Ол жұмыс күші нарығында және оның қоғамдық өндірісте пайдалануын да қамтиды. Еңбек нарығында жұмыс күші өзінің құнын айқындайды, сонымен қатар оның жалдану шарттары, соның ішінде еңбек ақы көлемі, еңбек жағдайлары, білім алу мүмкіндігі, кәсіпқойлық өсу айқындалады.

Бүгінгі еңбек мәселесіне келетін болсақ, біздің Республикамызда еңбек нарығы әлі де күрделі болып саналады. Сондықтан да бұл мәселеге аса көңіл аударылады.

Еңбек нарығының басты мәселесі деп жұмыссыздықты атап айту қажет. Сондықтан, еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

Сонымен, еңбек нарығы, жалпы ұсыныс пен сұраныс заңдылықтарына сүйене отырып, өз жұмыс істеу тетігінің принциптері бойынша басқа тауарлық нарықтарына бірнеше айырмашылықтары бар спецификалық нарығы болып табылады. Осында реттеуші факторлар макро және микроэкономикалық факторлардан басқа әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық факторлар да өз роліне ие. Бүгінгі күні еңбек нарығы мәселесі ең өзекті болып отырғандықтан, дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасында еңбек нарығын мемлекеттік реттеу («Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» ММ мысалында)» етіп таңдап, жан-жақты зерттеп, талқылауды мақсат тұттым.

Қарағанды облысы үлгісіндегі халықтың жұмысбастылығының қазіргі жағдайына талдау жасай келе, аймақтың жұмысбастылық саласы мен олардың қиындықтарын жеңудің мынадай мәселелерін анықтауға болады:

- халықтың жұмысбастылық құрылымындағы инновациялық-ақпараттық экономиканың мынадай экономикалық қызметтері анағұрлым азайтылды, олар: өңдеуші өндіріс, құрылыс, көлік және байланыс, сондай-ақ адам капиталының сапалығына жауап беретін салалар: білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік және жеке қызметтер. Мұндай жағдайда өсімі жағынан оң нәтижелі мемлекеттік басқару саласы;

- кәсіптік қайта дайындау мен оқыту бағдарламаларының көлемі мен сапасы қанағатсыздық жағдайда қала береді. Бағдарламаға қатысатын қоғамдық жұмыстардың саны қайта оқыту бағдарламасынан кейін жұмыспен қамтылғандардың санынан 7,4 рет көп. Кәсіптік дайындау бағдарламасына бір қатысушыға кететін шығындар өте төмен;

- жұмыссыз жастардың деңгейі барлық қалаларда жалпы жұмыссыздардың санына қарағанда өте жоғары. Бұл жергілікті еңбек нарығының ұсыныстары мен сұраныстарын диспропорциялаудың және аймақ ішіндегі жастардың ауылдық жерлерден қалаға көшуінің салдары (олардың барлығы біліктілігінің төмендігінен немесе оның мүлдем болмауынан еңбекпен қамтылмайды әрине);

- ұзақ уақыт бойы жұмыссыздықта болу деңгейі әлі де болса жоғары орында. Бұл көбінесе әлеуметтік көмекке үміткер азаматтарды еңбекпен қамту орталығы бөлімдерінің тіркеу талаптарымен байланысты болады. Бұл топтар үшін де кәсіптік дайындау мен артынан жұмыспен қамтамасыз етудің көлемі мен сапасын арттыру мақсатқа сай. Ал жасына қарай ұзақ уақыт бойы жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар сақталуы керек;

- ауылдық жерлердегі өзін-өзі еңбекпен қамтушылардың үлесін ұлғайту процесі кері сипатқа ие. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз етудің халықаралық ресми анықтамаларына сәйкес өзін-өзі қамтушылардың кірістік табысына шектеулер көрсетілмеген. Нәтижесінде ауылдық жерлерде жеке меншік қосалқы шаруашылықтың болуы туралы дерек адамды өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз етушілердің қатарына қосушы деп тануға негіз болып табылады, оған кедейшілік жағдайдан шығу үшін табыс табуына бұл кедергі емес және оның мекен-жайы бойынша әлеуметтік көмекке жүгінуіне мүмкіндік беріледі. Осындай қалыптасқан жағдайлар кедейлік жағдайдың айқындылығын төмендетеді және кедейлікпен күресуге кедергі жасайды, өйткені процестер индикаторында жалған және заңды түрде кедейлік жоқ, ал іс жүзінде ол төмендей береді.

 

Аталмыш дипломдық жұмыс «Қазақстан Республикасында еңбек нарығын мемлекеттік реттеу («Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» ММ мысалында)» талдау тақырыбына арналған.

Бұл жалпы Қарқаралы ауданында өндірістік салаларының болу салдарынан деп түсіндіріледі. Жалпы жұмыссыз халық саны 2018 жылы 2016 және 2017 жылдармен салыстырғанда төмендегенің байқаймыз.

 Келесі 7 кестеде Қарқаралы ауданы бойынша 2017 –2019 жж. еңбек нарығының негізгі индикаторларын қарастырамыз.

Кесте 7

Қарқаралы ауданы бойынша 2017 –2019 жж. еңбек нарығының негізгі индикаторлар

 

Еңбек нарығының негізгі индикаторлар

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

Ауытқуы, %

2018 ж. 2017 ж. салыстырғанда 2019ж. 2018 ж. салыстырғанда
Экономикалық белсенді халық, адам

110,9

105,9

Халықтың экономикалық белсенділік деңгейі, % 95,03 96,5 96,6

101,5

100,2

Жұмыспен қамтылған халық, адам

112,5

106,2

өз бетімен жұмыс істейтін жұмыскерлер, адам

105,0

108,2

жалдамалы жұмыс істейтін жұмыскерлер, адам

112,8

106,2

Жұмыссыз халық саны, адам

79,0

97,7

Жұмыссыздықтың деңгейі, % 3,5 3,3

70,0

93,3

Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-24 жас) 5,7 4,3 4,2

75,4

97,7

Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-28 жас) 4,5 2,9

64,4

103,4

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы

109,2

105,0

 

7 кестеде көрсетілгендей, аталшым Қарқаралы ауданында жалпы облыс бойынша салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі төмен екендігін көріп тұрмыз.

Егер облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 2018 жылы 4,5 пайызды құрса, оның деңгейі Қарқаралы ауданы бойынша 3,3 пайызға тең болды.

Бұл жалпы Қарқаралы ауданында өндірістік салаларының болу салдарынан деп түсіндіріледі. Жалпы жұмыссыз халық саны 2018 жылы 2016 және 2017 жылдармен салыстырғанда төмендегенің байқаймыз.

Егер оның деңгейі 2017 жылы 822 адам болса, 2018 жылы ол 19 адамға азайып 803 адамға тең болды. 

Халық тіршілігінің деңгейі мен сапасын артыратын маңызды факторлар яғни қозғаушы күш қала мен ауыл, гендер мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың арасындағы халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмысбастылығы болып табылады [17,б.9].

Келесі 6 суретте Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы және Қарқаралы ауданы бойынша соңғы үш жылдағы экономикалық белсенді халықтың динамикасы көрсетілген. 

 

Сурет 6. 2016-2018жж. Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы және Қарқаралы ауданы бойынша экономикалық белсенді халықының өзгеру динамикасы

Сонымен 6 сурет мәліметтері бойынша Қарқаралы ауданы бойынша экономикалық белсенді халқының саны 41,185 мың адамнан 41,212 адамға дейін көбейгенін көріп тұрмыз. Осы тенденция жалпы облыс бойынша да байқалады.

7 суретте ҚР, Қарағанды облысы және Қарқаралы ауданы бойынша халықының экономикалық белсенділік деңгейінің пайыздық шамада өзгеруі көрсетілген.

Сурет 7. ҚР, Қарағанды облысы және Қарқаралы ауданы бойынша халықының экономикалық белсенділік деңгейінің динамикасы

7 cуретін сипаттай отырып, Қарағанды облысы бойынша халықтың экономикалық белсенділігінің артуының динамикалық өсуі жоғарылауда, сондай-ақ облыс бойынша жұмысбасты халықтың экономикалық белсенділігінің пайыздық өсімі көзге көрнекі, бүтіндей алғанда, 2016 жылы 95,05% -дан 2018 жылы 95,53% жетті [16,б.8].

Келесі 8 суретте Қарағанды облысы және Қарқаралы ауданы бойынша халқының жұмысбастылық көрсеткішінің өзгеруін қарастырамыз.

Сурет 8. 2016–2018жж. Қарағанды облысы және Қарқаралы ауданы халқының жұмысбастылық көрсеткіші

Келтірілген 7 суреті мен 8 суреті Қарағанды облысының соңғы жылдардағы еңбек нарығы жағдайын көрсетеді және ол жұмыссыздар деңгейінің төмендеуімен, жұмысбасты халықтың санының өсуімен сипатталады. 2018 жылы жұмысбасты халықтың саны Қарағанды облысы бойынша 657,5 мың адамға, ал Қарқаралы ауданы бойынша 23,784 мың адамға жетті. Жұмысбастылардың санының арту тұжырымдамасы қалыптасуда.

Келесі 9 сурет – 2016-2018жж. жалданып және өз бетімен жұмыс істейтін халық санының өзгеру динамикасын көруге болады.

 

Сурет 9. 2016-2018жж. жалданып және өз бетімен жұмыс істейтін жұмыскерлер санының өсуі

9 сурет бойынша 2016-2018 жылдар аралығында өзбетімен жұмыс істейтін жұмыскерлер санының динамикасы бойынша Қарағанды облысы бойынша саны 2016 жылы 583,2 мың адам болса, оның деңгейі 2018 жылы 0,8 пайызға өсіп 588,4 мың адамға тең болғанын көріп отырмыз. Ал Қарқаралы ауданы бойынша оның деңгейі 816 адамнан 927 мың адамға өзгеріп, өсу деңгейі (13,6) пайызды құрды.

Сурет 10. 2016-2018жж. Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы және Қарқаралы ауданы бойынша жұмыссыз халық саны көрсеткішінің өзгеру динамикасы, мың адам

Сонымен 10 суретте берілген мәліметтер бойынша Қарқаралы ауданында жұмыссыз халық саны 2017 жылы 0,822 мың адамды құрса оның деңгейі 2018 жылы азайып 0,803 мың адамға жетті [16]. Жалпы аудан бойынша жұмыссыздардың санының Қарағанды облысы бойынша жұмыссыздар саны ішінде үлес салмағын келесі 10 суреттен көруге болады.

Сурет 11. Қарқаралы ауданы бойынша жұмыссыздардың Қарағанды облысы бойынша жұмыссыздардың ішінде үлес салмағы

11 сурет бойынша Қарқаралы ауданы бойынша жұмыссыздардың Қарағанды облысы бойынша жұмыссыздардың ішінде үлес салмағы жылдан жылға өзгергенін көріп тұрмыз, және оның деңгейі егер 2016 жылы 3,04 пайызға тең болса, 2018 жылы 2,61 пайызға тең болды.

Бұл жалпы облыс бойынша жұмыссыздардың саны аудан бойынша жұмыссыздрдын санымен салыстырғанда әлде-қайда төмендеуіне байланысты.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.