Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Педагогикалық процестің құрылымы



Педагогикалық процестің құрылымы

 

   Педагогикалық процесс-тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық процесс- бірнеше элеметтен құрылатын жүйе.Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.

Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат-принциптер-мазмұн-әдістер-құралдар-түрлер.

Мақсат-ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн-мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірбиесінің бөлігі. Әдістер- мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру- қабылдуға арналған іс-әрекеттері. Құралдар- мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.

Педагогикалық процестің әдістемелік жүесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс-әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысылы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа дайындалуы, сабақты өткізу, сабақты талдау; экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау.

Педагогикалық процестің психикалық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).

Оқыту адамның қызметінің бір ғана түрі, ол екі жақты сипатта болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат- міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым-қатынастыары мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде: мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу- бұл оқушылар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде қаншалықты белсенділік танытқанымен, егерде ондай белсенділік оқушылар тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтижелі болмайды. Сондықтан, белгілі бір мақсатқа бағытталған мұндай өзара қарым-қатынаста біржақты көзқарас болмауы тиіс. Оқыту процесі тек мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу әрекетінен құралмайды, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар. Олар мыналар:


  1. Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыптың мақсат-міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді.

  2. Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді.

  3. Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал- тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.

  4. Оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және оқушының оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргізуі, оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы.


Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесекезеңдердентұрады:

 


  1. Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін (тапсырмаларды ) анықтау.

  2. Оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызу.

  3. Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру.

  4. Берілген білімді бекітуге басшылық ету.

  5. Білімді практикада қолдануға қаракет ету.

  6. Оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.


Оқыту процесінде мұндай басқару жүйесі оқушылардың білім алудағы таным әрекетінің ерекшеліктеріне байланысы, білімді жүйелі түрде ұғынуға мүмкіндік туғызады.

Демек, білімді бекіту кезінде жаңа білімді қайталау, жаттығу, практикада қолдану т.б. оқыту процесінің элементтері қолданылады. Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидиактикалық әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі болатынын ұмытпаған жөн.

Білім алудың мотивы мен мақсатын анықтау- белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Сөйтіп, ол оқушының білім алудағы әрекеті де мотив пен мақсатқа сәйкес іске асады .

Түрткі-әрекеттің себебін, оны неге жасау керектігін анықтайды.

Мақсат-әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиісті екенін анықтайды.

Баланың оқудағы негізгі түрткісінің бірі –қызығу .

Оқу жұмысының жемісті болуы, ең алдымен, балада білімге деген қызығушылықтың нәтижесі болып табылады. Мүмкін бала өзі оқуға талпынбаса, күшпен зорлап оқыту мүмкін емес. Қызығуды туғызу үшін оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, олврға нақты оқу міндеттерін үйрету керек.

Қызығуды туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың ішінен мына төмендегідей үш процесті атап көрсеткен пайдалы:

 


  1. Оқу материалының мазмұны (ондағы жаңалықтар, қазіргі ғылым мен техникадағы жаңа табыстар, оның прктика үшін пайдасы т.б.).

  2. Оқуды ұйымдастыру, басқару процесінің ерекшелітері (оның әдістері мен формалары т.б.). Мысалы оқытудың проблемалық сипаты, оқушылардың творчестволық және практикалық жұмыстарды өздігінен орындауы, көрнекі құралдары мен техникалық құралдар т.б.

  3. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері. Мысалы, сабақта мұғалім мен оқушылар арасында жылы шырайлы педагогикалық қарым-қатынастың болуы, еркін, жағымды ерекше жағдай, мұғалімнің көңіл-күйі, ақ жарқын болуы, оқушылардың бір-біріне көмек беруі, өзара ойын-жарыс ұйымдастыру т.б.

 

 


Жаңа оқу материалын танымдық қабылдау.

Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалын қабылдаудан басталады.Қабылдау-адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелеу процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдадан басталады. Ал, түйсік сананың сыртқы әлемімен байланысты. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелуін түйсік деп атайды.

Білімді жан –жақты меңгеру және түсіну үшін оқу материалын қабылдау- бақылау жеткіліксіз. Одан әрі оқушылар қорытындылар жасауға тиіс. Бұл оқушылардың білім мазмұнын жете түсініп, ұғынуы және белсенді де терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана жүзеге асады.

Ұғыну –бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну прцесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.

Ұғым, қарапйым және ғылыми ұғым екіге бөлінеді. Қарапайым ұғым дегеніміз баланың оқудан емес, өмірден көріп-білгендерінен туатын әртүтлі құбылыстар жөніндегі түсінігі. Ғылыми ұғымдар тек оқыту процесінде жинақталатын мәліметтер, қағидалар мен құбылыстар туралы білім, түсінік.

Ұғымның қалыптасуы-өте күрделі процесс, ол –оқушылардан белгілі ойлау амалдарын қолдануды тлап етеді. Ойлау-талдау (анализ), синтез, дерексіздендіру (абстракция), жалпылау сияқты операциялардан тұрады.

Оқушыларда ұғымды қалыптсатыру үшін мұғалім оларды осындай ойлау операцияларын қолдануға үйретеді.

Абстаракциялау деп заттардың негізгі қасиеттерін, оның екінші дәрежелі қасиеттерінен бөліп алып, жалпылап қаруды айтады.
Білімді бекіту.

Оқыту процесінде оқушылардың алған білімдерін бекітіп отырудың маңызы ерекше.

Бекіту- бұл оқушылардың білімді берік ұғынудың тиімді әдіс-тәсілі. Сабақта жаңа материалды қабылдаудан кейін бекіту әт түрлі практикалық, лабороториялық жұмыстар негізінде жүзеге асады.

Бекітудің бұдан да басқа әдіс-тәсілдері бар. Өтілген оқу материалын бөліктерге қайталап отыру: күнделікті қайталау, тақырыптық қайталау, есте қалдырудың тәсілдерін үйрету т.с.с.
Білім мен дағдыны практикада қолдану.

Білімді жан-жақты меңгеру, оны практикада қолдануды қажет етеді. Білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші практика. Егер оқушы білімді прктикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағандығынан, жете түсінбегеннен болады. Білімді практикада қолданудың оқу процесінде екі түрі жиі кездеседі. Бірінші-білімді жаңа материалды ұғыну үстінде қолдану, екіншісі-жаңа оқу міндеттерін шешу үстінде қолдану. Бұл кезде оқушы бұрын алған білімін жаңа мәселелерді шешуге байланыстырып, өздігінен әрекет жасай алады.

Білім мен дағды оқыту процесінде түрлі практикалық және лабороториялық жұмыстарда кеңінен қолданылады. Мұндай жағдайда оқушылар өздігінен бақылау, тәжірибе жасау, іздену әрекеттеріне негізделген жұмыстарды орындайды.
Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру, оны талдау және бағалау. Оқыту процесінде бұл жұмыс өз алдына дербес практикалық буын болып табылады және оқытудың әрбір кезеңінің құрамынан да орын алады.

Оқытудың білім алудағы жетістіктерін, табыстарын және мүмкіндіктерін талдап, айтып берудің және оны бағалаудың маңызы ерекше. Мұғалім мен оқушы үшін мұндай жұмыс, кибернетикалық тілмен айтқанда кері байланыс болып табылады. Мұны мұғалім оқытудың әрбір кезеңінде: жаңа білімді қабылдау, оны ұғыну, бекіту, практикада қолдану кездерінде іске асырады. Сонымен қатар бір жұмыс оқыту процесінің белгілі кезеңіндегі (тоқсан және жыл аяғында) дербес буын ретінде қолданылады.

Бағаны дұрыс қоюдың оқушылар үшін тәрбиелік маңызы ерекше: ол –оқуға деген стимул, мотив функцияларын атқаруы мүмкін.

Оқыту процесінің жоғарыда айтылған буындардың маңызы мен орнын бөлуімен қатар, олардың бімен өзара тығыз байланысты болатынын, біртұтас процессекенін ұмытпау керек. Сондықтап білім мен дағдыны меңгеру жолын біртұтас процесс деп қараған жөн. Ол – қабылдау, түсіну, бекіту, қолдану сияқты өзара байланысты құрамнан тұрады.


Бекіту сұрақтары

1.Педагогикалық процестің құрылымы қандай?

2.Оқытудың элементтерін атаңыз?

3. Қабылдау, түйсік, ұғыну сөздеріне анықтама беріңіз.

4. Білім мен дағдыны практикада қолдану.

 

Үй жұмысы

Тақырыпты түсініп оқу, бекіту сұрақтарына жауап жазу.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.