Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Биотехнология негіздері». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. тест спецификациясы. Тақырыптың мазмұны. иындық деңгейі. Тапсырмалар саны



 «Биотехнология негіздері»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

тест спецификациясы

(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М082 – Биотехнология     

Шифр білім беру бағдарламалар тобы

3. Тест мазмұны: Тестіге «Биотехнология негіздері» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.

Тақырыптың мазмұны

Қиындық деңгейі

Тапсырмалар саны

Биотехнологияның қазіргі жағдайы және даму перспективалары. Биотехнологияның даму тарихы. Биотехнологияның негізгі даму кезеңдері. Биотехнологияның басқа биологиялық және техникалық ғылымдарымен байланысы. А  1
Биотехнологиялық үрдістің кезеңдері және биотехнологиялық үрдісті іске асыру негіздері. Биотехнологиялық үрдістің ерекшеліктері. Биотехнологиялық үрдістің кезеңдері.Биотехнологиялық үрдісті іске асыру негіздері. А
Шикі заттың технико-экономикалық тиімділігі, өндірістік штамм микроорганизмдерінің соңғы өнімнің, асептикалық жағдайлардың және масштабтаудың технологиялілігі. Шикі заттың технико-экономикалық қолжетімділігі, өндірістік биологиялық нысандарды өсіру технологиясы. Өсімдік және жануарлар клеткаларынан әртүрлі өнімдерді алудың негізгі технологиялық ерекшеліктері.   А  
Микроорганизмдер, жануарлар және өсімдік клеткаларының типтік тәсілдері және дақылдау ерекшеліктері. Дақылдау клеткаларының биологиясы. Азот, фосфор, көміртегі және микроэлементтердің негізгі көздері. Жаңа шикізат көздерін зерттеу (алдын ала өңдеу ерекшеліктерін қарастыру), жаңа қоректік орталарды дайындау, соның ішінде биостимуляторларды және биосинтез үрдістерін оптимизациялауда элементтерді басқару. Қоректік орталарды оптимизациялау әдістері. А  
Асептикалық жағдайларды қамтамасыз ету әдістері. Термиялық залаласыздандыру тәртіптері. Сұйық, ауа, құралдарды залалсыздандыру тәртіптері. Бақылау үлгілерін асептикалық алу әдістері. А  
Ферментация (биологиялық нысандарды дақылдау). Биосинтез шикізаты және оның биологиялық құндылығын бағалау. Ферментациялау үрдістерін масштабтау негізгі принциптері. А  
Өсімдіктер мен жануарлар клеткалық инженерия әдістері. Эмбриоинженерия және химераларды алу әдістері. Өсімдік клеткаларды сомалық будандастыру. Сомаклоналдық варианттар. В  
Өсімдіктер және жануарларды клондау технологияның әдістері. Құнды және жойылып бара жатқан өсімдіктердің жабайы түрлерін көбейту және дәрілік өсімдіктерін клондау әдістері. Апикалды меристема дақылы. Өсімдік материалын сауықтыру технологиясы және вируссыз көшет материалын алу әдістері. В  
Адам, жануарлар және өсімдіктерді жасанды ұрықтандыру әдістері. Өсімдіктерді in vitro ұрықтандыру (алшақ будандастыру кезінде прогамды сәйкессіздікті жеңу). Өсімдіктердің ұрық культурасы (эмбриокультура – түраралық будандастыру кезінде постгамды сәйкессіздіктен өткізу). Өсімдіктердің "жасанды" ұрықтарды алу. Трансплантация және эмбриондардың түраралық трансплантациясы. В  
Продуценттерді құрастыру әдістері: селекция, рекомбинантты ДНҚ алу әдістері, гибридомды технология. Рекомбинантты ДНҚ алу әдістері. Организм және жеке клеткалар деңгейіндегі генетикалық трансформация. Жануарлар, өсімдіктер және микроорганизм клеткаларына бөтен ДНҚ – ны еңгізу. В  
Ауыл шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер. Гаплоидты технология. Гаплоидты технология әдістерімен селекциялық үрдісті жылдамдату (андро- және гиногенез әдістері). Өсімдіктердің клеткалық селекция әдістері. В  
Иммобилизденген клеткалар және ферменттер. Иммобилизденген клеткалар және ферменттер. Жалпы сипаттамасы, биотехнологияда қолдану ерекшелігі. Негізгі тасымалдаушылардың жіктелуі және иммобилиздеу әдістері. В  
Биомасса, аминқышқылдар, ферменттер, антибиотиктер, бакпрепараттарды алудың типтік сызба нұсқасы. Органикалық қалдықтарды қайта өңдеу, ағын суларды тазалау. Органикалық синтез негізінде өсімдік, жануар және микробтық шикізаттардан тағамдық биологиялық белсенді заттарды алу әдістері. Шарап өндірісіндегі екіншілік шикізат өнімдерін қайта жасап шығару технологиясы. Органикалық қышқылдар өндірісі. Сүт өнімдерін даярлаудағы биотехнологиялық ерекшеліктер. Микробтық тыңайтқыштар және биопестицидтер өндірісі. Өсімдік биомассасынан тиімді азықтық препараттарды жасау. С  
Биологиялық белсенді қосылыстарды бөліп алу, тазалау және тестілеу. Соңғы өнімді модификациялау. Биосинтез өнімдерін тазарту және бөліп алу сатыларының типтік технологиялық әдістері. Тірі биопрепараттардың және биоөнімдерді кептіру. Биотехнология өндірісінің қалдықтары, оларды залалсыздандыру және утилизациялау. С  
Ген қорын in vitro сақтау әдістері. Генофондты сақтау. In situ, ex situ, in vitro гермаплазманың консервациясы (сақтау). Өсімдік және жануарлар нысандарды криосақтау (мұздатып сақтау). Криосақтаудың тәсілдері: баяу және тереңдік мұздату, жылдам және бақылау жағдайда мұздату. Криопротекторлардың түрлері. С  


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.