Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Биотехния және жабайы жануарларды өсіру»



«Биотехния және жабайы жануарларды өсіру»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М133    - Орман шаруашылығы»

шифр       білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны: Тестіге «Биотехния және жабайы жануарларды өсіру» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсырмалар саны
Биотехниканың пәні мен міндеттері А
Биотехникалық іс-шаралардың жіктелуі В
Орман ортасында тамақтану ерекшеліктері А
Аңшылық жануарлардың популяцияларын сауықтыру және сапаны жақсарту жөніндегі іс-шаралар В
Жабайы жануарларды қоректендіру В
Минералды қоректендіру А
Алқаптардың азықтығын арттыру. Жемдік қорғаныш өсімдіктері В
Ремизді орнату және ремизді учаскелерді таңдау С
Жерсіндіру және реакклиматизация. Жабайы жануарларды қоныстандыру А
 Аң шаруашылығына зиян келтіретін аңдар мен құстардың санын реттеу С
Жабайы жануарларды селекциялық іріктеу С
Жыртқыштарының құстардың экологиясы және күзеті, жүйелі жағдайы А
Жыртқыш құстарды ұстау әдістері және вольерлерге қойылатын талаптар В
Жыртқыш құстардың түрлі түрлерін өсіру ерекшеліктері С
Балапандарды азықтандыру және өсіру С
  Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және өнімділігін арттыру сұрақтарын қарастырады. Аңшылық шаруашылығында биотехниялық шаралардың және жабайы жануарларды өсірудің рөлі. Жабайы жануарлардың табиғат процестері мен экосистемалары және мекен орталарының өзгеруінде адам қызметінің рөлі. Аңшылық алқаптарының қорғанышық және ұялау сапасын жақсарту. Аңшылық алқаптардың азықтық қорын жақсарту. Аңшылық жануарларын қоректендіру.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Биотехнические мероприятия в охотничьем хозяйстве – Оренбург: Издательский центр ОГАУ, 2009. – 149 с

2. Артюховский А.К., Основы биотехнии. Воронеж: ВГЛТА, 2011.

3. Б.Ф. Бессарабов, В.А. Остапенко Б53 Хищные птицы. Диагностика, лечение и профилактика заболеваний; методы содержания. 2011.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.