Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ық негіздері» - пәні бойынша емтиханға арналған сұрақтар



«Құқық негіздері» - пәні бойынша емтиханға арналған сұрақтар

 

1. Келісім – шарт теориясы бойынша мемлекеттің пайда болуына негіз болды... Адамдардың ерікті келісімі

2. Патриархалдық теория бойынша мемлекеттің пайда болуына негіз болды…Отбасы

3. Материализм мемлекеттің пайда болуының қандай негізгі факторларын атайды? Таптардың пайда болуы

4. Теологиялық теория бойынша мемлекеттің пайда болуына негіз болды…Жоғарғы сана мен Құдайдың еркі

5. Мемлекеттің шығыс типінің негізгі белгісі –  Жерге мемлекеттік қоғамдық меншіктің болуы

6. Мемлекеттің Батыс типінің негізгі белгісі – Биліктің бастауы болып меншіктің табылуы

7. Мемлекеттің негізгі белгілері қандай? Белгілі бір аумаққа тарайтын дербестік

8. Құқықтың негізгі белгісі: Жалпыға міндеттілік нормативтілік

9. Құқық дегеніміз… Мемлекет орнықтырған, жалпыға міндетті ережелер

10. Марксистік ілім бойынша мемлекеттің негізгі мақсаты не? Бір таптығ диктатурасын орнату

11. Мемлекет функциясы әрекет ету мерзіміне қарай қандай түрлерге бөлінеді? Тұрақты, уақытша

12. Құқықтық норма дегеніміз? Қоғамдық қатынастарды реттеу үшін қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі

13. Құқықтық норманың жүзеге асырылуының шарты мен iс әрекетке барғызу жағдайын анықтайтын құқық нормасының элементін атаңыз? Гипотеза

14. Құқықтық нормалар құқық салалары бойынша қалай сараланады? Азаматтық құқықтық нормалар, қылмыстық құқықтық нормалар

15. Құқық нормасында адамның жүріс – тұрысына әсер етудің қандай әдістері бекітіледі? Тыйым салу. Міндеттеу, өкілеттік беру

16. Құқықтық қатынастарға қатысу үшiн құқық субъектiлерi қандай қасиеттерге ие болуы тиiс?Олардың құқық, әрекет қабілеттіліктері болу тиіс

17. Құқықтық нормалардың элементтері? Диспозиция, Гипотеза, Санкция

18. Диспозиция деген не? Қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді

19. Гипотеза деген не? Диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акт қалай орындалуы керек екендігін білдіреді

20. Санкция деген не? Диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз салдары мен жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы

21. Құқық нормасының басқа әлеуметтік нормалардан басты ерекшелігін атаңыз? Жалпыға міндеттілігі, нормативтілігі

22. Құқық бұзушыға жағымсыз әсер ететін шараларды бекітетін ереже норманың қандай элементіне жатады? Санкция

23. Құқық нормасын талқылау дегеніміз... Заң мағынасын түсіну

24. ҚР Президенті дегеніміз: Мемлекет басшысы және жоғарғы лауазымды тұлға

25. ҚР Парламенті дегеніміз: Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган

26. Судья болу үшін қойылатын жас мөлшері: 25

27. Республиканың Бас прокурорын кім қызметке тағайындайды: Парламент Сенатының келісімімен Республика Президенті

28. Бас прокурор болу үшін қойылатын жас? 35

29. Заңшығарушылық бастама құқығына кім ие бола алады: ҚР Президенті. Парламент депутаттары, Үкіметі, Мәжіліс

30. Әкімнің шешімдері мен өкімдер тоқталуы мүмкін: ҚР Президенті

31. Қазақстан Республикасы Үкіметі өзінің бүкіл қызметінде кімнің алдында жауапты: ҚР Президенті

32. Қазақстан Республикасының Конституциясыны сәйкес жергілікті атқарушы орган болып саналады: Маслихат

33. Әкімшілік жазаның мақсаты: Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, заң талаптарын сақтау, құқық тәртібін құрметтеу, жаңа құқық бұзуды алдын алу

34. ҚР Үкіметі кімнің алдында жауапты? ҚР Президенті

35. Әкімшілік-құқықтың субъектілері болып табылады: Жеке тұлғалар

36. Азаматтық құқық мүліктік қатынастармен қатар қандай қатынастарды реттейді: Жеке мүліктік емес

37. Әкімшілік айыппұл немен өлшенеді? Айлық есептік көрсеткішпен

38. Өз әрекеттерімен азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру қабілеттілігі, ол: Әрекет қабілеттілік

39. Әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтын тұлға: 14 жастағы тұлға

40. Әкімшілік мәжбүрлеу әдісіне жатпайды: Сендіру

41. Жеке тұлға ұғымына не кіреді: ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетел азаматтары

42. Азаматтың құқық қабілеттілігі қашан басталады: Ол туған кезден бастап

43. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі – бұл: Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі

44. Қандай орган азаматты әрекет қабілеттілігі жоқ деп таниды: Сот

45. Мәміле - бұл: Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған іс-әрекеттері

46. Азаматтық заңмен қандай қатынастар реттеледі: қатысушылардың теңдігіне негізделген товар-ақша және мүліктік қатынастары сондай-ақ мүлікпен байланысты өзге жеке мүліктік емес қатынастар

47. Азаматтық Кодекстің Жалпы бөлімі қашан қабылданды? 1994 жылы 27 желтоқсан

48. Мәміле нысаны бойынша қандай түрге бөлінеді? Ауызша, жай және нотариалдық жазбаша

49. Азаматтық құқық жүйесін көрсетіңіз? Жалпы, Ерекше

50. Азаматтық заңдылық бойынша жеке тұлға бұл: ҚР азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар

51. Күштеу теориясына сәйкес мемлекеттің пайда болуының себептері:Басып алу, оның үстінен үстемдік орнату

52. Мемлекеттің пайда болуы туралы «келісім-шарт теориясының» өкілдерін атаңыз: Гроций, Гоббс, Руссо, Радишева

53. Мемлекет функциясы нені білдіреді? Мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын

54. Қандай функция мемлекеттің кез-келген типіне тән? Шаруашылық-ұйымдастырушылық

55. «Құқық дегеніміз үстем таптың заңға айыналдырған еркі» деген анықтаманың авторы кім? Маркс, Энгельс

56. Мононорма дегеніміз: Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік нормалар

57. Құқықты Құдай жаратты деп санап, оны мәңгілік құбылыс деп танитын теория? Теологиялық теория

58. Құқықтың тарихи мектебінің негізін қалаушылар? Гуго, Савиньи, Пухта

59. Төменде мемлекетке берілген анықтамалардың қайсысы оның қазіргі таңдағы түсінігіне сәйкес келеді? Мемлекет бұл адамдардың бірігіп өмір сүру үшін бірлесудің тәсілі

60. Қазіргі заманда құқықтың мазмұнына қарай жіктеу түрлері: Формациялық және Цивилизациялық

61. Моральдық нормалардың құқықтық нормалардан айырмашылығы: Мемлекеттік органдар бекітпейді

62. Құқықтық нормалардың негіздерінің үш түрі болады: материалдық, идеалды, заңды



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.