магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2020дан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Құрастырылу мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2.Міндеті:Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М097 - Химиялық инженерия және процестер
Шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Бейорганикалық химия» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№
Тақырыптың мазмұны
Қиындық деңгейі
Тапсырмалар саны
Химиялық кинетика
Химиялық реакциялардың жылдамдығы туралы түсінік. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әрекеттесуші заттардың концентрациясының әсері. Реакция жылдамдығының константасы. Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері (Вант-Гофф заңы, Аррениус теңдеуі). Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті. Реакция жылдамдығына катализатордың әсері.
A
Электролиттердің сулы ерітінділері
Ерітінділердің концентрациясы және анықтау әдістері: (массалық үлес, молярлы және нормальды (эквивалентті) концентрация, титр). Аррениустің электролиттік диссоциациясы теориясы. Әлсіз және күшті электролиттер. Электролиттік диссоциация дәрежесі. Ерітіндідегі иондық реакциялар. Ерігіштік көбейтіндісі. Судың электролиттік диссоциациясы.
A
Сутегінің, көміртегінің және кремнийдің химиясы
Сутегінің лабораторияда және өндірісте алыну жолдары, оның физикалық және химиялық қасиеттері. Металдармен және бейметалдармен сутегінің қосылыстары. Сутегінің практикада қолданылуы. Көміртегінің химиялық қасиеттері. Көміртегінің оттекті қосылыстары: көміртегі (II) оксиді. Карбонаттар, гидрокарбонаттар. Кремний.
В
Табиғатта кездесуі. Кремнийдің лабораторияда және өндірісте алу жолдары, оның физикалық және химиялық қасиеттері. Кремнийдің (IV) оксиді. Кремнийдің қышқылы, тұздары.
VI –топ негізгі топша элементтері. Оттегі. Күкірт.
Валенттік байланыс әдісі және молекулалық орбитальдар әдісі бойынша оттегі молекуласындағы химиялық байланыс. Оттегі физикалық және химиялық қасиеттері. Оксидтер: классифика-циясы, алыну жолдары және қасиет-тері. Оттегінің аллотро-пиясы. Озон, оның қасиеттері, табиғатта түзілуі. Су және сутегі пероксиді. Күкірт. Күкірт аллотропиясы. Күкірттің сутектік қосылыстары: күкіртсутек, алынуы, физикалық және химиялық қасиет-тері, сульфидтер. Күкірттің оттекті қосылы-стары: күкірт (IV), (VI) оксиді, физикалық және химиялық қасиеттері. Күкірт қышқылы, сұйытылған және концентрленген күкірт қышқылының қасиеттері. Күкірт қышқылының тұздары.
В
Азоттың және фосфордың химиясы
Валенттік байланыс әдісі және молекулалық орбитальдар әдісі бойынша азот молекуласындағы химиялық байланыс, оның тұрақтылығын түсіндіру. Азоттың сутектік қосылыстары: аммиак, лабораторияда және өндірісте алу жолдары, оның физикалық және химиялық қасиеттері, аммоний тұздары. Азоттың оттекті қосылыстары: азот (I, IV, V) оксидтері, азот қышқылы, химиялық қасиеттері, металдармен және бейметалдармен әрекеттесуі. Фосфор. Фосфордың аллотропты түр өзгерістері, олардың қасиет-тері. Алынуы және фосфордың химиялық қасиеттері. Металдар фосфиді, фосфиндер. Фосфордың отекті қосылыстары: Фосфор оксидтері, фосфордың қышқыл-дары. Ортофосфор қышқылының тұздары, олардың практикада қолданылуы. Фосфор тыңайтқыштары.
В
Металдары:натрий, калий, магний кальций, темір, алюминий
Натрий. Калий. Алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері. Натрий, калий қосылыстары: гидридтері, оксидтері және гидроксидтері, пероксидтері, тұздары. Калий, натрий және олардың қосылыстарының қолданылуы. Калий тынайтқыштары. Магний. Кальций. Алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері. Магний қосылыстары: гидриді, оксиді және гидроксиді, тұздары. Сөндірілген және сөндірілмеген әк. Судың кермектілігі және оны жою жолдары. Магний, кальций және олардың қосылыста-рының қолданылуы. Алюминий. Алынуы, оның физикалық және химиялық қасиеттері. Алюминийдің және оның құймаларының қолданылуы. Алюминийдің маңызды қосылыстарының қасиеттері және алынуы. Темір. Физикалық және химиялық қасиеттері. Темірдің (II және III) оксидтері және гидроксидтері. Ферриттер және ферраттар. Темірбалқымалары. Темірдің және оның қосылыстарының қолданылуы.
С
Галогендердің металдармен және бейметалдармен қосылыстары
Фторсутек, хлорсутек, тұз қышқылы, лабораториялық және өндірістік алыну жолдары, оның физикалық және химиялық қасиеттері. Хлор, фтор және оның қосылыстарының қолданылуы. Металдар хлоридтер және фторидтер.