ҚАУЛЫСЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
25.01.2021 ж. № 4
Қостанай қаласы город Костанай
Қостанай облысының бас мемлекеттік
санитарлық дәрігерінің 06.01.2021 жылғы
№ 1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, "Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына, "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ № 67) және Қостанай облысының тұрғындары арасында covid-19 (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында "Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысымен сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" Қостанай облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"25) 180 адамға дейінгі контингенті бар, сыныптардағы балаларының саны 15 адамға дейінгі мектептердің; ата-аналарының өтініші бойынша мектепалды, 1-4-сыныптардағы білім алушылар үшін білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтаған кезде жұмыс істеуіне рұқсат беру; қалғандары қашықтық форматта оқиды»;
2) 1-тармақтың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"26) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін тек қашықтықтан оқыту форматында оқыту»;
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы 2021 жылғы 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 2021 жылғы 10 ақпан сағат 00:00-ге дейін қолданылады.
Қостанай облысының бас
мемлекеттік санитарлық дәрігері Е. Даулетбаев
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|