Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бетон технологиясы». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М125 Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарыны



«Бетон технологиясы»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М125 Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі

шифр                     білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны:  Тестіге «Бетон технологиясы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсырмалар саны
Бетонның жіктелуі А, С 1, 1
Бетон араласпасы А, В 1, 1
Бетонның құрылым түзуі А, В 1, 1
Бетон технологиясындағы түрлендіргіштер В, С 1, 2
Бетонның қатаю процесіне әртүрлі факторлардың ықпалы А, В 1, 1
Бетон қасиеттері: беріктігі, физикалық ерекшеліктері В, С 1, 1
Пайдалану жағдайының бетон қасиеттеріне әсер етуі. Бетон коррозиясы В, С 1, 1
Бетон құрамын жобалау негіздері В, С 1, 1
Бетон түрлері А, В 2, 1

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары осы пән бойынша типтік оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптарға сәйкес келеді

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

 

 

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Ақмалаев К.А. Бетонтану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2012. – 241 б.

2. Баженов Ю.М. Технология бетона: Учебник. пер. – М.: Издательство АСВ, 2011.-528с.

3. Несветаев Г.В. Бетоны: учеб. пособие. - Изд. 2-е, доп. и перераб. - Р/н Дону: Феникс, 2013.- 381 с.

4. Белов В.В. Технология и свойства современных цементов и бетонов: учеб.пособие.-М: Издательство АСВ, 2014. - 281 с.

5. Зоткин А.Г. Бетоны с эффективными добавками.- М.:Издательство .-М.:Инфра-инженерия, 2014 .-160 с.

6. Дворкин Л.И., Дворкин О.Л. Специальные бетоны: учеб.пособие. – М.: Инфра-инженерия, 2013.-448 с.

7. Шахова Л.Д. Технология пенобетона. Теория и практика.- М.: АСВ, 2010.- 248 с.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.