|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Балық аулау». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М134 - Балық шаруашылығы»«Балық аулау» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ (2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген) 1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау. 2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау: М134 - Балық шаруашылығы» шифр білім беру бағдармалар тобы 3. Тест мазмұны: Тестіге «Балық аулау» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: «Балық аулау» пәні тест тапсырмаларында табиғи суқоймалардан балықтарды кәсіптік аулауды ұйымдастыру мәселелері, аулау құралдарының түрлері, олардың жіктелуі, балықтарды аулау технологиялары және балық аулаудың жаңа түрлері қарастырылады. 5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты: Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут 6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны: Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма. Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі: - жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%); - орташа (B) – 12 тапсырма (40%); - қиын (C) – 9 тапсырма (30%). 7. Тапсырма формасы: Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек. 8. Тапсырманың орындалуын бағалау: Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл беріледі, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі. 9.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1. Айнабаева Н.С., Сапарғалиева Н.С., Асылбекова А.С. Аквакультура, Агроуниверситет, 2012ж. 2. Нұрғазы Қ.Ш., Асылбекова А.С. Өнеркәсіптік балық аулау. Оқулық. Алматы, 2012ж. 3. Ысқақов М.М., Бөлекбаева Л.Т. Балық аурулары. Оқу құралы. Алматы, 2008. 4. Нұрғазы Қ.Ш., Асылбекова А.С., Кегенова Г.Б. Өнеркәсіптік балық аулау негіздері (оқулық). Алматы. 2013. – 403 б. 5. Пекли Й., Махатов Б.М., Рысулы М., Кулатаев Б.Т. Индустриализация технологии в рыбоводстве. Учебник. Казахстан – Венгрия 2014г.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|