Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Археография» пәні бойынша



 «Археография» пәні бойынша

магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

M069 - Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және архив ісі

Шифр          білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны:Тестіге «Археография» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны Тапсырмалар саны Қиындық деңгейі
Археографияның ғылыми және оқу пән ретінде түсінігі. Мәдени мұраны насихаттау және құжаттық ескерткіштерді сақтаудада археографиялық басылымдардың маңызы. Археографиялық қор ғылыми және мәдени мұраның маңызды құрамының бірі. А
Археографияның теориялық негіздері. Археография ұғымы, оның тарихи дамуы. Далалық, камералық және эдиционндық археографияның рөлі мен орны. Тәжірибелік археографияның дамуы. Құжаттарды жариялау жұмыстарының нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етілуі. С
Қазақстанда археографияның даму тарихы. Қазақстанның революцияға дейінгі археографиясы. Орынбор мұрағаттық ғылыми комиссиясының қызметі. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан археографиясы. Тарихи ғылымындағы, архив ісі және баспа ісіндегі түбегейлі өзгерістер және олардың археографияның дамуына тигізген әсері. Партия тарихының археографиялық қызметі. Партия тарихының басылымдары саяси партиялар тарихы бойынша басылымдардың кешенді моделі ретінде. А
ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы археографияның дамуы.  Қазақстандағы архив мекемелерінің археографиялық қызметі. Мемлекеттік бағдарламалар және тәуелсіз Қазақстан археографиясының мәселелері. Құжаттарды жариялау тәжірибесі және археографиялық қордың құрамы. А
Археографияда ғылыми басылым түсінігі. Басылымның объектісі. «Тарихи деректерді жариялау» түсінігі. Құжаттардың жедел және ретроспективті басылымдары: жалпы белгілері және ерекшеліктері. Басылымның функциялары. В
Құжаттық басылымдарды жіктеу. Құжаттық басылымдардың типологиясы: Ғылыми, ғылыми-көпшілік, оқулық типтегі басылымдар.  “Басылымның тұрпаты” түсінігі. Қордық, тақырыптық, бір түрдегі құжаттар басылымдары. Басылымдардың нысандары және тәсілдері. Баспалық басылым: кешен, серия, жинақ, альбом, мерзімді баспа және жалғасатын басылымдар. Электрондық басылымдар: мультимедиа, CD – дискілер, мәліметтер базасы, Интернет. С
Құжаттарды анықтау. Құжаттарды басылымға шығару үшін әсер ететін негізгі факторлар: тарихнамалық, архивтанулық және деректанулық. Тақырып түралы түсінік. Құжаттарды объективті өлшемдері бойынша басылымға дайындау (қордық және түрлік баспалар). Деректерді анықтау көзі. Жеке текті құжаттарды, статистикалық материалдарды, картографиялық құжаттарды, ғылыми-техникалық құжаттарды және аудиовизуалды құжаттаманы анықтау ерекшеліктері. В
Басылым үшін құжаттарды іріктеу. Басылым үшін құжаттарды іріктеу кезеңдері: іздестіру барысында алдын ала және барлық құжаттар кешені табылғаннан кейін және басылымның құрылымы анықталған соң соңында жүргізіледі Басылым үшін құжаттарды іріктеудің методологиялық негізі: тарихилық, кешендік, жан-жақтылық және объективтілік принциптері. Құжаттарды іріктеудегі субъективтілік.  Іріктеудің репрезентативтілігі туралы түсінік, репрезентативтілік өлшемдері. Ғылыми түрдегі басылымдар үшін құжаттарды іріктеу. Ғылыми-көпшілік және оқу түрлеріндегі құжаттарды басу үшін іріктеу. В
Құжаттардың мәтінін таңдап алу. Мәтінін деректерін анықтау технологиясы. Мәтінін деректер кешенің таңдау. Редакция. Тізім. Нұсқа. Түпнұсқа. Екінші дана. Көшірме. Негізгі мәтінді таңдау мәселесі. Құжат мәтінін арақатынастары. Ерте кезеңдегi құжаттардың негiзгi мәтiнiн таңдау ерекшеліктері. Ресми және ресми емес құжаттардың негiзгi мәтiнiн таңдау әдістемесі. С
  Құжаттардың мәтінін беру. Басылымға дайындайтын мәтінді беру тәсілдері (түсіру тәсілдері). Баспаның дипломатиялық тәсілдері. Мәтінді түсірудің ғылыми сыни тәсілдері. Негізгі принциптері. Мәтінді сынау түсінігі. Ежелгі, жаңа және қазіргі кезеңдердегі құжаттар мәтінін түсіру жұмыстары. Шет тілдік құжаттар мәтінін түсірудегі талаптар. Құжаттардың мәтінін берудегі мәтіндік түсініктемелер. В
Деректі қысқартылған түрде жариялау. Қысқартулардың мақсаты мен міндеттері. Құжат мәтінін қысқартылған түрде беру: құжаттың мәтінін қысқаша беру.          Құжаттар мазмұнын қысқартылған түрде беру, оның археографиялық басылымдарда алатын орны мен маңызы. Регестілердің типтері мен түрлері. Кестені құрастырудағы тәсілдер мен түрлері. С
Құжаттардың археографиялық безеңдірілуі. Археографиялық безендірілудің кезеңдері. Жарияланатын құжаттың тақырыпшасы, оның міңдеттері, элементтер құрамы, орналастыру тәртібі. Қысқартылған және топтастырылған тақырыпшалар. Жеке құжаттың тақырыпшасының атауы. Құжат атауын құрастыру әдістемесі және деректері.  Баян (бақылау – анықтамалық мәліметтер), оның міңдеттері, құрамы, орналастыру жері. Баянды қысқарту мүмкіншілігі. Баянды құрастыру деректері. А
Ғылыми-анықтамалық аппарат құрамы.  Алғы сөз, оның міңдеттері және әр басылымның қажеттілігі. Алғысөз құрамы: тарихи және археографиялық бөлімдері, олардың функциялары. Ескертпелер және түсініктемелер. Олардың құрамы, негізгі тәсілдері және құрастыру әдістері. Мәтіндік және құжаттардың мазмұны бойынша түсініктемелер. Көрсеткіштер. Олардың міңдеттері және түрлері.Көрсеткіштер  нысандары, оларды құрастыру тәсілдері. Хроника, оның міңдеттері, құрамы. Хроникалардың түрлері. Терминологиялық сөздік, оның міңдеттері және құрастыру мүмкіншілігі. Қысқартылған тізім: жарияланатын деректердің тізімі,  анықталған деректердің тізімі. Жарияланбаған құжаттар, атауы, библиографиясы, қосымшалар, кестелер. Оларды құрастыру әдістері мен тәсілдері, баспадағы тағайындалуы және орны. В 
Құжаттар жинағы қолжазбасының баспаға дайындығы. Құжаттарды жүйелеу, оның бағытталуы және маңызы. Археографиялық басылымның құрылымы. Басылым элементтерінің құрамы. Құжаттарды топтау принциптері. Редакциялық–баспалық процесс: мәні және сатылары. Редакциялық алқаның функциялары. Құрастырушы ұжымының функциялары. Баспаға дайындаған құжаттар жинағы қолжазбасына пікір беру. Баспаға дайындаған құжаттар жинағы қолжазбасын бекіту. Баспаға қолжазбаны тапсыру және оны корректеу. С

Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмаларының мазмұны археография ғылымының қалыптасуы және дамуы, ғылымның негізгі әдістері, әр түрлі құжаттарды жариялау ерекшеліктері, құжаттардың археографиялық өңдеу практикасы, құжаттық басылымдарды даярлаудың ұйымдастырушылық негіздерін қамтитын көпаспекті мәселелерді құрайды.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілгенбір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. «Ұлттық архив қоры жңне архивтер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-I Заңы (2018.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2. Положение о Национальном архивном фонде Республики Казахстан» от 7 октября 1999 года № 1538 // http://adilet.zan.kz

3. Правила издания документов Национального архивного фонда» от 16 ноября 2011 года № 349 // http://adilet.zan.kz

4. Абуталиев Т. Архивное наследие Казахстана за рубежом // Архивы Казахстана. - 2001. -№ 2(25).  -С. 98-99.

5. Адаменко А.М. Археография: история и современное состояние : учебное пособие . - Кемерово : Кемеровский гос. ун-т, 2013. - 207 с.

6. Алпысбаева Н.К. Қазақстандағы археографияның қалыптасуы және қазіргі кездегі дамуы // Тарихи дерек: археография және деректанудың қазіргі мәселелері. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. - Б. 23-28.

7.Археография : дәрістер курсы ред. Шумейко М. Ф. / Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы ; аударғандар : А. М. Рахымбаева, А. К. Мақұлжанова, А. К. Орынбаева. – Алматы, 2016. – 166 б.

8.Валк С. Н. Избранные труды по археографии. Научное наследие. СПб., 1991.

9. Жанаев Б.Т. Археографическая деятельность государственных архивов независимого Казахстана: итоги и перспективы // Архивы Казахстана. - 2001. - № 2(25). - С. 48-55.

10. Козлов В.П. Основы теоретической и прикладной археографии. – М::РОССПЭН, 2008. -224 с.

11. Королев Г.И. Археография: Учеб. пособие. –М.: РГГУ, 1996. -112 с.

12. Қазақстан Республикасы мұрағат мекемелерінің баспа басылымдары: (2006-2010 жж) : библиографиялық көрсеткіш / Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы ; құраст.: Ғ. Т. Исахан, Ж. Капаева, А. М. Рахымбаева. – Алматы, 2011. – 68 б.

13. Қазақстан Республикасы мұрағат мекемелерінің баспа басылымдары. Библиографиялық көрсеткіш. 2011-2015 жж. / Құраст.: А. Абдрахманова. – Алматы : Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы, 2016. –115 б

14. Мeтoдичeскиe рeкoмeндaции пo пoдгoтoвкe нaучнo-спрaвoчнoгo aппaрaтa при публикaции дoкумeнтoв пo истoрии нoвeйшeгo врeмeни. –Aлмaты, 2008. – 78 с.

15. Oбзoр aрхeoгрaфичeскoй прoдукции и спрaвoчнo-инфoрмaциoнных издaний зa 1994–2010 гг. Aлмaты: Aрхив Прeзидeнтa Рeспублики Кaзaхстaн, 2010. – 134 с.

16. Памятка по публикации визуальных документов. Сост.: Чиликова Е.В. –Алматы, 2015. -12 с

17. Сексенбаева Г.А., Алпысбаева Н.К. Нормативно-методическая база  археографии: исторический аспект // Вестник КазНУ. Серия история. – 2016. -№3 (83). – С. 21-33.

18. Степанский А.Д. Археография отечественной истории ХХ в. - М::РГГУ, 2004. -212 с.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.