Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





рылыс материалдары». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М124 Құрылыс. Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны



«Құрылыс материалдары»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М124            Құрылыс

шифр                білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны: Тестіге «Құрылыс материалдары» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны Қиын-дық деңгейі Тапсыр малар саны
Құрылыс материалдарының жіктелуі, құрылымы, құрамы және қасиеттері А,В,С 1,2,2
Табиғи тас материалдар және құрылыс материалдарын өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттар А,В,С 1,2,1
Минералдық шикізатты жоғары температуралық өңдеумен алынатын құрылыс материалдары: керамика, әйнек, металлдар А,В,С 2,1,2
Бейорганикалық байланыстырғыш заттар А,В,С 1,2,1
Бетондар және құрылыстық ерітінділер А,В,С 2,1,1
Органикалық шикізат негізіндегі құрылыс материалдары: ағаш негізіндегі материалдар, полимерлік материалдар А,В,С 1,2,1
Арнайы тағайындалатын құрылыс материалдары: гидроизоляциялық, герметикалық, жылуизоляциялық, акустикалық және әрлеулік материалдар А,В,С 1,2,1

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары осы пән бойынша типтік оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптарға сәйкес келеді

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

-жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);

-орташа (B) – 12 тапсырма (40%);

-қиын (C) – 9 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл беріледі, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Бисенов Қ.А., Нарманова Р.Ә., Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «Издат Маркет», 2008. – 224 бет

2. Кулибаев А.А., Бишімбаев У.Қ., Қасымов Е.О. Құрылыс материалдарынан зертханалық жұмыстар: Оқу құралы. – Алматы: Триумф «Т», 2009. – 368 б.

3. Жақыпбеков Ш.Қ., Ибраимбаева Г.Б. Әрлеу материалдарының технологиясы. Оқу құралы. – Алматы: ҚазБСҚА, 2012. – 188 б.

4. Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос. – М.: ИАСВ, 2007. – 536 с.

5. Дворкин Л.И., Дворкин О.Л. Строительное материаловедение. – М.: Издательство «ЦентрЛитНефтеГаз», 2013. – 832 с.

6. Мещеряков Ю.Г., Фёдоров С.В. Строительные материалы: Учебник. – СПб: НОУ ДПО «ЦИПК», 2013. – 400 с.: ил.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.