|
|||
Семинарлық сабақтардың жоспары.Стр 1 из 5Следующая ⇒ 9. Семинарлық сабақтардың жоспары.
Тақырып № 1. Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау. Сұрақтар: 1. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, оның әлеуметтік білім жүйесіндегі орны. 2. Әлеуметтану ғылымның пайда болу себептері, құрылымы және күнделікті өмірде пайдалану қажеттілігі. 3. Әлеуметтанудың қоғамда атқаратын қызметі мен ғылыми деңгейлері. Тапсырмалар: 1. Қазіргі әлеуметтану ғылымдағы пайдаланатын ұғымдармен танысу. Әлеуметтанудың ғылыми аппараты бойынша глоссарий дайындау. 2. Пән бойынша келесі ұғымдарға анықтама беріп, сөздік дәптеріне енгізу: альтруизм, абстракция, бюрократия, әлеуметтік институттар, институционализация, интернализация, легитимация, габитус, әлеуметтік стратификация, әлеуметтік құрылым, әлеуметтену, дифференциация, диверсификация, ұқсастық, ұқсастықтандыру, девиация, делинквентті мінез-құлық, әлеуметтік бақылау, әлеуметтік өлшем, санкция, контрмәдениет, объективация,парадигма, позитивизм, социум, статус, субмәдениет, роль, мобильділік, страта, интерпретация, интеракция, дискурс, функционализм, структурализм, модернизм, постмодернизм, модернизация, латентті қызмет, постулат, концепция, эволюция, тап, әлеуметтік топ, қақтығыс, хабитуализация, харизма, эпистема, экстернализация. 3. Теориялык және қолданбалы әлеуметтану ғылымның арақатынасын анықтап, әлеуметтанулық білімнің теориялық және эмпирикалық деңгейлеріне жазбаша анализ жасау. Тақырып № 3. Әлеуметтанулық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу. Сұрақтар: 1. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы: түсінігі, мәні, құрылымы. 2. Әлеуметтанулық зерттеудегі іріктеу әдісі: ұғымы, түрлері. Іріктеудің қателіктері. 3. Қазіргі әлемдегі әлеуметтанулық ұымдар мен компаниялар (ФОМ, Левада орталығы, Гэллап институтты, ВЦИОМ, ЦИРКОН, Ромир, ЦИОМ, Bisam Central Asia және т.б.). Тапсырмалар: 1. Таңдаған ғылыми қызығушылыққа сәйкес зерттеу бағдарламаны құру. 2. Топтағы студенттердің зерттеу бағдарламасының құрылымын талдау. 3. Әлеуметтанулық зерттеудің мақсатын анықтау (таңдаған тақырыпқа сәйкес)
|
|||
|