Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі



С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі

№ 7сабақ

Пән: «Статистика»

 

Топ:У1Б            Күні:03.04.2020 жыл    Уақыты:12.00-13.30

Пән оқытушысы:Хурмет Жигер

ТАҚЫРЫП:ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНДЕКСТЕР

Мақсаты:Индекстер түсінігі, түрлері туралы білім қалыптастыру, баға, тауар айналымының физикалық көлемінің, өзіндік құн жеке және жинақы индекстерін есептеу формулаларын қарастыру, индекстердің өзара байланыстарын зерттеу.

Жоспар:

7.1 Индекстердің мәні және түрлері

7.2 Жеке индекстер


7.1 Индекстердің мәні және түрлері

Индекс-зерттелетін құбылыстың уақыты бойынша, кеңістікте немесе белгілі бір эталонмен салыстыру бойынша өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

Әртекті жиынтықтарды сиапттайтын көрсеткіштердің динамикасын талдау үшін индекстер қолданылады.

Мысалы, бағалардың динамикасын талдағанда оратша бағаны есептеуге болмайды

, өйткені тұтынушы нарығында әр түрлі тауарлар-тамақ өнімдері, киім, мебель және т.б. сатылады.

Индекстер динамикалық және кеңістіктік (территориялық) болып бөлінеді.

Динамикалық индекстер -екі кезеңнің көрсеткіштерін салыстырудың негізінде жиынтықтың уақыттағы өзгеруін зерттеуге мүмкіндік береді.

Кеңістік индекс - екі жиынтықтың көрсеткішерін кеңістікте салыстыру үшін қолданылады, екі кәсіпорын, екі аймақ, екі мемлекет болуы мүмкін.

Егер салыстыру базасы ретінде өтіп кеткен кезеңнің деңгейі қолданылса - динамикалық индекс шығады, егер салыстыру базасы сол құбылыстың басқа территория бойынша деңгейі болса-кеңістіктік индекс шығады.

Жиынтықтың бірліктерін қамтуы бойынша индекстер: жеке және жиынтық болып бөлінеді.

Жеке индекстер - бір тауар, өнімнің бір түрі, бір бірлік бойынша есептеледі.

Жиынтық индекстер - бір кәсіпорын шығаратын тауардың топтары немесе өнімнің бірнеше түрі бойынша есептеледі.

Жиынтық индекстер:

-агрегаты

-орташа арифметикалық;

-орташа гармониялық болып бөлінеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.