Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мазмұны. Кіріспе



 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

 

Факультеті: География және табиғатты пайдалану

Кафедрасы: География, жерге орналастыру және кадастр

СОӨЖ

Тақырыбы: Мәдениет рәміздер,мәндер, таңбалар мен мағыналар ретінде. Мәдениеттің ақпараттық-семиотикалық түсінігі

 

 

                                                     Орындаған: Салимов А. Е.

                                                   Қабылдаған: Абдулпаев Н. К.

 

 

Алматы-2020

Мазмұны

1. Кіріспе

1.1.  Рухани жаңғыру

2. Негізгі бөлім

2.1.  Коммуникациялық рәміздерді семиотикалық талдау

2.2.  Қазақ этномәдениеттіндегі коммуникациялық бастаулар және олардың рәміздік таңбалық нысандары

3. Қорытынды

3.1.  Дәстүрлі қазақ мәдениеттіндегі коммуникaциялық рәміздер

4. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

Бүгінгі таңда жаппай жаһандану жүріп жатқан уақытта, қазіргі жер шарындағы халықтардың айтарлықтай бөлігіөзінің тілінен, ұлттық ерекшеліктерінен айырылуда. Демек, қазақ этносының тілі мен ділі, ұлттық психологиясы мен дүниетанымы, мәдениеті, оның ішінде өнерінің қазіргі кезеңде сақталуы, дамуы қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін міндеті болып отыр. Қазақтың дәстүрлі коммуникациясының семиотикалық үрдістері әлі күнге дейін көбіне классикалық талдаудың талдаудың үлгісінде зерттеліп келеді. Семиотикалық тәсіл дәстүрі мәдениеттің бірыңғай мәтінін біртұтас коммуникациялық жүйе ретінде, әрбір рәміз- таңбаның басқа таңбалармен ара қатынасы түрінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі коммуникациялық суреттемелерде ұлтсыздандырылған тұоғасыздандырылған рәміздерден гөрі этномәдениеттердің төлтума белгілерін сақтайтын рәміз- үлгілер жоғары бағаланады. Зерттеудің көкейкестілігін " Басқаны түсіну алдымен өзіңде таны!" деген ұстаным арқылы жеткізуге мүмкіндік бар. Әрбір адамның құнды екендігін мойындау сол адамдарды тұтастандырып тұрған этномәдениеттің де құндылығын мойындамау болып табылады.

Ұлттық рәміздер Елтаңба мемлекеттік Байрақ, Әнұранымызда айшықты көрініс тапқаны белгілі. Оларда ұлттық болмыс пен мәденидаму бағдарлары стратегиялық тұрғыдан түйінделген. Шексіз көкте самғаған қыран, кедергіге тоқтамайтын пырақ, мәңгілікке меңзейтін ою- өрнек және т.т - бұл кімді болса да толғандырмай қоймайды.

Рухани жаңғыру – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық біре­гей­лікті сақтап, ел ішінде бей­бітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілет­ті, та­быс­ты ел болу. Осы тұрғы­да, Тұң­ғыш Прези­дент – Ел­ба­сы Н.Ә.Назар­баевтың «Ру­хани жаң­ғыру» бағ­дар­ламасы – жеке тұлға­ның даму мүм­кіндіктері­нің негізгі са­ты­­ларын қамтыған ке­шен­ді жоба.

«Рухани жаңғыру» бағдар­­ламасында қойылған міндет­терді жүзеге асырудың негізгі тетік­­терінің бірі – «Жаңа гумани­тарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Аталған жоба аясында Ұлттық аударма бюросының үйлестіруімен гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген 48 еңбек ана тілі­мізге аударылды. Аударма про­цесі жалғасып жатыр. Бұл жалпы қазақы оқырман үшін де, зерт­теушілер мен студенттер үшін де үлкен мүмкіндік және мұндай ауқымды жоба елімізде алғаш рет қолға алынып отыр.

Осы келелі іс аясында әлемдік ақыл-ой аламанында айтарлықтай орны бар Юрий Лотманның «Семио­сфера» («Таңбалар әлемі») деп ата­латын еңбегі қазақ тіліне тәр­жі­маланды. Таңбалар жүйесі туралы ғылым, яғни семио­тика – кез келген ауқымдағы гумани­тар­лық ізденістердің өзіндік ерек­шеліктері айқын көрініс тапқан әрі бір ізге түсірілген ғылым. Жал­­пы, гуманитарлық пайым тұр­ғы­­сынан алғанда да, тарихи, мәдени, әдеби анализ тұрғысынан алған­да да бұл кітаптың берері мол.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.