Аналитикалық химия». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. тест спецификациясы. М089 - Химия
«Аналитикалық химия»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
тест спецификациясы
(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М089 - Химия
Шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Аналитикалық химия» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№
| Тақырыптың мазмұны
| Қиын
дық деңгейі
| Тапсыр
малар саны
|
| Аналитикалық химияның жалпы сұрақтары
Талдау әдістерінің классификациясы.
Талдау әдістерінің сипаттамасы.
(сезгіштік, талғамдылық, жылдамдық, бағасы, табу және анықтау шегі, анықталатын концентрациялар аралығы). Аналитикалық белгі және оның түрлері. Химиялық талдаудың сатылары.
| A, B
|
|
| Концентрациялары әртүрлі ерітінділерді дайындау.
Химиялық талдаудағы концентрацияларды сипаттау тәсілдер және оларды бір бірліктен екінші түрлі бірлікке айналдыру. Концентрациялары аналитикалық және техникалық болатын ерітінділерді дайындау. Сатылы сұйылту.
| B, C
|
|
| Аналитикалық химияның метрологиялық негіздері.
Химиялық талдаудың қателіктері, кателіктердің шығу себептері және қателікті бағалау. Өлшеу нәтижелерін өңдеу.
| C
|
|
| Химиялық тепе-теңдік. Аналитикалық химияда қолданылатын химиялық реакциялардың негізгі түрлері.
Қышқылды-негіздік реакциялар, тұндыру реакциялары, кешен түзу реакциялары, тотығу -тотықсыздану реакциялары. Тепе-теңдік константасы. Тепе-теңдікке әсер ететін себептер.
| B, C, C
|
|
| Химиялық талдау әдістері
Гравиметриялық талдау. Титриметрлік талдау (қышқылды-негіздік; кешен түзу, тотығу -тотықсыздану).
| A, B, C
|
|
| Электрохимиялық талдау әдістері
Потенциометрия. Вольтамперометрия. Кулонометрия. Кондуктометрия. Потенциометрлік титрлеу.
| B, C
|
|
| Спектроскопиялық талдау әдістері
Фотометриялық анализ, методы атомды-абсорбциялық және атомды-эмиссионды талдау, флуориметриялық талдау
| A, B
|
|
| Талдауға сынаманы даярлау
Үлгіні ыдырату әдістері. Бөлу және концентрлеу әдістері.
| A, B
|
|
| Хроматографиялық талдау әдістері
Хроматографиялық талдаудың сапалық және сандық негіздері. Концентрацияны хроматографиялық талдаудың нәтижесі бойынша есептеу. Қателіктердің себептері және оларды азайтудың жолдары.
| A, B
|
|
| Сапалық химиялық талдау
Бейорганикалық катиондар, аниондар және органикалық заттарды сапалық анықтау әдістері.
| A
|
| | |