Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Аквакультура». пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің. ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ. М134 - Балық шаруашылығы»



 «Аквакультура»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

 (2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М134    - Балық шаруашылығы»

шифр        білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны: Тестіге «Аквакультура» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсырмалар саны
Аквакультура және тоған шаруашылығы негіздері. А
Балық түрлерін жасанды өсіру биотехниясы. В
Аквакультураны қарқындату жолдары. С
Жылы сулы балық өсіру шаруашылығы В
Индустриальды балық шаруашылығы А

Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

«Аквакультура» пәні тест тапсырмаларында аквакультура және тоған шаруашылығы негіздері, тауарлық аквакультураның потенциалды мүмкіндіктері мен оның қазіргі замандағы әлемдік өнім өндірісіндегі рөлі, әлемдік аквакультураның негізгі объектілері, балық түрлерін жасанды өсіру биотехниясы, аквакультураны қарқындату жолдары қарастырылады.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Айнабаева Н.С., Сапарғалиева Н.С., Асылбекова А.С. Аквакультура, Агроуниверситет, 2012ж.

2. Нұрғазы Қ.Ш., Асылбекова А.С. Өнеркәсіптік балық аулау. Оқулық.

Алматы, 2012ж.

3. Ысқақов М.М., Бөлекбаева Л.Т. Балық аурулары. Оқу құралы. Алматы, 2008.

4. Пекли И., Махатов Б.М., Рысулы М., Кулатаев Б.Т. Индустриализация технологии в рыбоводстве. Учебник . Казахстан – Венгрия 2014.

5. Морузи И.В., Пищенко Е.В., Аубакирова Г.А., Сыздыков К.Н., Нургазы К.Ш. Аквакультура: учебник. –Астана: Издательства КАТУ им.Сейфуллина, 2016. -312 с.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.