азақстанның физикалық географиясы» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
«Қазақстанның физикалық географиясы» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
тест спецификациясы
(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М084 - География
Шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Қазақстанның физикалық географиясы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша/орысша) ұсынылған.
№
| Тақырыптың мазмұны
| Қиындық деңгейі
| Тапсыр
малар саны
|
| Қазақстанның географиялық орны және табиғатын физикалық географиялық зерттелу тарихы
Қазақстанның географиялық орны. Қазақстан табиғатын физикалық географиялық зерттелу тарихы. Қазақ жері туралы алғашқы мәліметтер (ерте заманнан XVIII ғасыр төртінші ширегіне дейін). Ресей зерттеушілерінің экспедициялары (XIX ғ. ортасы мен ХХ ғ. басы). П.П.Семенов-Тян-Шанский, Ш.Валиханов, Н.А.Северцев, И.В.Мушкетов, Л.С.Берг, В.В.Сапожников, С.Е.Дмитриев және тағы баска ғалымдардың еңбектері. ХХ-ХХІ ғасырдағы зерттеулер. Қазіргі кездегі Қазақстанның табиғатын зерттеуші ғалымдар.
|
| А-2, В-1
|
| Аумақтың тектоникалық-геоморфологиялық құрылысы және геологиялық тарихы
Геологиялық даму тарихы мен палеогеографиялық ерекшіліктері. Аймақтың геологиялық құрылымының негізгі сипаттары. Кембрийге дейінгі, протерозой, палеозой тобындағы тау жыныстары. Мезозой, кайнозой шөгінділері. Төрттік шөгінділер мен неоген, неоплейстоцен және голоцен палеогеографиясы. Көпжылдық тоң және қазіргі криогендік үрдістер.
Тектоникалық аудандастыру. Негізгі тектоникалық құрылымдардың даму ерекшеліктері. Қазақстан аймағындағы ірі құрылымдық элементтер. Шығыс Европа платформасы. Орал-Монғол қатпарлы белдеуі. Қазақстандық қалқандар. Каледонидтер мен герцинидтер. Қазақтың ұсақ шоқысы. Жаңа тектоникалық құрылымдар. Сібір, Тұран тақтасы. Пайдалы қазбалар. Рудалық және рудалық емес пайдалы қазбалар, олардың таралу заңдылықтары.
Қазіргі рельеф қалыптастырушы үдерістер. Жер бедері типтері. Қазіргі геоморфологиялық үрдістер. Геоморфологиялық аудандастыру. Платформалық жазыктардың жер пішіні. Таулы аймақтар орографиясы. Тау алды мен тау аралық ойыстардың аккумулятивті жазықтары. Қазақстан территорисяның орографиялық карта-схемасын талдау. Қазақстан территориясының орографиялық ерекшіліктері.
|
| А-1, В-2, С-3
|
| Климаттық жағдайлары, беткі сулары және мұздануы
Климат. Негізгі климат түзуші факторлар және олардың физикалық географиялық жіктелудегі алатын ролі. Жер бетінің жылу мен радиациялық балансы, олардың таралуы. Ауа температурасының маусымдық өзгерісі. Атмосферадағы циркуляциялық процесстер. Жауын-шашынның мөлшерінің таралуы заңдылықтары. Ауа-райы. Ландшафт дифференцияциясына климаттық жағдай әсері.
Жыл мезгілдері бойынша негізгі метеорологиялық элементтердің сипаттамасы. Орташа және экстремальді ауа температурасы. Атмосфералық жауын-шашынның түсу нормасы мен сипаттамасы. Климат ерекшеліктері мен климаттық аудандастыру. Ауа райының жағымсыз құбылыстары. Климат континентігінің деңгейі. Ылғалдану. Жылу мен ылғалдың қарымқатынасы. Ғаламдық жылыну және антропогенді аридизация мәселелері.
Беткі сулар және олардың қоры. Гидрография ерекшеліктері. Қазақстан аумағының гидрографиялық торабы. Өзен торының жиелігі. Ірі өзендердің гидрометриялық сипаттамалары. Жер беті суларының көлемі мен модулі. Жер беті суларының қалыптасуы. Өзен суларының қоректену типі. Тоғандар мен су қоймалар. Елдің су ресурстарын бағалау және ғаламдық жылыну кезіндегі олардың кеңістіктік-уақыттық өзгерістері. Гидроэкологиялық мәселелер.
Ішкі континенталдық теңіздер мен көлдер, қазаншұңқырлар генезисі. Қазақстан Республикасының өзен торабының қүрылуына физикалық-географиялық жағдайлардың әсері. Өзен торабы. Мұхиттар мен көлдер. Теңіздер мен көлдердің трансгрессиясы және регрессиясы. Ішкі су бассейніндегі көлдер мен теңіздердің деңгейінің төмендеуіндегі антропогендік факторлардың ролі. Жер асты суларының қалыптасуы және олардың қазіргі кездегі табиғи кешендердің қалыптасуындағы орны. Жер асты суларының типтері. Жерасты суларының ресурстары. Гидрохимиялық зоналар. Артезиандық бассейіндер.
Қазіргі мұздану және көпжылдық тоң. Қазақстанның оңтүстік-шығыс тауларындағы мұздану. Таралу аймақтары мен аудан мөлшері. Мүздықтарды қалыптастырушы факторлар. Мұздықтардың морфологиялық түрлері. Мұздықтардың жылжыуы. Мұздықтардың еруі және өзен ағысыныдағы олардың рөлі. ХХ ғасырдағы мұздану эволюциясы. ХХI ғасырдағы мұздану жағдайының болжамы және мұздықтар ағысының өзгеруі.
|
| А-2, В-3, С-2
|
| Қазақстанның топырақ-өсімдік жамылғысы және фаунасы
Қазақстанның топырақ жамылғысы.Топырақ жамылғысының жалпы сипаттамасы және оның кұрылымы. Топырақ жамылғысының шығу тегінің ерекшеліктері және таралуы. Топырақтық-географиялық аудандастыру. Жазық жерлер топырағы. Таулы аумақтар топырағы. Интрозональдық топырақтар. Топырақ жамылғысының антропогенедік өзгерістері. Топырақтарды қорғау.
Қазақстанның өсімдіктер жамылғысы. Өсімдіктер жамылғысының типі және олардың құрылымдық динамикалық ерекшеліктері. Ботаникалық-географиялық аудандастыру. Аридті аймақтардын өсімдіктері. Эндемиктер. Өсімдік жамылғысына антропогендік әсер. Өсімдіктердің биіктік белдеулері. Ормандар мен тоғайлар. Шөлейттену мәселелері. Қызыл кітабқа кірген өсімдіктер.
Қазақстанның фаунасы. Қазақстанның фаунасы. Жануарлар әлемінің зоналық және аймақтық ерекшеліктері. Жануарлар әлемі қалыптасуының негізгі факторлары. Фауналардың тік және көлденең зоналығы және зоогеографиялық аудандастыру. Жануарлар әлемінің интразональдылығы мен экстразональдылығы. Өзендер мен су қоймаларының жануарлар әлемі. Адам өмірінде аурулар тұғызатын жануарлар.
|
| А-2, В-4, С-1
|
| Табиғат зоналары және физикалық географиялық аудандастыру
Табиғат зоналар: шөл, шөлейт, дала, орманды дала. Физикалық географиялық аудандастыру принціптері. Таулардағы биіктік белдеулер. Антропогендік ландшафтар. Табиғи-аумақтық кешендерге шаруашылық эрекет әсері. Табиғат қорғау және геоэкология мәселелері. Экологиялық дағдарыс зоналары. Қорықтар мен ұлтық саябақтар.
Қазіргі замандағы физикалық географияның табиғат және қоғам өзара қарымкатынасындағы рөлі.
|
| А-2, В-2, С-3
| | |