Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәріс тезистері.



№2 Дәріс

1.Тақырыбы: Электрондық мәліметтер базасы және биомедициналық сайттар.

2.Мақсаты:Биомедициналық этиканың негізгі принциптері мен таныстыру

3.Дәріс тезистері.

Этика (грекш – салт, таным, мінез) ғылым ретінде адамның ар-ұяты мен танымын зерттейді. Этика адам қоғамының түрлі даму дәуіріндегі наным-сенім, құндылықтар, моральды ұстанымдардың қалыптасу задылықтарын қарастырады.

Қазіргі кезде медициналық этика қағидалары биомедициналық этика ұғымына жинақталған. Ол медицина қызметкер тұрлғасын, оның құқығы мен профессионалды қызметін орындау барысында заң бойынша және санасы бойынша әрекет етуін қолдайды.

Бүгінде биомедициналық этика төрт түрлі формада берілген:

1. Гиппократ моделі. Бұл модельдің негізгі қағидасы – «зиян тигізбеу». Дәрігер науқастың әлеуметтік сенмділігін алады. Гиппократпен берілген дәрігерлік ету қағидалары (460-377гг.) дәрігерлік этика бастаулары мен Гиппократ антында айтылады.

2. Парацельс моделі (1493-1541 гг.) – «жақсылық жасау»,орта ғасырда қалыптасқан. Бұның негізінде дәрігер мен науқастың эмоционалды сұхбаты жатыр. Оның негізінде емдік үрдіс қалыптасады.

3. Деонтологиялық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 жылы қалыптасқан. (авторы Петров). Негізгі қағидасы намыс тазалығы мен міндеттік нақты орындалуы. Ол медицнақауымымен бекітілген ар—ұят кодексіне негізделген.

4. Биоэтика– дәстүрлі биомедициналық этиканың жаңа түрі. Оның негізінде адамның құқығы мен құндылықтарын сыйлау қағидасы жатыр.

Биоэтика философиялық ғылымның маңызды нүктесі, ол жаңа заман медицинасының технологиялық жабдықталуымен, генді инженерия ғылымының пайда болуы, трансплантологии, адам өмірін сақтауға арналған құралдардың болуына байланысты. Бүгінде аборт, бала көтеру, жасанды ұрықтандыру, клондау, сексология, эвтаназияға байланысты этикалық ахуалдар көп. Сенім орнату, дәрігердің науқасқа түсінікпен, жақсы, саналы қарау делінген.

 

Биомедициналық этика денсаулық сақтау жүйесіндегі жалпы адамдар арасындағы қатынастарды, атап айтқанда дәрігерлер мен пациенттер арасындағы өзара қатынастарды қарастырады.

Ұлы жазушы Чехов А.П.: «Дәрігер мамандығы – үлкен жетістік деп айтқан. Ол басқа да қызықтардан бас тартуды талап етеді. Жан мен ойдын тазалығынын. Әр адам дәрігер бола алмайды».

Медициналық қызметкеріне ең қымбат нәрсе сенімге беріледі - ол адам өмірі. Денсаулық адам байлығы. Ол тек науқастың, оның туысқандарының алдында ғана жауапты емес, толығымен мемлекеттің алдында жауапты. Өкінішке орай, қазіргі кезде де науқасқа немқұрайлы қарау оқиғалары, өзіңнен науқасқа қарасты жауапкершілікті шешу, сол жауапкершілікті басқа біреуге жүктеу жағдайлары кездеседі. Бұл дұрыс емес. Науқастың жағдайы барлығынан да маңызды. науқастың физикалық және психологиялық жағдайындағы кішігірім өзгерістерді бағалау үшін мейірбике кәсіби зейін қойып бақылау қажет.

Ол эмоциональды тұрақтылықты тәрбиелеу керек, өзін өзі ұстай білу керек. Медицина қызметкерінің өзін өзі ұстау мәдениетін екі түрге бөлуге болады:
1. Ішкі мәдениет. Бұл еңбекке жауапкершілікпен қарау, тәртіп сақтау, құрал жабдықтарға ұқыпты қарау, достастық пен ұжымдық.

2. Сыртқы мәдениет. Сөйлеу мәдениеті, сыртқы көрінісі, дөрекі сөйлемеу және т.б.

Медициналық қызметкерлерінің негізгі қасиеттері, оның ішкі мәдениеті болып саналады:

Сыпайылық – қарапайымдық, шынайлық, адамның әсемдігін және күшін білдіреді.

1. Сыртқы көрінісі. Медицина қызметкерінің сыртқы көрінісіне және киімдеріне қойылатын талап – тазалық және қарапайымдық, бояулардың және тым сәндеуіш заттардың аздығы, аппақ халат, қалпақ және екінші ауыстыруға арналған аяқ киім. Киімі, бет әлпеті, өзін өзі ұстауы медицина қызметкерінің науқастарға мән беру қасиетін білдіреді. «Медицина қызметкерлеріне өзін өзі таза ұстау керек, таза киім кию өйткені осының барлығысы науқасқа маңызды.» (Гиппократ).

2. Сөйлеу мәдениеті сыртқы мәдениетінің екінші негізгі бөлігі болып табылады.. Речь Медицина қызметкерінің сөзі қатты емес, түсінікті, эмоциональды болу керек. Науқасқа байланысты мынадай сөздерді қолданбау керек: «апатай», «қарағым» және т.б. Кейде науқас туралы «диабетик», «язвенник», «астматик»және т.б. сөздерді естуге болады

«Биоэтика» немесе өмір этикасы терминін 1969 жылы В.Р.Поттер ұсынған. Биоэтиканың зерттеу нысаны адамдар арасындағы моральді және аспектілері. Біздің дәстүрде мыңдаған жылдар бойы этика мен медицина арасында тығыз байланыс болды.

Медицина - адам дерті мен оның емі жайлы ғылым.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.