Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Босану клиникасы» 7 страница



Д) анасында инфекцияның болуы

 

350. Бала ауыр асфиксиямен туылған. Осы жағдайды СИПАТТАМАЙТЫН көрініс:

А) өмірінің 5 минутында жағдайы Апгар шкаласы бойынша 0-3 балл

B)неврологиялық статусының бұзылуы

В)+рефлекторлық қозғыштығы

Г)тыныс алуының төмендігі

Д) бұлшықет гипотониясы

 

351. Антенаталді кезеңде нәресте асфиксиясы дамуына қауіп-қатер факторы болып ЕСЕПТЕЛМЕЙДІ:

А) +нәрестенің дұрыс орналаспауы

Б) жүктілердің артериялық гипертониясы

В) мерзімінен асқан жүктілік

Г)анасының инфекциясы

Д) ұрық жетілуінің аномалиясы

 

352. Интранаталді кезеңде нәресте асфиксиясы дамуына маңызды қауіп-қатер фактор:

А) хориоамнионит

Б) тез босану

В) ұзаққа созылған босану

Г)+қағанақ суындағы меконий

Д) кіндік бауының түсіп қалуы

 

353. Нәресте реанимациясының негізгі принципі:

А) шешім қабылдау – бағалау – іс-әрекет жасау

Б) +бағалау – шешім қабылдау – іс-әрекет жасау

В) бағалау – іс-әрекет жасау – шешім қабылдау

Г) шешім қабылдау – іс-әрекет жасау – бағалау

Д) іс-әрекет жасау – шешім қабылдау –бағалау

 

354. Жаңа туған нәресте жағдайы Апгар бойынша 3 балл, реанимация шаралары өткізілген соң 5 балл болды. Нәресте реанимациясы әр қадамының ұзақтығы:

А) 10 секунд

Б)20 секунд

В) +30 секунд

Г)40 секунд

Д) 60 секунд

 

355. Жаңа туылған нәрестенің реанимациясы неден БАСТАЛМАУ керек:

А) анасынан ажыратын жылы жөргекке орау

Б) + ылғалданған оттегімен өкпеге жедел вентиляция жүргізу

В) нәрестенің басын шалқайған түрде ұстау

Г)жылы жаялықпен терісін және басын құрғатып сүрту

Д) тактилді стимуляция жүргізу

 

356. Нәресте асфиксияның жеңіл дәрежесімен туылды. Ең ықтимал келесі қадам:

А)анасынан тез ажырату

Б) горизонталді тегіс жерге жатқызу

В) алдын ала жылы жаялық төсеп жатқызу

Г) сәулелі жылу астына жатқызу

Д) +ана куедесіне жатқызу

 

357. Реанимацияның бастапқы шараларын жүргізгеннен кейін нәресте жағдайының қандай көрінісіне маңыз БЕРМЕЙМІЗ:

А) +бұлшықет тонусына

Б) адекватты тыныс алу

В) жүрек жиырылу жиілігіне

Г)тері жамылғысының түсіне

Д) тыныс алу қабілетіне

 

358. Реанимацияның бастапқы шараларын жүргізгеннен кейін нәрестенің тыныс алу жиілігі - минутына 40, жүрек соғу жиілігі - 120 минутына, тері жабындысының түсі - қызғылт. Дәрігердің тактикасы (келесі қадам):

А)интенсивті терапия бөлмесінде бақылау

Б) қысыммен берілген оттегімен тыныс алдыру

В) + анасының кеудесіне жатқызу («теріге тері» контакт)

Г) тез емізу

Д) инфузиялық терапия жүргізу

 

359. Реанимацияның бастапқы шараларын жүргізгеннен кейін нәрестенің тыныс алу жиілігі – 40-60 минутына, жүрек соғу жиілігі – минутына 100–дан жоғары, бірақ аяқ –қолдарының цианозы сақталуда. Дәрігердің тактикасы (келесі қадам):

А) интенсивті терапия бөлмесінде бақылау

Б) анасының кеудесіне жатқызу («теріге тері» контакт)

В) +тері түсі қалпына келгенше оттегімен қамтамасыз ету

Г) инфузиялық ем жүргізу

Д) трахея интубациясын жүргізу

 

360. Нәрестеге жасалған алғашқы реанимациялық шаралардың нәтижесі болмай өкпеге жедел вентиляция жүргізілді, жүрек соғу жиілігі минутына 60-дан аз болып қала берді. Келесі реанимациялық іс-әрекетті жүргізуге БОЛМАЙДЫ:

А) өкпе жедел вентиляцисын жалғастыру

Б) жүрекке тікелей емес массаж жасау

В) өкпеге интубациялық жедел вентиляция жүргізу

Г)адреналин енгізу

Д) +тактилді стимуляция жасау

 

361. «Акушерлік іс және неонатология бойынша ҚР ДМ негізгі клиникалық протоколдары және бұйрықтары» бойыша жаңа туылған нәрестенің кіндігін кемінде қанша уақыттан кейін кесу керек:

А) + 30 секунд

Б) 1 минут

В) 2 минут

Г)3 минут

Д) кіндік бау тамырларының пульсациясы тоқталғаннан кейін

 

362. Акушерлік стационарда нәрестеге кейбір алдын-алу шаралар жүргізіледі. Төменгі тізімнен кажеттілігі жоқ шараны белгілеңіз:

А) +дифтерия, сіреспе, көкжөтелге қарсы (ДСКҚ) екпе жүргізу

Б) К витамин егу

В) В гепатитіне қарсы екпе жүргізу

Г) БЦЖ екпесін жүргізу

Д) нәресте конъюнктивасына 1% тетрациклин немесе 0,5% эритромицин майын жағу

 

363. 2010ж ҚР ДМ Протоколдарында жазылған «Жаңа туылған нәресте жағдайын бағалау және күту принциптерінің» 10 қадамында жазылған: «Босанғаннан кейін ана мен баланы босанған бөлмеде жалғыз қалдыруға болмайды (нәрестенің жағдайын бақылау керек)». Дене сау бала босанғаннан кейін оның жағдайын қанша минут сайын бақылап тұру керек:

А) 5 минут

Б) 10 минут

В) +15минут

Г) 20 минут

Д) 30 минут

 

364. 2010ж ҚР ДМ Протоколдары бойынша жаңа туған нәрестенің (жөргегін ашпай, анасынан айырмай және емізу процесін бұзбай) дене қызуын қанша минут сайын тексеріп тұру керек:

А)туғаннан кейін және 30 минут өткесін

Б)туғаннан кейін және 20 минут өткесін

В)туғаннан 10 минут және 30 өткесін

Г) туғаннан 30 минут және 1 сағат өткесін

Д) +туғаннан 30 минут және 2 сағат өткесін

 

365. Босану бөлмедегі біріншілік көмек және реанимация шаралары не үшін қажет:

А) дене температурасын қалпында ұстау

Б) +адекватты тыныс алу жұмысын қалыптастыру

В) жүрек жұмысын қалыптастыру

Г)алмасу процессін қалыптастыру 

Д) гемодинамикалық бұзылуын жөндеу

 

 366. 2010ж ҚР ДМ Протоколдары бойынша жаңа туылған нәрестенің жылу жоғалтуының төрт жолы бар. Төменгі тізімнен ДҰРЫС ЕМЕС жауабын көрсетіңіз:

А) булану – ылғал нәрестенің тері жабындысынан буланады

Б) өткізгіштік – жылу нәрестенің терісіне тиген салқын затқа кетеді

В) + салқандау – нәрестенің жылуы медперсоналың (анасының) салқын қолдарына кетеді

 Г) сәулелену – нәрестенің жылуы жақын тұрған жар, терезеге қарай кететді

Д) конвекция – нәрестенің жылуы бөлме салқын болса айналаға кетеді

 

367. Стационарға дейінгі 10 минут ішінде көмек көрсетілгеннен кейін нәрестенің тыныс алуы және жүрек соғу жиілігі қалыптасты, тері жабындысының түсі қызғылттанды. Дәрігердің әрі қарай жүргізетін іс-шаралары:

А) реанимациялық шараларды жалғастыру

Б)+ реанимация шараларын тоқтату

В) инфузиялық ем жүргізу

Г) ылғалданған оттегін беру

Д) бакылау

 

368. Стационарға дейінгі көмек көрсетілгеннен 5 минут өткесін нәрестенің жүрек соғу жиілігі қалыптасты, бірақ өздігінен тыныс ала алмай жатыр. Дәрігерің келесі іс-әрекетін көрсетіңіз:

А) + оттегін беруді жалғастыру

Б) реанимация шараларын тоқтату

В)инфузиялық ем жүргізу

Г ) трахея интубациясы

Д) бақылау

               

369. Босанудың екінші кезеңінде нәрестенің жамбасы туылған соң босану әлсіздігі пайда болды. Нәрестенің жедел гипоксиясы пайда болды. Осы жағдайдағы дәрігердің тактикасы:

А)+ бала жамбасынан экстракция жасау

B) босану белсендіруін бастау

В)ұрық гипоксиясының емін жүргізу

Г) босануды консервативті жүргізуді жалғастыру

Д) босануды кесар тілігі операциясымен аяқтау

 

370. Босану босну әлсіздігімен асқынды. Мерзіміне жеткен нәресте туылды. Өзіндігінен тыныс ала алмайды, тері жабындысы цианозды, бұлшықет тонусы төмендеген, рефлекторлық қозғыштығы әлсіз көрінеді, жүрек соғу жиілігі – миунтына 96. Осы жағдайды Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

А) +4 балл

B. 5 балл

В) 6 балл

Г) 7 балл

Д) 8 балл

 

371. Өзгеріске алып келетін химиялық және физикалық факторларды атаңыз:

 +мутагендер

           б. тератогендер

           в. токсиндер

           г. экзогендер

           д. эндогендер

 

372. Өздігінен жүктіліктің үзілуі, туа біткен даму ақаулары және тұқым қуалайтын аурулардың патогенетикалық нұсқасын көрсетіңіз:

           а. бластопатия

           б. +гаметопатия

           в. мутация

           г. эмбриопатия

           д. фетопатия

 

373. Ұрықтың шетінеуі, жатырдан тыс жүктілік және ұрық өсі қалыптасуының ақауларының патогенетикалық нұсқасын көрсетіңіз:

           а.+ бластопатия

           б. гаметопатия

           в. эмбриопатия

           г. мутация

           д. фетопатия

 

374. Ағзалар мен жүйелердің даму ақаулары, тератомалар, жүктіліктің үзілуінің патогенетикалық нұсқасын көрсетіңіз:

            а. бластопатия

           б. гаметопатия

           в. +эмбриопатия

           г. мутация

           д. фетопатия

 

375. Нәрестенің жатырішілің дамуының кідіруі, туа біткен ақаулар, туа біткен аурулар, нәрестенің бейімделуінің бұзылуы, нәрестенің шетінеуінің патогенетикалық нұсқасын көрсетіңіз:

           а. +фетопатия

           б. гаметопатия

           в. эмбриопатия

           г. мутация

           д. бластопатия

 

376. Ағзалардың мүлде болмауы қалай аталады:

           а. аплазия

           б. + агенезия

           в. гипоплазия

           г. атрезия

           д. дисхрония

 

377. Жасуша, тін немесе ағзаның бір бөлігінің басқа ағзада немесе сол ағзаның басқа аймақтарында орналасуы. Мысалы, бронх қабырғасынан тыс өкпеде орналасқан шеміршек.

           а. гетероплазия

           б. метаплазия

           в.+ гетеротопия

           г. атрезия

           д. персистерлену

 

 

378. «Атрезия» терминін талдаңыз:

           а.туа біткен ағзаның толығымен болмауы

           б. тамыр аяқшасынан басқа ағзаның толық болмауы

           в. Туа біткен ағзаның толық дамымауы

           г. +канал немесе табиғи тесіктің жоқ болуы

           д. ағзаның ауысуы, яғни оның басқа жерде орналасуы

 

379. «Хромосомдық аурулар» дегеніміз не:

           а. морфогенез бұзылысы

           б. жасуша, тін, ағзалар даму қарқынының бұзылысы

           в.+ көптеген туа біткен ақауларының топтамасы

           г. нәрестенің дамуына сәйкес белгілі кезеңде жойылмаған эмбрионалдық құрылым (мысалы, таңдайдың жырығы)

           д. ағзаның бір бөлігінің басқа аймақта орналасуы

 

 380. Нәресте басының орташа өлшемі:

А) 32-35см

В) 34-35см

С) +34-37см

Д) 32-37см

Е) 30-34см

 

381. Нәресте кеудесінің орташа өлшемі:

А) 32-34см

В) +33-36 см

С) 32-37см

Д) 34-37см

Е) 30-34см

 

382.  Кесар тілігі арқылы дене салмағы 4100,0г., ұзындығы 54см нәресте туылды. Қараған кезде: маңдай және қас аралық аймағындағы жұмсақ тіндердегі айқын ісік және аздаған цианоз байқалады. Нәрестенің айқайы айқын, эмоциясын білдіреді, басы шалқайған, бұлшықет тонусы мен рефлекстері қалыпты. Дәрігердің тактикасы:

А) +нәресте анасымен бірге бола алады

В) Нәресте интенсивті терапия палатасында бақылану керек

С) Нәресте реанимациялық шараларға мұқтаж

Д) Нәрестені диффузды жіберілген оттегімен тыныс алдыру керек

Е) Нәрестенің мойын омыртқа аймағын бекіту керек

 

 383. Нәрестенің қандай тыныс жиілігін тахипноэ деп бағалайды:

А) Минутына 40-тан жоғары

В) + Минутына 60-тан жоғары

С) Минутына 80-нен жоғары

Д) Минутына 100-ден жоғары

Е) Минутына 140-тан жоғары

 

384. Нәрестенің қандай тыныс жиілігін брадипноэ деп бағалайды:

А) Минутына 80-нен төмен

В) Минутына 100-ден төмен

С) Минутына 40-тан төмен

Д) Минутына 60-тан төмен

Е) + Минутына 30-дан төмен

 

 

 385. Жаңа туылған нәрестенің өкпесінде ылғалды сырылдар болуы мүмкін. Олар нешінші тәулікте жойылуы керек:

А) 1-ші тәуліктің соңында

В) +2-ші тәулікте

С) 3-ші тәулікте

Д) 2-ші тәуліктің соңында

Е) 4-ші тәулікте

 

386. Салмағы 3950,0 гр, нәрестеге босану барысында басына тракция жүргізілді. Бірінші тәуліктен бастап нәрестеде дене қалыпын өзгерткен кезде күшейетін ынтығу, аритмикалық тыныс, цианоз ұстамасы, кеудесінің асимметриясы және сол жақ бөлігің тыныс алу кезінде қалып қоюы, сол жақ бұғанасынан жоғарғы бөлігінің ісінуі байқалады. Аускультация – сол жағында әлсіреген тыныс. Нақты диагноз қою үшін қандай зерттеулер жүргізу керек?

А) + Кеуде ағзаларының ретгенографиясы

В) Бас миының МРТ-сы

С) УЗИ вилочковой железы

Д) Плевра қуысының пункциясы

Е) Жұлын МРТ-сы

 

387. Нәресте терісінің қандай өзгерістері патологияның белгісі болып табылады:

А) ақшыл-сары бөртпелер

В) телеангиоэктазиялар

С) монгол дақтары

Д) акроцианоз

Е) +везикулезді бөртпелер

 

388. Дені сау нәрестенің айқайы қандай болу керек:

А) әлсіз

В) ыңырсыған

С) шыңғырған

Д) +эмоциональді

Е) монотонды

 

389. Жаңа туған нәрестенің жағдайы Апгар шкаласы 6-7 баллға бағаланды. Дәрігердің тактикасы:

А) Нәресте анасымен бірге бола алады

В) +нәресте интенсивті терапия палатасында бақылану керек

С) Нәресте реанимациялық шараға мұқтаж

Д) Нәрестені диффузды жіберілген оттегімен тыныс алдыру керек

Е) Нәрестенің мойын омыртқа аймағын бекіту керек

 

390. Жаңа туған нәрестенің жағдайы Апгар шкаласы 7-8 баллға бағаланды. Дәрігердің тактикасы:

А) +Нәресте анасымен бірге бола алады

В) Нәресте интенсивті терапия палатасында бақылану керек

С) Нәресте реанимациялық шараға мұқтаж

Д) Нәрестені диффузды жіберілген оттегімен тыныс алдыру керек

Е) Нәрестенің мойын омыртқа аймағын бекіту керек



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.