|
|||
алыптандыру.Қалыптандыру. Мәліметтер қорын әзірлеу, жобалау кезінде кестелер белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы, яғни стандарттық түрге ие болуы тиіс. Бұл талаптар қалыпты форма деп, ал қалыпты түрге келтіру үдерісі – қалпына келтіру деп аталады. Қалпына келтірілмеген кестелерді реляциялық алгебраның әрекеттері дұрыс өңдемейді. Мәліметтер қорының кестелері 4 қалыпты түрге сәйкес келуі тиіс. Алғашқы қалыпты форма атрибуттардың барлық мәндері жиындар емес, қарапайым шамалар болуға тиіс болатынын ескереді. Мысалы, келесі түрдегі жазбаға
0023003 {607.1, 160.09} 10/03/2000 2001 1001
жол берілмейді, себебі ол алғашқы қалыпты формаға сәйкес келмейді. Екінші қалыпты форма. Егер де ешбір кілттік емес атрибуттар кілттің бөлігіне тәуелді болмаса, реляциялық кесте екінші қалыпты формада болады. Осылайша, екінші қалыпты форма бастапқы кілт құрамдас болған жағдайда, былайша айтқанда, бірнеше атрибуттардың жиыны болған жағдайда ғана бұзылуы мүмкін. Мысалы, келесі кесте,
Clerk Office Name 1004 312 Smith 1001 312 Pol 1004 515 Smith 1001 460 Pol 1001 435 Pol
ондағы Clerk пен Office бастапқы кілт, екінші қалыпты түрде емес, себебі Name атрибуты Clerk атрибутына тәуелді. Кесте екінші қалыпты формада болу үшін оны келесі түрде екі кестеге бөлу керек
Clerk OfficeClerk Name 1004 312 1001 Paul 1001 312 1004 Smith 1004 515 1001 460 1001 435
Үшінші қалыпты форма. Егер кез келген детерминант кілт болып табылса, онда реляциялық кесте үшінші қалыпты формада болады. Детерминант деп кестенің әрбір жолындағы басқа атрибуттың мәнін анықтайтын атрибут аталады. Кестені қарастырайық.
Kod Skill Bonus 1004 Manager 3.5 1001 Clerk 3.0 1007 Clerk 3.0
Бұл кестеде Kod бағаны кілт болып табылады және Skill мен Bonus бағандарын анықтайды. Сонымен қатар, Skill (біліктілігі, разряды) бағаны кілт болмаса да, Bonus бағанында анықтайтынын көріп отырмыз. Бұл деген сөз, кесте үшінші қалыпты формада бола алмайды. Бұл мәселені шешу үшін кестені келесі түрде екі кестеге бөлу керек.
Kod SkillSkill Bonus 1004 Manager Manager 3.5 1001 Clerk Clerk 3.0 1007 Clerk
Төртінші қалыпты форма өзге атрибутқа (көпмәнді байланыстылық) тәуелді болатын атрибут мәніңің көп рет қайталану мүмкіндігіне жол бермейді. Мысалы, егер кестеде агент Smith-тің 1001 және 1007 қызметкерлерінің менеджері болып табылатынын, және 2003, 2001, 2004 клиенттерінен тапсырыс алғанын көрсету керек болса, онда келесі кесте пайда болады.
Name Snum Cnum Smith 1001 2003 Smith 1001 2001 Smith 1001 2004 Smith 1007 2003 Smith 1007 2001 Smith 1007 2004
Алынған кесте төртінші қалыпты формада емес. Төртінші қалыпты формаға келтіру, кестені әрбір тәуелді атрибут жеке орналасқан екі кестеге бөлу арқылы орындалады.
Name SnumNameCnum Smith 1001 Smith 2003 Smith 1007Smith 2001 Smith 2004
Қарастырылған төрт қалыпты формадан өзге, негізінен теориялық сипаттамасы бар әрі практикалық маңызы жоқ басқа да формалар болады. Бұлар біріккен тәуелділіктері болмайтын бесінші қалыпты форма мен облыс/кілт қалыпты формасы. Бесінші қалыпты формада біріккен тәуелділіктер болмайды. Мысал қарастырайық.
Kod Office Project 1001 02 010 1001 05 010 1003 01 008 1004 03 008 1004 03 007
Берілген кестеде бірнеше бөлімдерде жұмыс істейтін және бірнеше жобаларды орындайтын қызметкерді алып тастау немесе жобаның нөмірін өзгерту, кестеде атрибуттардың біріккен тәуелділіктері болғандықтан қиын болады. Сондықтан берілген кестені төмендегідей үш кесте түрінде ұсыну қажет.
Kod Office Kod Project Office Project 1001 02 1001 010 02 010 1001 05 1003 008 05 010 1003 01 1004 008 01 008 1004 03 1004 007 03 008
Реляциялық кесте, егер кез келген шектеу шарты бар болу (доменнің) облысының анықтамасы мен кілттерден шығатын болса облыс/кілт қалыпты формасына ие болады. Бақылау сұрақтары: 1. Иерархиялық және желілік мәліметтер қорының тұтастығы нені білдіреді? 2. Мәліметтер қорының желілік моделі дегеніміз нені білдіреді? 3. Мәліметтер қорының желілік моделі дегеніміз нені білдіреді? 4. Реляциялық мәліметтер қоры дегеніміз не? 5. Қандай мәліметтер қорларында мәліметтерді байланыстыру үшін физикалық көрсеткіштер қолданылады? 6. Нысанның бір элементі үшін өрістер мәндерінің жиынтығы не болып табылады? 7. Мәліметтер қорында өріс деп нені айтамыз? 8. Кортеж дегеніміз не? 9. Мәліметтер қорының құрылымы мәліметтердің берілуінің қай деңгейінде сипатталады? 10. Мәліметтердің берілуінің қандай деңгейі тасымалдағыштағы мәліметтердің орналасу тәсіліне сәйкес? 11. МҚ берілуінің қанша деңгейі бар? 12. Пайдаланушы деңгейінде мәліметтер қоры қандай түрге ие болады? 13. Атрибут дегеніміз не? 14. Э.Коддтың жұмыстары мәліметтер қорының қандай моделінен негізделген? 15. Мәліметтер қорының дамуында болашақта қандай бағыттары бар? 16. Реляциялық кестеде қанша алғашқы (түйінді) кілт болуы мүмкін? 17. Реляциялық кестеде қанша сыртқы кілт болуы мүмкін? 18. Реляциялық кестеде алғашқы және сыртқы кілттерінің болуы міндетті ме? 19. Реляциялық алгебраның қандай амалы бастапқы кестелердің екеуінен, бастапқы кестелердің жазбалары тек бір рет кездесетін жаңа кесте құрайды? 20. Реляциялық алгебраның қандай амалы бастапқы кестелердің екеуінен жалпы жазбаларды бөліп алады? 21. Реляциялық алгебраның қандай амалы бірінші бастапқы кестеден екінші бастапқы кестеде жоқ жазбаларды бөліп алады? 22. Реляциялық алгебраның қандай амалы бірінші бастапқы кестенің әрбір жазбасына екінші бастапқы кестенің әрбір жазбасын біріктіреді? 23. Реляциялық алгебраның қандай амалы бастапқы кестеден, берілген шарттарды қанағаттандыратын жазбаларымен жаңа кесте құрайды? 24. Реляциялық алгебраның қандай амалына SELECT (<кесте>:<шарт>) командасы сәйкес келеді? 25. Реляциялық алгебраның қандай амалы берілген бағандарды таңдау жолымен бастапқы кестеден жаңа кесте құрайды? 26. Реляциялық алгебраның қандай амалы <кесте аты>. [1 баған, 2 баған,...,N баған] командасына сәйкес келеді? 27. Реляциялық алгебраның қандай амалы JOIN (1 кесте, 2 кесте) командасына сәйкес келеді? 28. Реляциялық алгебраның қандай амалында проекцияны көбейту, құру және таңдауды орындалады? 29. Реляциялық алгебраның қандай амалы бірінші кестенің жолдары, екінші кестенің әрбір жолына сәйкес жолын таңдау арқылы жаңа кестені құрайды? 30. Реляциялық есептеулерде сұраныс қандай түрге ие болады? 31. Реляциялық алгебраның қандай амалы кестенің атауын береді? 32. Реляциялық алгебраның қандай амалы үшін, бастапқы кестенің құрылымы бағандардың саны бойынша, және типі бойынша да сәйкес болуы қажет? 33. Бірінші, екінші, үшінші және төртінші қалыпты формалар нені қажет етеді? 34. Егер реляциялық кесте 2-ші, 3-ші немесе 4-ші қалыпты формада болмаса, онда нені орындау қажет? 35. Реляциялық алгебра және реляциялық есептеулер бойынша жұмыстар кімге байланысты? 36. Реляциялық кестені сипаттау барысында атауы және типі нені білдіреді? 37. Реляциялық мәліметтер қорында логикалық байланыс ненің көмегімен орнатылады? 38. МҚ құрылымы деген не және мәліметтер қорының құрылымы қайда сақталады? 39. Мәліметтер қорының моделі дегеніміз не? 40. Реляциялық алгебраның командасы бір рет жүгінуде нені өңдеуге мүмкіндік береді? 41. МҚ қандай моделінде мәліметтер арасындағы байланыс бағытталған граф түрінде болады? 42. МҚ қандай моделінде мәліметтер арасындағы байланыс еркін граф түрінде болады? 43. Реляциялық есептеулер сұранысында мақсаттық тізім нені анықтайды? 44. Қандай жағдай да реляциялық кесте екінші қалыпты формада болмауы мүмкін? 45. Реляциялық кесте қандай жағдайда үшінші қалыпты формада бола алмайды? 46. Қандай МҚ-да өрістердің көпмәнді мәндері жеке кестелер болып саналады? 47. Қандай МҚ-да бірінші қалыпты форма қоятын, шектеулер алып тасталған? Әдебиеттер: 1. Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010. 2. Золотова С.И. Практикум по Access. Финансы и статистика, Москва, 2000. 3. Джулия Келли. Самоучитель Access 97. Питер. Санкт-Петербург, 2000. 4. Робинсон С. Access 2000. Учебный курс.
|
|||
|