Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Темірбетон бұйымдарын өндіру әдістері.



Темірбетон бұйымдарын өндіру әдістері.

Конвейерлі әдіс. ( Конвейерлі әдіске байланысты видеоролик көрсете отырып түсіндіру)

Бұйымдар конвейерде не ағымды агрегатты тізбекте жасалынады. Конвейер типтері аз бұйымдарды көп дана етіп өндіру үшін пайдаланылады. Бұл төхнология мүмкіншілігінше көп операцияларға постарға бөлінген. Мұнда конвейердің қажетті аспаптармен, машиналармен, т.б. жабдықталған әр постында бір ғана операция орындалады. Сондықтан болашақ темірбетон бұйымының өлшемдеріне сай қалып конвейердің әр постына тоқталып, операция біткен соң. келесі постқа жылжиды. Бірінші поста қалып тазаланады. екінші поста қалыпта арматура орнатылады, үшінші поста қалыпқа бетон араласпасы салынады. Келесі поста араласпа дірілдеткіштер (1- сурет) нығыздалынады. Конвейерді басқару пультінде әр поста операциялар орындалып болғанын көрсететін лампалар жағылғаннан соң оператор кнопкіні басып, бүкіл конвейерді бір ағымды, яғни әр постыдағы қалыпты келесі постқа. жылжытады.

 

4. Түйіршік кеуектері толтырғыштың мүмкін болатын ылғалдығы мен су сіңірушілігін анықтайтын факторлардың бірі болып келеді. Ылғалдығы ω (масса бойынша % - да) анықтау үшін толтырғыштың үлгісін өлшеп тұрақты салмақ болғанға дейін құрғатады ω = (mылғ – mқұр/mқұр)*100%

mылғ - табиғи ылғалдық күйіндегі үлгінің массасы (гр)

mқұр – құрғақ күйіндегі үлгінің массасы (гр)

Су сіңірушілікті ω масса бойынша % табу үшін құрғақ ірі толтырғыш үлгісін 48 сағ, 1 сағ немесе техникалық жағдайларға технологиялық талаптарға сай басқа уақытқа суға салып қояды содан соң алып түйіршіктер бетіндегі суды алып тастайды.

ω c.c.м = (mқ – mқұр/mқұр)*100%

mқ = сумен қаныққан толтырғыш үлгісінің массасы (гр).

Зерттеудің нәтижесіне ақаулар түйіршік бетінен суды алу операциясынан пайда болу мүмкін. 8269-76 мемлекеттік стандарт бойынша щебень немесе гравийдің бетін ылғалды жұмсақ матамен сүртеді. 9758-86 мемлекеттік стандартта ірі кеуекті толтырғыш үшін перфоралданған контейнер көмегімен су сіңірушілікті анықтау қарастырылған. Толтырғыштың үлгісі бар контейнерді суда ұстап, содан соң алып 10 мин-қа іліп қояды. Сол кезде артық су ағып қалады. Кейін өлшеп есептеп су сіңірушілікті шығарады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.