|
|||
Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.Ішкі аурулар, Кардиология, қаз. Артериялық гипертензия, көлемді протеинурия, шумақты фильтрацияның төмендеуі неғұрлым тән: // Пиелонефритке// +Бүйрек поликистозына// Гломерулонефритке// Зәр тас ауруына// Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзфыуы *** 27 жастағы науқас жүрек қағу ұстамаларына және төс артындағы қысу сезіміне, естен тану кезеңдеріне шағымданумен кардиология бөлімшесіне жатқызылды. Объективті: дене бітімі астениялық, жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ – минутына 88 рет. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ- ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі: // Эхокардиография// Вентрикулография// Коронароангиография/ Велоэргометрия// + ЭКГ тәуліктік мониторлау *** Науқас 45 жаста қалтыраумен фебрильді қызбаға; жөтелге, қан түкіруге; буындардағы және бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде - фурункулез. Қарағанда: терісі «сүт қосылған кофе» түсті, аяқтарында – петехиялы бөртпелер; «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы». Симптомдары анықталады. Тексергенде: эритроциттер - 2,9 мың, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң жақ өкпеде сына тәрізді көлеңке. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:// Бронхоскопия// Сцинтиграфия// + Эхокардиография// Буындар рентгенографиясы// Өкпенің компьютерлі томографиясы *** Жоспарлы электроимпульсті терапияны нәтижелі жүргізу үшін неғұрлым тиімді:// Кардиоспецификалық ферменттер деңгейін анықтау// + Іс-шара жүргізгенге дейін антикоагулянттар тағайындау// Кардиоверсияға дейін 3 күн бұрын жүрек гликозидтерін тағайындау// ЭИТ жүргізгеннен кейін антикоагулянттарды және дезагреганттарды бермеу // Кардиоверсия жүргізер алдында бір күн бұрын антиаритмиялық препараттарды бермеу *** 68 жастағы науқас тыныштықта және аздаған физикалық күштемеде пайда болатын төс артындағы басып ауырсынуға, ентігуге шағымданады. Анамнезінде –миокард инфаркты болған. ЖСЖ – минутына 62 рет. АҚҚ – 110/60 мм. с.б.б. Тропонин I - 0 нг/мл. ЭКГ – коронарлық созылмалы жетіспеушілік белгілері. Неғұрлым тиімді тағайындау:// Кетонал// + Кардикет// Дигоксин// Коринфар// Эуфиллин *** А. атты, 47 жастағы науқас ірі ошақты артқыдиафрагмальды миокард инфарктымен ауруханаға түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖСЖ-минутына 110 рет. АҚҚ-150/100 мм с.б.б. ЭхоКГ: гипокинезия аймағы анықталады. Тромболитиктерді тағайындау неғұрлым тиімді:// + Алғашқы 6 сағатта// Алғашқы 24 сағатта// Екінші тәулікте// тыртықтану кезеңінде// Жіті кезеңінде *** Науқас 34 жаста, бас ауыруына, бас айналуына, талуға шағымданады. Объективті: жүрек табанында, төстің оң жағында систоланың ортасында ең жақсы естілетін дөрекі систолалық шу, мойын тамырларына өткізіледі. Вальсальва сынамасында шу азаяды және және тыныс алғанда өзгермейді ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүректің конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді. Неғұрлым тиімді тактика:// Медикаментозды ем// Митральды комиссуротомия// Трикуспидальды қақпақшаның пластиксы// + Қолқалық қақпақшаны протездеу// Митральды қақпақшаны протездеу *** Көбінесе төстің сол жақ қырында, науқас алдыға қарай сәл еңкейіреп отырғанда жақсы естілетін Жоғары жиілікті, үрлемелі диастолалық шу неғұрлым тән: // Қолқа сағасының стенозына// + Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігіне // Митральды қақпақшаның жетіспеушілігіне// Сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозына// Оң жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозына *** З. атты науқас, 43 жаста сол жақ қолға және жауырын астына берілетін төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, аздаған тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: STV2-V4. сегментінің элевациясы. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:// Велоэргометрия// + Коронарография// Вентрикулография// Эхокардиография// Позитронды-эмиссионды томография *** Науқас 48 жаста, ірі ошақты миокард инфарктына байланысты емделуде. 2-тәулікте кеуде клеткасында қатты ауырсыну, ентігу, аз өнімді қақырықпен жөтел, қан түкіру пайда болып, жағдайы күрт нашарлады. ЭКГ: миокардтың алдыңғы қабырғасының жіті инфаркты. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде үшбұрышты қараю анықталады. Науқаста неғұрлым мүмкін дамыған асқыну: // Өкпенің ісінуі// Жіті аневризма// Жүректің тампонадасы// Дресслер синдромы// + Өкпе артериясы тамырларының тромбоэмболиясы *** Науқас 19 жаста ентігуге, бас ауыруына, көз алдының "қарауытуына", аяқтарының жансыздануына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: кәрі жілік артерияларындағы пульс кернеулі, жылдам, сан арерияларында әлсіз, аз кернеулі. АҚҚ қолдарында 170/90 мм с.б.б., аяқтарында 100/70 мм с.б.б. Жүрек аускультациясында: Боткин-Эрба нүктесінде және жүрек ұшында естілетін паравертебральды аймаққа берілетін әлсіз систолалық шу. Рентгенологиялық: қабырғалар узурациясы. Неғұрлым мүмкін диагноз: // Фалло триадасы// Қолқа сағасының стенозы// Митральды қақпақшаның пролапсы// Сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы// + Қолқаның коарктациясы *** Жүректің ревматизмдік созылмалы ауруымен ауыратын 30 жастағы науқаста: ортопноэ, акроцианоз; өкпенің төменгі-бүйір бөліктерінде дауыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін дөрекі пансистолалық шу; тахиаритмия, бауырдың үлкеюі, аяқтарының ісінуі. Неғұрлым тиімді тактика:// + Диуретиктер// Кортикостероидтар// β-адреноблокаторлар// Кальций антагонисттері// Физиотенз Науқас 67 жаста, жатқан кезде пайда болатын ауыр ентігуге, кейде түнгі уақыттағы тұншығуға, аз өнімді құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінде бірнеше рет миокард инфаркты болған. Тексергенде: өкпе артериясында ІІ тонның акценті, өкпеде дауыссыз ылғалды сырылдар, гепатомегалия, аяқтарында айқын ісіну, асцит. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы-бүйір қабырғасында тыртықты өзгерістер. ЭхоКГ: айдау фракциясы - 36%. Алдыңғы қабырғада, пердеде, жүрек ұшында және сол жақ қарыншаның бүйір қабырғасында гипокинезия аймақтары. Неғұрлым тиімді тактика: // Эгилок// + Лазикс// Вазилип// Моноприл// Дилтиазем *** Науқас 73 жаста реанимация бөлімшесіне ауыр жағдайда түсті. Төс артындағы қатты басып ауырсыну ауруханаға жатқызғанға дейінгі кезеңде жүргізілген емнің нәтижесінде басылған. Объективті: терісі сұр түсті, суық жабысқақ тер басқан. Өкпеде – іркілісті сырылдар. Жүрек тондары тұйық, айқын тахикардия, АҚҚ 30/0 мм с.б.б. ЭКГ: STV2-V6 сегментінің депрессиясы. Жіті жүрек жетіспеушілігін емдеу мақсатында неғұрлым тиімді тағайындау:// Лазикс// Изокет// +Допамин// Промедол// Варфарин ***
|
|||
|