Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Пән атауы: Қазақ тілі мен әдебиеті.



Пән атауы: Қазақ тілі мен әдебиеті.

Сабақ тақырыбы: Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға және бәсекелестік

 

1. Сұраныс  – бұл нарықта болатын, ақшамен қамтамасыз етілетін қажеттіліктердің көріну нысаны. Басқаша айтқанда, сұраныс – төлем қабілеті бар қажеттілік.  Тауардың нарықтық бағасы мен сұраныс мөлшерінің арасындағы барлық уақытта да белгілі бір арақатынас болады. Оны  графикті түрде  сұраныс  қисығының сызығы деп атайды.

Тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, оған деген сұраныс төмен болады.

Сұраныс заңы бойынша, егер баға төмендесе, әдетте тұтынушылар тауарды көп мөлшерде сатып алады. Егерде тауарға баға өссе, онда оларға деген сұраныс азаяды.  Сұраныс қисығының сызығы бір қалыпта тұрмайды, ол мезгіл-мезгіл жылжып отырады. Қисық  графигінің оңға қарай ойысуы тауарға сұраныстың өскенін, ал солға қарай ауысуы сұраныстың азайғанын көрсетеді.

 

2. Ұсыныс – бұл нарықта тұрған немесе соған жеткізуге болатын, белгілі бір бағасы бар тауарлар жиынтығы.  Ұсыныс, өндірілген тауарлардың ассортименті (әр алуан тауарлар жиынтығы) және олардың бағалары арқылы сұранысты құрайды, өз кезегінде сұраныс тауар ұсынысының көлемі мен құрлымын белгілейді, себебі тек қана тұтынумен танылатын тауар ғана қайта өндірле алады.  Нарықтық баға мен өндірушілердің ұсыныс қисығының

 Ұсыныс шамасы ресурстардың бағасына, қолданылатын өндіріс технологиясының сипатына, салықтар мен дотацияларға, берілген тауар мен оған ұқсас тауарлардың бағасына, бағаның өзгеруін күтуге, сатушылардың санына, климаттық жағдайларға, өндірістік шығындарға тәуелді болады.

 

3. Сұраныс пен ұсыныс бір-бірімен өзара байланыста және қайшылықта болады.  Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асырлады. Бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, тепе-тең бағаның құрылуына әкеліп соғады.  Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан артық болса, артық ұсыныс пайда болады, немесе ұсыныс шамасы тауар сұранысынан асып кетеді.  Егер нарықтық баға тепе-тең бағадан төмен бекітілетін болса, қанағаттанарлықсыз сұраныс (тапшылық) пайда болады, бұл жағдайда сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан басым болады.  Тауардың бағасының өзгеруі, тұтынушылардың кірісі мен басқа тауарлардың бағасы сұранысқа әр түрлі әсер етеді.

Осындай ауытқуларды тіркейтін – нарықтық баға болып табылады.

 

4. Бәсеке (латын тілінен аударғанда Cocurerre, concurentia тиіп кету, қақтығысу) – бұл нарықтық экономиканың қатысушыларыныңарсындағы тауарларды сатып алу және сату барысындағы өндірістегі ең жақсы жағдайлар үшін бақталастық.Басқаша айтқанда бәсеке – бұл ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін күресу, жарысу.

Бәсеке – нарықтық қатынастардың негізгі категориясы, әр түрлі нысанда болады және әр түрлі жолдармен іске асырлады. Ол сала ішіндегі (біртектес тауарлары арасында) және сала аралық ( әр түрлі салалар тауарлары арасында)бола алады. Ол бағалық және бағалық емес бола алады.

Бағалық бәсеке тауарлар мен қызметтерді бәсекелестің бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген. Баға төмендету шығынды азайту немесе пайданы азайту арқылы ғана мүмкін. Оны тек ірі фирмалар ғана іске асыра алады.

Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететі,н тауарлардың жоғарғы сапасымен және сенімділігімен сатуға негізделген.

Нарықтық қатынастардың қатысушыларының өзара қалай бәсекелесуіне байланысты жетілген (еркін) және жетілмеген бәсеке нарығы деп бөлінеді. Жеке фирмалардың өнім бағасына (базар нарқына) әсер етуі неғұрлым аз болса, соғұрлым нарық бәсекелік деп саналады.

 

ТАПСЫРМАЛАР:

1-тапсырма. Лекцияны конспектілеп жазыңыз, термин сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Баға, тауар, бәсекелестік,нарық сұранысы, тұтынушы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.