Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Р Құқық қорғау қызметі туралы заңы.



ҚР "Құқық қорғау қызметі туралы" заңы.

1. Құқық қорғау қызметі дегеніміз не?

1 дипломатиялық қықмет

2 мемлекеттік қызметтің кез-келген түрі

3 жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі

4 құқық қорғау органдарының лауазымдарындағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі

2. Құқық қорғау органының қызметкері - бұл:

1 ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында, кеден органдарында, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызметте тұрған, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметін іске асыратын Қазақстан Республикасының азаматы

2 мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы

3 жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен атқарушы органдардың қызметкерлері қатарынан атағы немесе сыныптық шені не біліктілік сыныбы белгіленген жергілікті Қазақстан Республикасының азаматы

4 арнаулы атақ, сыныптық шен немесе не белгіленген біліктілік сыныбы берілген өз құзыреті шегінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға

3. Құқық қорғау органының тәртіптік комиссиясы - ол:

1 Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін құқық қорғау органында тәртіпті орнату үшін құрылатын алқалы орган

2 қылмыстық материалдарды қарау үшін құқық қорғау органында құрылатын орган

3 теріс қылықтар фактілерін қарау үшін құқық қорғау органында құрылатын құрылымдық бөлімше

4 құқық қорғау органында теріс қылыққа қатысты фактілерді қызметтік тергеу және зерттеу материалдарын қарау үшін теріс қылық жасау мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау және тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметкерді лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адамды жазалау шарасы туралы ұсыным шығару мақсатында құрылатын тұрақты алқалы орган

4. Заң бойынша қызметтік тергеу - бұл:

1 қызметкердің теріс қылықты жасау мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында, ол туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру бойынша комиссиямен жүргізілетін қызмет, оның құрамында міндетті түрде ардагер болу керек

2 қызметкердің теріс қылықты жасау мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында, ол туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру бойынша қызмет

3 кәсіподақтармен қызметкердің теріс қылықты жасау мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында, ол туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру

4 қызметкердің теріс қылықты және қылмыстық құқықбұзушылық жасау мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында, ол туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру

5. Заң бойынша тәртіптік теріс қылық:

1 қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы атқару кінәсі немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) не ар-намыс кодекстерін (құқық қорғау органдарындағы қолданыстағы қызмет этикасы ережелері) бұзуы, тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауы, сол сияқты құқық қорғау қызметінде болуға байланысты осы Заңда белгіленген шектеулерді сақтамауы

2 қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы атқару кінәсі немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) не ар-намыс кодекстерін (құқық қорғау органдарындағы қолданыстағы қызмет этикасы ережелері) бұзуы

3 қызметкердің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) не ар-намыс кодекстерін (құқық қорғау органдарындағы қолданыстағы қызмет этикасы ережелері) бұзуы, тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауы

4 қызметкердің тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауы, сол сияқты құқық қорғау қызметінде болуға байланысты осы Заңда белгіленген шектеулерді сақтамауы

6. Ротация дегеніміз?:

1 қызмекердің қызметтік өкілеттіктерінің өзгеруі

2 қызметкердің қызметтік мәртебесінің өзгеруі

3 тағылымдамадан өтуіне байланысты қызметкердің қызметтік өкілеттіктерінің өзгеруі

4 құқық қорғау органының құрылымдық және аумақтық және оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелерінің, мекемелерінің, құқық қорғау органы ведомстволарының басшыларын және олардың орынбасарларын құқық қорғау органында лауазымдық ауыстыру

7. Құқық қорғау органының лауазымды тұлғасы конкурстық іріктеуден өтпеген азаматты қызметке алса:

1 тәртіптік жауапкершілікке тартылады

2 әкімшілік жауапкершілікке тартылады

3 қылмыстық жауапкершілікке тартылады

4 жауапкершілікке тартылмайды

8. Құқық қорғау органдарына жатпайды:

1 прокуратура органдары

2 ішкі істер органдары

3 сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі

4 сот және әділет органдары

9. Құқық қорғау қызметінің арнайы принциптеріне жатпайды:

1 адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі

2 азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық;

3 құқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметін ұйымдастыруға көзқарастың біртұтастығы;

единоначалие и субординация (подчиненность)

4 өкілеттіліктерін асыра пайдаланғаны үшін жеке басының жауартылығы

10. Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін айқындайды:

1 Үкімет

2 Парламент

3 Құқық қорғау органының басшысымен

4 Президент

11. Құқық қорғау органдарына қызметке:

1 жасы он сегiзге толған, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмiнің даму жағдайы, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады

2 жасы он алтыға толған, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмiнің даму жағдайы, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады

3 жасы он сегiзге толған, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады

4 жасы он сегiзге толған, денсаулығы мен дене бiтiмiнің даму жағдайы, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады      

12. Қызметкер сынақ мерзімі кезеңінде қандай құқықтарды қоспағанда өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындау барысында берілген құқықтарды толық көлемде асырады?

1 атыс қаруын, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқықтарын

2 жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына

3 оқуға

4 іссапарға жіберілуге

13. Құқық қорғау органы қызметкерінің құқығы болып табылады:

1 өздерінің құқықтары мен лауазымдық міндеттерін айқындайтын ережемен, өзге де құжаттармен және жоғарылатуға ұсыну шарттарымен танысуға

2 лауазымдық міндеттерін атқару үшін және жеке мүддесі үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға

3 қызмет әрекеті нәтижелерін, мемлекеттік қызмет өтілі мен біліктілік деңгейі ескеріле отырып, қызметте өсуіне

4 өзінің кәсіптік қызмет әрекеті туралы пікірлермен және басқа құжаттармен олар жеке ісіне енгізілгенге дейін, жеке ісінің материалдарымен танысуына, сондай-ақ өзінің жазбаша түсініктемелерін және басқа құжаттар мен материалдарды жеке іске қосуына

14. Көрінеу заңға қайшы бұйрықты немесе нұсқауды орындау қызметкерді:

1 жауапкершіліктен босатпайды

2 әкімшілік жауапкершіліктен босатады

3 материалдық жауапкершіліктен босатады

4 тәртіптік жауапкершіліктен босатады

15. Құқық қорғау қызметіне қабылданбайды:

1 құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған

2 құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін бес жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған

3 қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты төрт жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған

4 құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған

 

16. Жетондар кімге берілмейді?

1 прокуратура органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне және экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне

2 прокуратура қызметкерлеріне

3 ішкі істкр органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне және экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне

4 барлық жауаптар дұрыс

17. Құқық қорғау қызметін одан әрі өткеру туралы мәселені шешу үшін қызметкерлер атқарып жүрген лауазымынан босатыла отырып, құқық қорғау органының қарамағына қабылдануы мүмкін:

1 жеке тапсырыс бойынша мемлекеттік қызметшіні даярлауда оқуына байланысты

2 діни және саяси бірлестіктерге іссапарға жәберәлуге байланысты

3 қызметкердің өз қалауы бойынша атқарып жүрген лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағында қалдыру туралы баянатпен өтініш жасауы

4 жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қарамағында қалдырылуы

18. Қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарын (бірінші және кезектi) кіммен беріледi?

1 құқық қорғау органының басшысымен

2 уәкілетті басшымен

3 құқық қорғау органының кадр бөлімінің басышысымен

4 Президентпен

19. Құқық қорғау қызметіне конкурстық iрiктеусiз тұруға құқығы жоқ:

1 құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуын аяқтаған адамдардың

2 қойылатын тиісті бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған адамдардың

3 қойылатын тиісті бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн бұрын әскери қызметшілер болған адамдардың

4 мемлекеттік қызметтен теріс себептермен жұмыстан шығарылған не өз өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқан адамдарды

20. Қызметкерлер жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін олардың қызметіне... жүргізіледі:

1 жыл сайынғы бағалау

2 квартал сайын бағалау

3 ай сайынғы бағалау

4 жарты жылдық бағалау

21. Құқық қорғау органдарына қызметке қандай жастан аспаған азаматтар қабылданада?

1 отыз бес жастан аспаған

2 отыз екі жастан аспаған

3 он сегіз жастан аспаған

4 қырық сегіз жастан аспаған

22. Құқық қорғау қызметіне алғаш тұратын адамдар үшiн тиiстi лауазымға тағайындалған кезде сынақ мерзiмi белгіленеді:

1 төрт айға дейін

2 алты айға дейін

3 үш айға дейін

4 бір жылға дейін

23. Прокуратура органдары қызметіне тұратын адамдар үшiн тиiстi лауазымға тағайындалған кезде сынақ мерзiмi белгіленеді:

1 төрт айға дейін

2 алты айға дейін

3 үш айға дейін

4 бір жылға дейін

24. Қандай қызметкерлерге атыс қаруы мен өзге де қаруды және арнаулы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiледi?

1 көлік бақылау инспекциясының

2 мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының

3 сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі

 

4 сот органдарының

25. Қызметкер лауазымға кіріскеннен кейін бір ай ішінде коммерциялық ұйымдардағы өзінің меншігіндегі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) және пайдаланылуы табыс табуға әкелетін өзге де мүлікті құқық қорғау қызметін өткеру уақытына не істеуге міндетті?

1 сенімгерлікпен басқаруға беруге

2 сыйлауға

3 мемлекетке тапсыруға

4 заңмен қарастырылмаған

26. Құқық қорғау қызметкерінің қандай мүлкі сенімгерлікпен басқаруға берілуге тиіс?

1 автокөлік

2 пәтер

3 акциялар

4 зергерлік бұйымдар

27. Қызметкердiң сенiмгерлікпен басқаруға берiлген мүлiктен, оның iшiнде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар түрінде табыс алуға, мүлiктi жалға беруден және басқа да заңды көздерден табыстар алуға...

1 құқығы бар

2 құқығы жоқ

3 заңмен қарастырылмаған

4 заңда белгіленген мөлшерде ғана

28. Қызметкерлердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу айқындалады:

1 Үкіметпен

2 органның басшысымен

3 Президентпен

4 Парламентпен

29. Қызметкерлер құқық қорғау органдарының кадрында қалдырыла отырып қандай жағдайда оған жатпайтын лауазымдарда ұқық қорғау қызметін өткере алады?

1 не мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен барған

2 жұмыстан босатылған кезде

3 құқығы жоқ

4 заңмен айқындалмаған

30. Қызметкер тағайындалған тәртіптік жазаға шағымдануға құқығы бар ма?

1 иә, прокуратураға

2 құқықғы жоқ

3 жоғары тұрған лауазымды адамдарға және (немесе) сотқа

4 заңда белгіленбеген

31. Арнаулы атақты, сыныптық шендi немесе біліктілік сыныбын бiр сатыға төмендетудi:

1 әкімшілік жауапкершілікретінде

2 қылмыстық жауапкершілік ретінде

3 тәртіптік жаза ретінде  

4 марапаттау шарасы ретінде

32. Біліктілік сыныптары белгілеу реттілігіне қарай:

1 алғашқы және кезекті

2 мерзімді және мерзімсіз

3 алғашқы және мерзімді

4 кезекті және мерзімсіз

33. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемiн алу құқығынсыз қызметтен босату кезiнде бiржолғы жәрдемақылар төлеумен қатар құқық қорғау органдарының (кеден органдарын қоспағанда) орта, аға және жоғары басқарушы құрамының қызметте болудың шектi жасына толғаннан кейiн, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты қызметтен босатылған адамдарына арнаулы атақтары, сыныптық шендері немесе біліктілік сыныптары үшiн қосымша төлемдерi қызметтен босатылған күннен бастап ... сақталады:

1 бiр жыл бойы

2 екі жыл бойы

3 үш жыл бойы

4 сақтамайды

34. Лауазымдарға тағайындау құқығы берiлген құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы жоғары кәсiптiк даярлығы, атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тәжiрибесi бар және денсаулық жағдайы бойынша қызметтi өткеруге жарамды қызметкерлерге олардың келiсуiмен қызмет мерзiмiн:

1 бес жылға дейiн ұзартады

2 бір жылдан бес жылға дейiн ұзартады

3 бір жылға дейiн ұзартады

4 бір жылдан жеті жылға дейiн ұзартады

35. Лауазымды адамдар басқа жерге көшумен байланысты ротацияға жатпайды:

1 мүгедек балалары бар

2 асырауында қарт ата-анасы бар

3 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар отбасы мүшелері бар

4 барлық жауаптар дұрыс

36. Қызметкердің кадр резервінде тұру мерзімі?

1 3 жыл

2 10 жыл

3 3 ай

4 заңмен қарастырылмаған

37 Қызметкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде жарақаттануы, жаралануы (контузия алуы), мертігуі, науқастануы салдарынан немесе қызметкер құқық қорғау қызметінен босатылған күнінен бір жыл өткенге дейін міндеттерін атқару кезінде жарақаттануы, жаралануы (контузия алуы), мертігуі, науқастануы салдарынан болған мүгедектік белгіленгенде біржолғы өтемақы қандай?

1 I топтағы мүгедекке – отыз айлық ақшалай қаражат

2 II топтағы мүгедекке – он сегiз айлық ақшалай қаражат

3 III топтағы мүгедекке – алты айлық ақшалай қаражат

 4 барлық жауаптар дұрыс

38. Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкерге күнтiзбелiк жылдың iшiнде:

1 бірнеше рет берілуі тиіс

2 екі реттен аспай беріледі

3 демалыстар кестесiне сәйкес беріледі

4 заңмен қарастырылмаған

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.