Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Асқазандық диспепсиясиндромы.



Асқазандық диспепсиясиндромы.

Қыжылдау – жара ауруында жиі байқалатын белгілердің бірі. Бұл асқазан- өңештік рефлюкстің салдарынан өңештің асқазан сөлімен тітіркенуінен болатын белгі. Кейде жара ауруында қыжылдаудан басқа белгілер болмайды. Сондықтан қыжылдау болғанда жара ауруынан күдіктеніп, міндетті түрде ФЭГДС жасау қажет.

Кекіру – кардий шамасыздығының үстінде асқазанның антиперистальтикалық жиырылуынан болады, көбіне асқазан денесінің жарасында байқалады.

Жүрек айнуы және құсу. Бұл белгілер жара ауруының өршуі кезінде болады. Жүректің айнуы асқазан денесінің және буылтықтан кейін орналасқан жараларда байқалады. Негізінде, жүректің айнуы ілеспелі гастриттің өршуіне тән белгі. Құсудың негізгі себептері: кезбе нерв тонусының жоғарылауы, асқазан моторикасының тезделуі және асқазанның гиперсекрециясы. Науқас әдетте, ауырсынудың ең күшейген кезінде құсады. Құсықтың дәмі қышқыл болады. Құсқаннан кейін ауырсыну басылады. Бірнеше рет қайталап құсу пилоростенозда немесе пилороспазмда байқалады. Асқазан шыдатпай ауырған жағдайда науқас өз-өзін күштеп құстыруға мәжбүр болады.

Тәбеттің жағдайы. Жара ауруында тәбет төмендемейді, кейде жоғарылайды, бірақ науқастардың кейбіреулері ауырсынуданзардап шегуінен, тамақ ішуден бас тартып арықтайды.

Ішектік диспепсия. Науқастардың көбінде айтарлықтай ішек диспепсиясы болмайды, бірақ кейбіреулерінде тамақты аз ішуінен және спазмолитиктер мен антацидтерді қолданудан іштің қатуы байқалады.

Астеновегетативтік синдромның белгілері – науқасты обьективті тексергенде терінің мрамор тәрізді бозаруы, қол ұштары мен аяқ бастарының салқындығы және ылғалдығы, брадикардияға және артериялық гипотензияға бейімділік байқалады. Аталған өзгерістер парасимпатикалық нерв жүйесі тонусының жоғарылауынан болады.

Жара ауруының өзге белгілерінен (асқынусыз жара ауруында) эпигастрий аймағында бұлшықеттің ширақтығы, нүктелік ауырсынуы байқалады. Науқасты физикальді тексергенде жара ауруының асқынуларын байқауға болады, мәселен тамақ ішкеннен 5-6 сағаттан кейін шылпыл суының естілуі пилоростеноздың болуын растайды. Іштің қолды батыртпай қатаюы – «тақтай тәрізді құрсақ» және бауыр бетіндегі тұйықтықтың жойылуы жара перфорациясына тән белгі.

Асқазандықдиспепсиясиндромы.

Ұзақ жазылмайтын жаралар. Ұзақ жазылмайтын деп емдеу кезінде 2 айдың көлемінде тыртықталып бітелмейтін жараларды айтады.Жараның ұзақ жазылмауы келесі себептерден болуы мүмкін: 50-ден асқан жас; темекі тартуды, алкоголь ішімділікті үзбеу; жұптасқан айқын гастродуоденит, асқазанның немесе ұлтабардың тыртықтық деформациясы; хеликобактерлік инфекцияның толық жойылмауы.

Жара ауруның егде және кәрі жастағылардағы ерекшеліктері:

* Ауырсынудың оншалықты мазаламауы;

* Асқынуға бейімділігі, әсіресе жиі қан кетуі;

* Жараның тез жазылмауы, тереңдеп ұлғаюға бейімділігі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.