Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Орындалған жұмысты sabira.baibusinova.66@mail.ru почтасына жіберіңіз.



Күні: 29.10.2020

Сынып: 9 « »

Оқушының аты-жөні: (обязательно)_____________________________________

Орындалған жұмысты sabira.baibusinova.66@mail.ru почтасына жіберіңіз.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1-нұсқа

Ұзақтығы – 60 минут

 

Оқылым – 30 минут

Жазылым – 30 минут

 

Балл саны – 15

Жиынтық бағалаудың құрылымы

 

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 2 компоненттен тұрады.

 Бірінші компонент – оқылым,

екінші компонент – жазылым және тілдік бағдар дағдыларын тексеруге арналған.

І. Оқылым.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларды орында.

          Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді.

Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған.

«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.

Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.

 

1.Мәтінге ат қой. (озаглавь текст)                                                                                            (1 балл)

_________________________________________________________________________________________

 

2. Мәтіннің негізгі идеясын анықта. (Определи основную идею текста)                              (1 балл)

__________________________________________________________________________________________

 

3. Сөйлемдерді сәйкестендіріңдер. (Соотнесите предложения)                                             (3 балл)

 

1. Жолаушы жүрген адам кездессе А) көптеген мақал-мәтелдер бар
2. Жолаушы ауылға қонуға келсе В) алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған.
3. Жолаушыға қатысты С) үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған
   

4. Мәтіннің мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастыр. (Составь 2 вопроса по содержанию текста) (2 балл)

 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.