|
|||
Тақыры: Ауыз қуысының ағзалары, жұтқыншақ, өңеш құрылысы, топографиясы және функциясы.Тақыры: Ауыз қуысының ағзалары, жұтқыншақ, өңеш құрылысы, топографиясы және функциясы. Ауыз қуысының, еріндердің, таңдай, жұмсақ таңдай, тістер, тілдің құрылысы. Ауыз қуысының бездері, жұтқыншақ бөліктері, құрылысы, өңештің топографиясы.
Ac қорыту жүйесінін бірінші бөлімі бетте ауыз саңылауымен, rima oris, ашылатын ауыз қуысы, cavum oris, болып табылады. Ауыз қуысынан кейін: аран кылтасы, isthmus fauсіит, жұтқыншақ, pharynx, өңеш, esophagus, асқазан, ventriculus, жіңішке ішек, intestinum tenue, тоқ ішек, intestinum crassum, артқы өтіспен, anus, аякталады. Сонымен катар ас қорыту жүйесіне сілекей бездері, бауыр, hepar, және ұйқыбез, pancreas, жатады. Ауыз куысы, cavum oris, топографиялық орналасуына және аткаратын кызметіне қарай ауыз кіреберісі, vestibulum oris, мен меншікті ауыз куысы на, cavum oris propria, бөлінеді. Ауыз кіреберісінін қабырғалары: сыртқы кабырғасын жоғарғы және төменгі еріндер: labium superior et inferior; бүйір кабырғаларынұрт, bucca; ішкі қабырғасын жоғарғы және төменгі жақсұйектерінің ұяшықтык өсінділері, тістер, тістердің қызыл иектері, gingivae, құрайды. Жоғарғы және төменгі еріннің косылған жері ауыз дәнекерін, commissurae labiorum, құрайды. Ауыз кіреберісі сыртқы ортамен жоғарғы ерін мен төменгі еріннің аралығындағы ауыз тесігі, rima oris аркылы қатысады. Ауыз кіреберісінін сырткы қабырғасының терең қабаты жоғарғы және төменгі еріндерді, ұрттың кабырғаларын құраушы ымдау бұлшықеттерінен тұрады. Сырткы беті терімен капталып, кіреберістің ішкі бетіне өткен кезде, ауыз қуысының шырышты кабығы көпкабатты эпителиймен қапталған ш ырышты қабығына жалғасады. Ауыз кіреберісінің шырышты кабығы жоғарғы ерін мен төменгі еріннің ішкі бетін астарлай өтіп, еріндердің жоғарғы, төменгі күмбездерін және жүгенш елерін, frenulum labii superioris et inferioris, кұрап, одан әрі тістердін сыртқы, ішкі қызылиекті, gingiva кұрап, меншікті ауыз қуысының шырышты қабығына жалғасады. Кіреберістің сыртқы бетінін терісі мен шырышты қабы кты ң аралығындағы бөлік еріннің жиектік немесе аралық бөлігі, pars intermedia, деп аталынады. Сыртқы беті мүйізденбеген көпкабатты эпителиймен жауып орналаскан. Бұл бөліктің терен қабаты түйіршіктеліп, ерінді қыскан кезде айқын байкалатын дәнекер тіннен тұрады. Ауыз кіреберісінің шырышасты негізі кіші сілекей бездерден тұрады. Бұл бездер топографиялык орналасуына карай: ерін, ұртжәне үлкен азулык бездерден тұрады. Негізгі кызметі сілекей бөліп шығару. Сонымен катар, ауыз кіреберісінің жоғарғы күмбезінің манында екінші азу тістің түсында шықшыт түтігінің тесігі, ductus parotideus, орналаскан. Қызылиек, gingiva, ауыз қуысының шырышты қабығының туындысы. Қызылиектің ұшы, денесі бар және тістің мойыны мен қызылиектің аралығында қызылиектік қалташалар орналаскан. Қызылиектің терең қабаты дәнекер тіндерден және өте бай қантамырлар мен нервтерден түрады. Қызылиектің қызметі: тістердің тіректік, қорғаныштық қызметін аткару. Ұрт, Ьисса, ауыз кіреберісінің сыртқы бүйір қабырғасын құрауға қатысады. Ұрттың терен қабығы үрт бұлшықетінен, т. buccinator, сырткы беті терімен, ішкі беті көпқабатты эпителиймен капталған шырышты қабықтан түрады. Ұрттың шырышты қабығы мен шырышасты негізінін аралығында жас нәрестелерде ұртмай орналасқан. Ауыз кіреберісі, меншікті ауыз куысымен тістердің аралык саңылаулары арқылы жалғасады. Ауыз куысының меншікті бөлігі, cavum oris propria, ол жоғарғы жағынан жұмсақ және катты таңдаймен, төменгі жағынан ауыз қуысының диафрагмасын кұраушы төменгі жақ—тіласты бұлілыкетімен, бүйірінен тістер мен қызылиектің аралығында орналаскан қуыспен шектеледі. Ауыз куысының кұрамы: тіл мен тістер, бадамшалар және ауыз куысының сілекей бездері. Таңдай, palatum, құрылысына және аткаратын қызметіне карай сүйектік таңдайдан немесе катты тандайдан, palatum osseum seu durum, және жүмсақ тандайдан, palatum molle, тұрады: -катты тандай немесе сүйектік тандай, ол жоғарғы жаксүйектің таңдайлық өсіндісі, processuspalatinus, мен тандай сүйегінің горизонталді табакшасынан, lamina horizontalis, тұрады. -жұмсақ таңдай, palatum molle, жұмсақ тандай артында томен бағытталған тілшіктен, uvula, бүйір капталында алдыңғы тандай-тіл доғасынан, arcus palatoglossus, артқы тандай— жұткыншақ доғасынан, arcuspalatopharyngeus, тұрады. Тандай доғашықтарының аралығында тандай бадамшаларынын шұңқыршалары, fossulae tonsillares, аралығында таңдай бадамш алары, tonsillae palatinae, орналаскан. Жұмсақ таңдайдың терең қабаты көлденең жолақты немесе ерікті бүлшықеттерден және дәнекер тінді табақшадан тұрады. Таңдайдың бұлшықеттері жұмсақ таңдай пердесінін негізін құрап, тамақты жұтканнан кейін, жұмсақ таңдайды томен тартып, жүткыншақтың мұрындык бөлігін ашып, мұрын қуысынан тазаланып, жылынып, ылғалдалған ауаны тыныс алу мүшелеріне карай бағыттаушы бұлшыкеттерден тұрады. Жүмсақтандайдың бұлшықетгері. 1 .Тандай пердесін көтеруші бұлшықеттер: а) Тандай пердесін көтеретін бұлшықет, т. levator veli palatini, ол есту түтігінің шеміршектік бөлігінің сырткы тесігінен, ostium tubae auditivae, басталып, томен қарай бағыт алып, жұмсак тандайдың фиброзды табақшасына жалғасады. Қызметі: тамакты жұгқан кезде жұмсақ тандайды, palatum molle, көтеріп, жұтқыншақтың мүрындык бөлігін жауып, есту түтігінің сырткы тесігін, ostium tubae auditivae, бітеп, дабыл қуысындағы қысымды арттырады. ә) Таңдай пердесін керетін бүлшыкет, т. tensor veli palatini, ол да есту түтігінін шеміршектік бөлігінен басталып, томен бағытта сынатәрізді сүйектің медиалді табақшасының ілмегін, hamulus pterygoideus, сыртынан орай өтіп, жұмсақ таңдайдың фиброзды кабығына жалғасады. Қызметі: жұтқан кезде тамақты жұтқыншақтың мұрындық бөлігіне өткізбеу қызметін атқарады. б) Тілшік бұлшықеті, т. uvulae, сыртқы пішіні сопақтәрізді, ұзындығы орта есеппен 23-37 мм-дей тақ бұлшықет. Ол қатты таңдайдың артқы мұрын өсіндісінен, spina nasalis posterior, және жұмсак тандайдын апоневроз табақш асынан басталып, тілшіктін ұшына барып бекиді. Қызметі: тілшікті көтерумен қатар, жиырылу кезінде кыскарту кызметін атқарады. 2. Таңдай пердесін томен түсіруші бұлшықеттер: а) Тандай—тіл бүлшықеті, т. palatoglossus, ұзындығы 23-33 мм-дей, таңдай—тіл доғашығынын терең қабатында орналаскан. Ол жұмсақ тандайдын фиброзды қабығынан басталып, тіл түбінің маңында тілдің меншікті көлденең бүлшықетіне жалғасады. Кызметі: жиырылған кезде тандай пердесін төмен түсіреді, бүл кезде arcus palatoglossus керіліп, жұтқыншақ тесігі тарылады. ә) Таңдай — жүтқыншақ бұлшыкеті, т. palatopharyngeus, таңдай-жұткыншақ доғашығының терең кабатында орналасқан. Бұл бұлшықеттің ұзындығы бассүйектің сыртқы пішініне байланысты өзгермелі болып келеді. Ол жұмсақ тандайдың фиброзды табақшасынан басталып, жұтқаншақтың бойлық бұлшықет қабатын құрауға қатысады. Қызметі: жиырылған кезде жұгқыншақтың өту жолын тарылтып, таңдай пердесін төмен тартып, ауаның тыныс алу жолына қарай өтуін қамтамасыз етеді. Жұмсак таңдайдың шырышты қабығының, tunica mucosa, мұрын қуысына караған беті кірпікшелі эпителиймен капталған, ауыз қуысына қараған беті көпқабатты эпителиймен көмкерілген. Шырышты қабықтың күрек тіс жанындағы бөлігі күрек тістің бүртігін, papilla incisivae, және күрек тіс жанындағы шырышты кабықтың 3-4 катпарларын, plicae palatinae transversae, құрайды. Ауыз қуысының артқы қабырғасы жоқ, онда аран, fauces, орналасқан. Аран жоғарғы жағынан жұмсақ тандайдың тілшігімен, бүйірінен таңдай доғаларымен (алдыңғы тандай-тіл, артқы тандай-жүтқыншақ) және төменгі жағынан тіл түбімен шектеледі. Негізгі қызметі: ауыз қуысында езіліп, сілекей сөлдері аркылы шыланып, жартылай химиялық ыдырау процесінен өткен тамақты жұтқыншактың ауыздық бөлігіне, pars oralis, өткізу. Тандайдын қанмен қамтамасыз етілуі: Таңдайды сыртқы ұйкы артериясының, a. carotis externa, тармақтары: бет артериясы— a. facialis, жоғарғы жақсүйек артериясы — а. maxillaris, жоғарылаған жұтқыншак артериясы, a. pharyngea ascendens, қандандырады. Таңдайдан венаның ағысы аттас веналар арқылы бет венасына, v. facialis, ағады. Лимфаның ағысы төменгі жақсүйектік және иектік лимфа түйіндеріне, nodi lymphatici submandibularis etsubmentalis, бағытталады. Нервтенуі — бұлшықеттері кезбе нервпен, п. vagus, тандай пердесін керетін бұлшықет, т. tensor veli palatini, V жұптын III қимыл тармағымен. Тіл, lingua, бұлшықетті мүше. Ол ауыз куысының төменгі кабырғасына жақын тіласты безі, glandulae sublingualis, мен жақ—тіл астылык бүлшықеттің, т. mylohyoideus, үстінде орналасқан. Тіл ауыз қуысының сілекей бездерінің секреті аркылы ұнтақталған, шыланған тамақты жүтыну актісі кезінде аран арқылы жұткыншакка өткізіп, сөйлеу және тамақтың дәмін анықтайтын күрделі мүше. Тілдің ұшы, apex linguae, денесі, corpus linguae, және түбі, radix linguae, ажыратылады. Тіл түбі денесінен бұрыш құрап орналасқан шеқаралық сала арқылы, sulcus terminalis, шектелген. Тілдің дорзалді беті немесе тіл арқашығы, dorsum linguae, мен бүйір жиектері және төменгі беті ажыратылады. Тілдің сыртқы беті көпқабатты эпителиймен қапталған шырышты қабықтан тұрады. Тіл арқашығынын шырышты қабығы сырткы бетін жауып, астың дәмін анықтайтын, жалпы сезімдерді және ыстық, суық сезімдерді кабылдайтын бірнеше бүртіктерден тұрады. Тілдің шырышты қабығының бүртіктері: 1.Тілдің жіптәрізді және конустәрізді бүртіктері, papillae fdiformes et papillae conicae, тілдің бүкіл дорзалді бетін жауып, тіл ұшынан түбіне дейінгі аралыкта орналасқан. Тілдің дорзалді бетінің немесе арқашығының бархыттәрізді болып келуі осы бүртіктерге байланысты. Жіптәрізді және конустәрізді бүртіктердің негізгі қызметі: жалпы сезімдерді қабылдау. 2. Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер, papillae fungiformes, тілдің бүйір беттерінде, аркашығында шашыранды түрде, тіл ұшында топталып орналаскан. Мұндай бүртіктердін қызыл түсті болып келуі кан тамырлар капиллярларының беткей орналасуына байланысты. Кызметі: тамақтың тәтті және қышқыл дәмін анықтау. 3. Науашыктәрізді бүртіктер, papillae vallatae, бүртіктердің жалпы саны 7 - 12-дей, олар тіл түбінің маңында шекаралық саланын алдында бүрыш құрап орналасқан. Науашықтәрізді бүртіктердің көлденең ені 2-3 мм- дей. Бүртіктердің үшында дәм сезгіш рецепторлар орналасқан. Қызметі: дәмді сезу. 4. Жапырақтәрізді бүртіктер, papillae foliatae, олар тілдің бүйір кабырғаларында орналаскан. Қызметі: тұзды, тәтті сезімдерді қабылдау. Тілдің шырышты қабығы тіл түбіне қарай өтіп, копқабатты эпителиймен қапталған шырышты кабыққа жалғасады. Тіл түбінің шырышты қабығын кұрап, көмейдің бөбешігіне, epiglottis, қарай өтіп, ортаңғы тіл— бөбешік катпарын, plica glossoepiglottica mediana, және латералді тіл — бөбешік қатпарын, plica glossoepiglottica lateralis, аралығында орналаскан қорғаныш кызметін аткаратын тілбөбешік калтасын құрайды. Тілдін төменгі бетінің шырышты қабығы бұрыш кұрап орналаскан шашақтәрізді екі катпарды кұрайды. Шашақтәрізді қатпарлар, тіл ұшында бұрыш құрай тұйісіп, ауыз қуысының түбінде алшақтай өтіп, аралығында тіл жүгеншігін, frenulum linguae, кұрайды. Тіл жүгеншігінің төменгі бөлігінің бүйір қапталында, тіласты бүртігі, caruncula sublingualis, орналаскан. Бұл бүртіктің артқы бүйір капталында, тіласты сілекей безінің меншікті түтіктері ашылатын тіласты қатпары, plica sublingualis, орналаскан. Тіл бұлшықеттері, musculi linguae, колденең-жолақты ерікті бүлшықеттерден тұрады. Топографиялық орналасуына қарай тіл бұлшыкеттері скелеттік және меншікті бұлшықеттерге бөлінеді. Тілдің бұлшықеттері: 1. Біз-тіласты бұлшықеті, т. styloglossus, самай сүйектің бізтәрізді өсіндісінен басталып, тіл түбінің маңында тілдің меншікті жоғарғы және төменгі бойлық бұлшыкеттеріне жалғасады. Қызметі: тілді жоғары және артка тарту. 2. Тіласты-тіл бұлшықеті, т. hyoglossus, тіласты сүйегінің денесінен және үлкен, кіші мүйіздерінен басталып, тілге карай өтіп, тілдің көлденең бұлшықетіне жалғасады. Қызметі: тілді төмен және артқа қарай тарту. 3. Иек—тіласты бүлшықеті, т. genioglossus, ол төменгі жақсүйектің иектік кылканынан, spina mentalis, басталып, тілдің меншікті вертикалді бұлшыкетіне жалғасады. Қызметі: тілді төмен және алға карай тарту. Тілдін меншікті бұлшықеттері: 1. Тілдің жоғарғы бойлык бұлшықеті, т. longitudinalis superior, тілдің біз—тіласты бұлшықетінің тікелей жалғасы. Бұлшықет тіл түбінің маңынан басталып, бойлай алға карай өтіп, тіл ұшындағы фасциялдык қабыққа барып бекиді. Қызметі: тілді қысқартып, тіл ұшын жоғары көтеру. 2. Тілдің төменгі бойлық бұлшықеті, т. longitudinalis inferior, бұл бұлшыкетте біз-тіласты бұлшықетінің тікелей жалғасы. Ол тіл түбінің маңындағы фасциялдық қабықтан басталып, тіл ұшына қарай алға карай өтіп, тіл ұшындағы фасциялдық қабыққа барып бекиді. Қызметі: тілді қысқартып, аркашығын жоғары көтеріп, тіл ұшын төмен түсіру. Біржакты жиырылғанда тілді бүйір жағына тартады. 3. Тілдің көлденең бүлшықеті, т. transversus linguae, ол тілдің тіласты — тіл бұлшықетінің бүйір қапталында орналасқан фасциялдык тінге барып бекиді. Қызметі: тілдің көлденең енін кішірейту. 4. Тілдін вертикалді бұлшықеті, т. verticalis linguae, тілдің бүйір бөлігінде орналасып, тілді жалпайтады. Тілдің қанмен камтамасыз етілуі Тіл сырткы ұйкы артериясының тармағы тіл артериясымен, a. linqualis, қанмен камтамасыз етіледі. Тілден веналық кан тіл венасына, v. linqualis, ол ішкі мойындырық венаға, v. jugularis interna, ағады. Лимфаның ағысы төменгі жақсүйек астындағы, иектік, латералді терең мойындык лимфа түйіндеріне бағытталады. Тіл денесінен — төменгі жақсүйек астындағы лимфа түйініне, пп. lymphatici submandibulares; Тіл түбінен-жұткыншак артындағы лимфа түйініне- п. lymphaticus retropharyngeus, түйінді екі жақты алып тастау керек. Тіл нервтері бірнеше қайнар көздерінен қалыптасады. Тілдің бұлшықеттерін, тіласты нерві, п. hypoglossus, нервтендіреді. Тілдің шырышты қабығының алдыңғы үштен екі бөлігі тіл нервісімен, п. linqualis, артқы үштен бірі IX жұп тілжұткыншақ нерв талшықтарымен, тіл түбінін шырышты кабығы X жұп кезбе нервтін жоғарғы көмей нервімен; алдыңғы үштен екі бөлігі VII жүп бет нервісінің дабыл ішегінің, chorda tympani, талшыктары қүрамында тіл нервімен нервтендіріледі. Ауыз бездері, glandulae oris, көліміне және атқаратын қызметіне байланысты үлкен және кіші сілекей бездері болып бөлінеді. Ауыз қуысының кіші сілекей бездері, glandulae salivariae minores, шырышасты негіздің терен қабатында орналаскан. Көлемі 1-5 мм шамасындай. Топографиялык орналасуына қарай: ерін бездеріне, glandulae labiales, урт бездеріне, glandulae buccales, үлкен азулық бездерге, glandulae molare, тандай бездеріне, glandulae palatinae, тіл бездеріне, glandulae linguales, бөлінеді. Ауыз қуысының кіші сілекей бездері боліп шығаратын секреттің кұрамына карай: сірлі, шырышты жэне аралас бездерден тұрады. Сірлі бездерге: тіл түбінің безі, шырышты бездерге: тіл ұшындағы жэне тандай безі жатады. Аралас бездерге: ерін, ұрт және үлкен азулық бездер жатады. Ауыз куысының үлкен бездері, glandulae salivariae majores, ауыз куысынан тыс орналаскан үш жұп: шыкшыт, тіласты, төменгі жаксүйек асты бездерден тұрады. 1. Шыкшыт безі, glandulaparotis, ауыз куысының үлкен сілекей бездерінін ішіндегі ең ірі без. Сыртқы пішіні үшбұрыштәрізді, салмағы 20-30 г, ұзындығы 3-5 см, қалыңдығы 2-3 мм-дей. Сыртқы беті фасциялдык қабықпен капталран. Бездің түтігі бетсүйектік доғаның бойынан 1 см төмен, горизонталді бағытта меншікті шайнау бұлшыкеттің, т. masseter, сырткы бетін жанай алға қарай бағыт алып, одан әрі ұрт бұлшықетін, т. buccinator, тесіп өтіп, жоғарғы екінші азу тістің тұсында ауыз қуысының кіреберіс бөлігіне ашылады. Құрылысы жағынан шықшыт без күрделі ұяшықты, бөлетін секретіне байланысты сірлі типті бездерге жатады. Шықшыт бездің, glandula parotidea, канмен қамтамасыз етілуі- шықшыт без тармақтары, rr. parotidei, арқылы. Венаның ағысы-төменгі жақсүйек артындағы венаға, v. retromandibularis, ағады. Лимфаның ағысы- беткей және терең шықшыттық лимфа түйіндеріне, Inn. parotidea superficialis et profunda, бағытталады. Шыкшыт бездің нервтенуі: сезім — қүлақсамай нервісінің тармағы, шықшыт без тармақтарымен, rr. parotidei п. auricularis temporalis; Эфферентті парасимпатикалык- п. salivatorius inferior- дан преганглионарлықталшықтар - ganglion oticum-ға барып үзіліп, постганглионарлык талшыктар п. auriculotemporalisтің құрамында безге барады. Эфферентті симпатикалык- сырткы ұйкы артериясынын маңындағы өрімнен нервтенеді. 2. Тіласты безі, glandula sublingualis, көлемі шагын келген, сыртқы пішіні сопақша немесе үшбүрыштәрізді, шырышты бездерге жатады. Без меншікті ауыз куысының шырышты қабығы мен төменгі жақ—тіласты бұлшықетінің, т. mylohyoideus аралығында, сыртқы беті фиброзды қабықпен қапталып, ауыз қуысының түбінде орналасқан. Тіласты безінің үлкен және кіші түтіктері ажыратылады: - бездің үлкен түтігі, ductus sublingualis major, төменгі жақсүйек асты сілекей бездің түтігімен бірігіп, тілдің тіласты бүртігіне, caruncula sublingualis, ашылады; - бездің кіші түтіктері, ductus sublingualis minores, ұсак, тіласты бүрпгігінің бүйір каптал ында орналаскан майда түтіктер аркылы ашылады. Қызметі: шырышты тіпті секрет бөлу. Тіл асты бездің қанмен камтамасыз етілуі: Безді тіл артериясынын тармагы тіласты артериялары, аа. sublinguales, жэне иекасты артериялары аа. submentales, қандандырады. Веналык қан аттас веналар аркылы агады. Лимфа тамырлары төменгі жақсүйек астындагы жэне иекасты лимфа түйіндеріне ағады. Нервтенуі: парасимпатикалык VII жұп бет нервінің дабыл ішегі аркылы, chorda tympani, және төменгі жаксүйек астындағы өрім, ganglion submandibulare; симпатикалык — сырткы ұйқы артериясынын маңындағы өрімнен нервтенеді. 3. Төменгі жақсүйек асты сілекей безі, glandula submandibularis, кұрылысы жағынан күрделі ұяшықты-түтікті бездерге жатады. Без мойын аймағының төменгі жақсүйек асты үшбұрышында орналаскан. Төменгі жақсүйек асты бездің сыртқы беті жұқа фиброзды тінмен және мойынның теріасты бұлшықетімен, т. platysma, жабылған, жогарғы шеті жақсүйек-тіласты бұлшықетімен, т. mylohyoideus, шектелген. Бездің түтігі, ductus submandibularis, немесе вартонов атты түтігі алға және жоғары өтіп, жаксүйек — тіласты бұшықетін тесіп өтіп, одан әрі тіласты сілекей безінің аралыгымен өтіп, тіласты безінің үлкен түтігімен бірігіп, тіласты жүгеншігінің, frenulum linguae, бүйір қапталында орналаскан тіласты бүртігіне, caruncula sublingualis, ашылады. Төменгі жақсүйек асты безінің, канмен камтамасыз етілуі бет артериясынын без тармактары, rr. glandulares a.facialis, аркылы. Веналык кан аттас веналарға агады. Бездің лимфа тамырлары төменгі жақсүйек астындағы түйіндерге, Inn. submandibulares, агады. Нервтенуі: парасимпатикалык VII жұп бет нервінің дабыл ішегі аркылы, chorda tympani, және төменгі жаксүйек астындағы өрім, ganglion submandibulare; симпатикалык — сырткы ұйқы артериясынын маңындагы өрімнен нервтенеді. Тістер, dentes, шайнау және сөйлеу аппаратының негізгі бөлігі болып саналады. Барлық тістер кұрылысы жағынан бірдей болып келеді. Tiс сауытынан, corona dentis, мойнынан, cervix dentis, және түбірінен, radix dentis, тұрады. Тістердің құрылысы: Tic сауыты, corona dentis, қызылиектен, gingiva, жоғары орналаскан. Tic сауытының тілдікбеті, facies lingualis, кіреберістік беті, facies vestibularis, түйісу беті, facies contactus, алдыңғы беті, арткы беті және қабысу беті, facies occlusalis, ажыратылады. 1. Tic түбірі, radix dentis, сырткы пішіні конустәрізді, жоғарғы жаксүйек пен төменгі жаксүйектің үяшықтық өсінділерінде, alveoli dentales, орналасқан. Әрбір тістін 1-3 түбірлері ажыратылады. Tic түбірініңұшында, apex radicis, тіс үшының тесігі, foramen apicis dentis, болады. 2. Tic мойыны, collum dentis, тіс сауыты мен түбірінін аралығындағы бөлік. Сырткы беті тістің қызылиегінін шырышты қабығымен қапталған. Қызылиек пен тіс мойнының аралығында калташалар орналаскан. Tic сауытының ішінде шағын келген тіс сауыт куысы, cavitas coronalis, орналаскан. Қуыстістүбіріне карай өтіп, жіңішкелеу келе, тіс түбірінің өзегіне, canalis radicis dentis, жалғасып, тіс ұшының тесігімен, foramen apicis dentis, аяқталады. Tic қуысының ішінде тісті кандандырушы тамырлар мен нервтерге бай жұмсак заты, pulpa dentis, орналаскан. Tic затының құрылысы: 1. Tic кіреукесі, эмаль; 2. Дентин; 3. Цемент. Tic сауытының сырткы беті эмальмен, епатеіит, капталған, түбірінің манындығы бөлігі цементпен, cementum dentis, капталган. Дентин, dentinum, тіс қуысының сыртқы бетін коршап орналасқан бастапқы тін болып саналады. Дентин кұрылысы жағынан сүйектің ірі талшықты тіндеріне ұксас жасушасыз, өте катты тіндерден тұрады. Дентиннін кұрылысы: негізгі заттын шеткі бөлігі одонтобласт жасушаларынан, ішінде өте жиі орналаскан дентин өзекшелерінен, canaliculi dentalis, тұрады. Бір мм2 дентиннің ішінде 75000 дентин өзекшелері орналаскан. Дентин сауыттын тұсында түбіріне карағанда қалындау, ішіндегі дентин озекшесі барлык тістерде бірдей орналаспаған. Мысалы: күрек тісте азу тістерге карағанда 1-2 есе көбірек орналаскан. Дентиннің негізгі заты дентин өзекшесінің аралығында орналаскан. Tic сауытының сырткы беті көгілдір келген кіреукемен немесе эмальмен, enamelum, қапталған. Кіреуке кіреукелік призмалардан, prismata adamantina, және олардың аралығында орналаскан жабыскақ призма аралык заттардан тұрады. Кіреукенін калындығы барлык тістерде бірдей емес, ол тістерде 0,01 мм-ден 1,7 мм аралығында, әсіресе тістің мойнында, сауытының маңында калындау. Кіреукенің сыртқы беті қышкылдарға төзімді, өте берік кіреуке кабығымен, cuticula dentis, қапталған. Tic түбірінің сыртқы беті цементпен, cementum, көмкерілген. Tiс цементінің аралык өзекшелері мен қоректендіруші қантамырлары жок. Tiс цементі жанында орналаскан периодонт аркылы коректендіріледі. Tiс түбірінің фиксациялық аппараты. Жоғарғы жақсүйек пен төменгі жаксүйектің ұяшықтық шұнкырларында, тіс түбірлері айналасында орналаскан дәнекер тінді талшыктар арқылы фиксацияланған. Tiс түбірлерінің жанында орналаскан іркілдеген дәнекер тіндер және олардың жасушалық элементтері бірлесіп, тіс түбірінің қабығын немесе периодонтты, periodontium, құрайды. Бұл жағдайда тіс түбірінің периодонты тіс түбірінің сүйектік қабығының, periosteum, қызметін аткарады. Сүйекаралык байланыстың мұндай түрін «қағу», gomphosis, деп атайды. Tiс түбірінің фиксациялык аппараты үш элементтен: жоғарғы жақсүйек пен төменгі жақсүйектің үяшықтық шұнкырларынан, периодонттан және цементтен тұрады. Периодонт, жоғарғы жақсүйек пен төменгі жаксүйектің ұяшықтық шүңқырлары мен тіс цементінің ішінде орналаскан дәнекер тінді жарғақ болып саналады. Периодонттың қалыңдығы тіс түбірінің барлық жерінде бірдей емес. Tiс мойнының тұсында периодонттың калындығы- 0,17-0,19 мм, тіс түбірінің ортаңғы бөлігінде - 0,08-0,14 мм, тіс түбірінің ұшында- 0,16-0,19 мм- дей. Tiс түбірінің шайнау кезіндегі ауыткуы, сол периодонттық саңылаудың көлеміне байланысты. Жоғарғы жаксүйек тістерінің периодонттық саңылауы төменгі жақсүйектің периодонттық саңылауына карағанда кен. Жоғарғы жаксүйек тістерінің қозғалмалы келуі сол себепті. Сонымен катар, тіс түбірінің ұяшыктық шұнкырларының фиксациялануы: тіс—қызылиектік, тіс—ұяшықтық және тіс аралық топтап орналаскан дәнекер тінді талшыктарға немесе байламдарға байланысты. Tiс жалпы пішініне және атқаратын қызметіне карай: күрек, ит, кіші азу және үлкен азу тістерге бөлінеді. Тістердің сырткы пішіндерінің әртүрлі болып келуі эволюциялык даму кезінде, сырткы ортада өмір сүріп, алуан түрлі коректі заттармен коректенуіне тікелей байланысты. Мысалы: күрек тістер тамақты тістеу үшін керек; ит тістер қорғаныштық қызмет атқару; кіші және үлкен азу тістер шайнау, ұнтактау кызметін атқарады. Тістер эмбрионалдық дамуына байланысты сүт тістер, dentes decidui, және тұрақты тістерге, dentes permanentes, бөлінеді. Жоғарғы жаксүйек пен төменгі жақсүйектін тұрақты тістері тістердің ұяшыктық шүнкырларында екі катар симметриялық орналаскан 16-тістен тұрады. Сүт тістердің, dentes decidui, тұрақты тістерден айырмашылығы: жалпы саны-20, кіреукенің түсі көгілдір келген. Сырткы піш іні мен құрылысы жағынан тұрақты тістерден айырмаш ылығы жок. Көлемі түрақты тістерге қарағанда екі есе кішілеу. Tiс сауыты тіс түбіріне Караганда үлкендеу, тіс түбірлері қысқалау келіп алшактау орналаскан. Сүттістердің шығу мерзімі жас нәрестелерде 5-7 ай шамасында шығып, 2-2,5 жас аралығында 20- тіске дейін толық шығып бітеді. Қалыпты жағдайда сүт тістердің шығу кезеңі жас нәрестелерде 6-7 ай мерзім кезінен басталып, 3 жас аралығында аяқталынады. Сүт тістердің шығу кезеңі: алдымен күрек тістер, одан әрі алдыңғы үлкен азу тістер, ит тістер, ең соңында екінші үлкен азу тістер шығады. Үш жастан бастап жеті жасқа дейінгі аралықта сүт тістер кездеседі. Бұл кезең «тыныштык кезеңі» деп аталынады. Сүт тістердің жалпы формуласы: Сүт тістерде: кіші азу тістер мен үлкен үшінші азу тістер болмайды. Сүт тістердің тұрақты тістерге алмасуы 7-8 жастан басталып, 17-21 'жаста аяқталынады. Үшінші үлкен азу тіс немесе ақыл тіс 17-26 жас аралығында қалыптасады. Тістер сыртқы пішіні мен түбірінің санына және атқаратын қызметіне карай бірнеше топ тістерге бөлінеді. Күрек тіс, медиалді және латералді орналаскан екі тістен тұрады. Ит тістің, dentes сапіпі, сауыты үшкір конустәрізді болып, түбірі ұзын және бүйір беттері қысыңқы. Томенгі ит тістердің түбірлері жоғарғы ит тістердін түбірлеріне қарағанда қысқа және ұштары айыртәрізді болып келуімен қатар, қос түбірден тұрады. Ит тістердің кызметі: корғаныш тык немесе жырту қызметін атқару. Кіші азу тістер, dentes premolares, ит тістердің артқы қапталында орналаскан екі тістен тұрады. Сауытының түйісу беттерінің сырткы пішіні сопақша немесе доғатәрізді орналаскан. Сауытының биіктігі ит тістер сауытының биіктігіне қарағанда едәуір томен. Бірінші томпешік кіші азу тісі сауытының кабысу бетінде пішіні конустәрізді, екіншісі ауыз қуысының кіреберіс болігіне жақын орналаскан. Қос томпешектің негізгі қызметі асты уатып ұнтактау, езу. Үлкен азу тістер, dentes molares, кіші азу тістің артында орналаскан 3 тістерден тұрады. Көлемі алдынан артына карай кішілеу орналаскан. Сонғы үшінші азу тіс орташа есеппен 17-18 жас шамасында шығып, өмірге капыптасуына байланысты “акыл тіс”, dens serotinus, деп аталынады. Ерекшеліктері: төменгі жақсүйектің азу тістері сауытының сырткы пішіні шаршытәрізді, кабысу беттері бір — бірімен кресттәрізді айкасқан салалар арқылы төрт төмпешікке бөлінген. Алдыңғы және артқы кос түбірлерден тұрады. Жоғарғы жақ-сүйектің үлкен азу тістерінің ерекшіліктері: сауытының сыртқы пішіні ромбтәрізді. Сауытынын кабысу беттері “Н” әрпіне үқсап орналаскан салалар аркылы бірнеше төмпешіктерге бөлінген. Жоғарғы азу тістер түбірінің жалпы саны үшеу: екеуі ауыз куысының кіреберіс бөлігіне жақын орналасса, үшіншісі тілге жақын орналаскан. Кызметі: тамақты ұнтақтау, езу. Жоғарғы жақсүйек пен төменгі жақсүйектің тістерінің өзара беттесуі “тістесу” немесе оклюзия деп аталады. Қалыпты жағдайда: -жоғарғы жақсүйектін ұяшықтык доғасы төменгі жаксүйектін үяшыктық доғасына қарағанда көлемді болуына байланысты, жоғарғы жақсүйектің күрек тістері ерінге карай ауытқып орналасса, төменгі жақсүйектің тістері керісінше, тілге қарай жақын орналасады; -жоғарғы жақсүйектің үлкен азу тістерінің тілдік томпешегі томенгі жақсүйек азу тістерінің тілдік төмпешегі мен ұрттық томпешегінің аралық саласына дәлме — дәл келуі тиіс. -жоғарғы жақсүйек тістердің төменгі жақсүйек тістерге сәйкес келмеуіне байланысты, бір тістің шайнау беті мен жанасуы сол себепті. Жоғарғы жаксүйек пен төменгі жақсүйек тістердің озара жанасушы тістері антагонист тістер деп аталады. Антагонист тістер, “негізі” және “жанама” антагонист тістер болып екі топқа бөлінеді. Антагонист бір тісті патологиялық жағдайда жүлу, қарама - карсы жағындағы антагонист тістін ауыткуына әкеледі. Тістесудің физиологиялықжәне патологиял ық түрлері ажыратылады. Физиологиялық тістесуде: беттің сыртқы әлпеті, шайнау және сойлеу қабілеттілігі өзгермейді. Сонымен қатар, физиологиялық тістесудің: орто-гнатия, прогения, бипрогнатия және тік тістесу түрлері ажыратылады. Тістердің калыпты жағдайдан тыс ауытқуы. -Көршілес тістер бір — бірімен орнын ауыстырып орналасуы мүмкін. -Тістер, жақтык доғадан алшақ, сүйектік тандайдың немесе ауыз қуысынын кіреберіс бөлігіне жақындап, ауытқып орналасуы байқалады. -Кейбір кезде, тістер мүрын куысында немесе жоғарғы жаксүйек қойнауының ішінде немесе қатты таңдайдың маңында шығуы мүмкін. -Үлкен азу тістер түбірлерінің саны, қалыпты жағдайдан тыс артығырақ немесе кем болып кездесуі жиі байқалады. Тістердің қанмен қамтамасыз етілуі: Тістерді жоғарғы жақсүйек артериясының, a. maxillaris, тармақтары артқы жоғарғы ұяшыктар артериялары, аа. alveolares superiores posteriores; Алдыңғы тістерді — көзұяасты артериясының, a. infraorbitalis, тармақтары — алдыңғы жоғарғы ұяшык артериясы, аа. alveolares superiores anteriores; Төменгі жақсүйек тістерін төменгі жақсүйек артериясынын тармағы—төменгі ұяшық артериясы, a. alveolaris inferior, қанмен қамтамасыз етеді. Веналык кан атгас веналар арқылы бет венасына, v. facialis, ағады. Лимфаның ағысы — төменгі жақсүйек астындағы, иектік және терең мойындық лимфа түйіндеріне ағады.. Нервтенуі — жоғарғы тістер — жоғарғы үяшықтар нервімен — пп. alveolares superiores, Төменгі тістер — төменгі үяшықтар нерві — пп. alveolares inferiores, нервтендіріледі. Жұтқыншақ, pharynx, мойын мен бастың манында орналаскан сыртқы пішіні конустәрізді келген ас қорыту жүйесі мен тыныс алу жүйесінін бастапкы бөлігі. Жүтқыншақ топографиялык орналасуына қарай: мүрындық бөлікке, pars nasalis, ауыздык бөлікке, pars oralis, жэне көмейлік бөлікке pars laryngea, бөлінеді. Жұтқыншактың топографиясы: Жұгқыншақбассүйектің негізінен басталып, VI - мойын омыртқасының тұсында өңешке, esophagus, жалғасады. Артқы кабырғасы мойын омырткаларымен, бүйір қабырғасы: мойын маңында орналаскан ірі кантамырлармен және кезбе нервпен, n.vagus, шектеседі, алдынғы кабырғасы: хоан тесігі, сһоапа, аркылы мұрын куысымен, аран, isthmus faucium, арқылы ауыз куысымен, алмұрт тәрізді калта арқылы, recessus piriformis, арқылы көмеймен шектеседі. Жұгқыншақтың мұрындық бөлігі, pars nasalis, ол бассүйектің негізінен жұмсақ тандайға дейінгі аралыкта орналасқан. Қабырғалары: -Жоғарғы қабырғасы: сынатәрізді сүйек пен шүйде сүйегінін төменгі бетімен шекте- , леді. -Артқы қабыртасы: І-ІІ мойын омыртқасымен және жұтқыншақ бадамшасымен, tonsilla pharyngealis, шектеледі. -Алдьщғы қабырғасы жоқ, хоан тесігі аркылы мұрын куысымен байланысады. -Бүйір қабырғасында: түтік буылтығы, torus tubarius жэне есту түтігінің сырткы тесігі, ostium pharyngeum tubae auditivae, сыртқы есту түтігі мен тандай пердесінің аралығында түтік бадамшасы, tonsilla tubaria, айқын байқалады. -Төменгі қабырғасы жок, жұгкыншақтын ауыздық бөлігіне жалғасады. Жүткыншактын ауыздык бөлігі, pars oralis, ол жұмсақ тандай мен көмей бөбешігінің, epiglottis, аралығында орналаскан. Қабырғалары: -Алдынғы қабырғасы жоқ, аран, fauces, арқылы меншікті ауыз куысымен, cavum oris propria, байланысады. -Арткы кабырғасы бірінші, екінші мойын омыртқаларымен шектеледі. -Жоғарғы, төменгі қабырғалары жоқ, себебі жұткыншақтың мұрындык және көмейлік бөліктеріне жалғасады. Ж ұтқынш ақтың көмейлік бөлігі, pars laryngea, ол көмей қақпағынын тұсынан басталып, VI-мойын омыртқасының тұсынд
|
|||
|