Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Молекулалық биология және биохимия тарауына жиынтық бағалау



 

 

 10-сынып «Биология» пәні 1 тоқсан

Молекулалық биология және биохимия тарауына жиынтық бағалау

1. 1-суретте табиғатта су қоңызының су бетімен жеңіл қозғалып жүргенін көруге болады

 

(а) Су қоңызының су бетінде жүгіруіне мүмкіндік беретін судың қасиетін атаңыз.

 

Су беті - бұл суды басқа денелерден (ауа, қатты немесе сұйық) бөлетін интерфейс. Су бетінің қасиеттері биологиялық және химиялық процестерде маңызды рөл атқарады. Су бетінде кернеу пайда болады. Бұл молекулалар арасындағы тарту күштеріне байланысты. Осы су бетінің тығыздығының арқасында су қоңыздары су үстімен еркін жүре алады.

Немесе

Беттік керілу – судың ұсақ бөлшектерінің бір-біріне тартылу қабілеті. Беттік керілу күші су молекулаларына бір-біріне тұтасуына ғана емес, өзіне жеңіл заттарды ұстауына мүмкіндік береді: су бетіндегі жапырақтар, майда тұқымдар, қағаз қайықтар және т.б.

Осы 2 жауаптың біреуін жазуға болады.

(b) Суды полярлы молекула атауының себебін түсіндіріңіз.

 

Су молекуласы полярлық молекула деп аталады, өйткені оның оң және теріс зарядтары белгілі бір центрге біркелкі бөлінбейді, бірақ оң және теріс полюстерді қалыптастыру үшін асимметриялы түрде орналастырылған.

 

2. 2-суреттегі заттың физикалық қасиеті бойынша түссіз, аморфты кристалл – карамель            түзеді, суда жақсы ериді, дәмі тәтті.

 

(а) Глюкоза мен фруктоза монометрлері болып табылатын күрделі көмірсуды атаңыз.

 

Сахароза молеуласы. Өйткені ол глюкоза мен фруктоза арқылы түзіледі. Кристалды түрде кездеседі, суда жақсы ериді және дәмі тәтті.

(b) Көмірсулардың қызметін сипаттаңыз

 

Көмірсулардың ең маңызды қызметі – энергетикалық. Полисахаридтер крахмал және гликоген сияқты қорға жиналу, ал целлюлоза мен хитин – құрылымдық қызметін атқарады.

3. Omega-3 қанықпаған май қышқылдарынан түзіледі. Қанықпаған май қышқылдарын сипаттаңыз:

 

Көп қанықпаған май қышқылдары мембрана құрамына кіріп олардың серпімділігін қамтамасыз етеді. Жоғарғы энергетикалық молекула болғандықтан жасушада болатын барлық процестерге соның ішінде жасушалық алмасуға қытысып, жасуша ішіне бөгде заттардың енуіне кедергі бола алады. Омега көп қанықпаған май қышқылдары ( линоль, линолен ) витамином F деп те аталады. Омега 3 — Көп қанықпаған май қышқылдарының өкілі. Теңіз және өсімдік майларында көптеп кездеседі. Адам организмінің әртүрлі системеларына кең түрде әсер етеді. Омега-6 пен бірге алмастырылмайтын яғни организмде синтезделмейтін, міндетті түрде ағзаға сырттан келетін тағаммен түсіп тұруға тиісті май қышқылдарының қатарына жатады. Омега-3 организмге жетіспегенде жүрек және қан тамыр аурулары дами түседі, себебі Омега-3 жетіспеушілігі төмен тығыздықтағы холестериннің қан тамыр қабырғасында пайда болуына, ал ол атеросклероздық қабыршақ пайда болуна ықпал жасайды.

4. Төмендегі 3 - суретте нәруыздың үшінші реттік құрылымы және оны түзуге қатысатын байланыстар түрлері берілген.

 

(а) 3-cуреттегі ақпаратты пайдаланып нәруыздың құрылымы бойынша түрін анықтаңыз. Шаршының ішіне V немесе X белгісін қойыңыз

 Глобулалық  (дұрыс)  
 Фибрилярлық  
 

.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.