Педагогтің кәсіби стандарты Жалпы ережелер
Педагогтің кәсіби стандарты Жалпы ережелер
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығына қосымша Педагогтің кәсіби стандарты 1. Жалпы ережелер 1.1 Кәсіби стандарт «Педагог» білім бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде білім ұйымдарының қызметкерлерін оқытуға, білім ұйымдарының бітірушілері мен қызметкерлерін сертификаттауға арналған. 1.2 Қолданыстағы кәсіби стандартта төмендегі терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1.2.3 Тәрбие – әлеуметтік-мәдени нормативтік модельдерге сәйкес қоғамдық және мәдени өмірге қатысуға дайындау мақсатында тұлғаның мақсатты бағытталған қалыптасуы. 1.2.4 Деңгей біліктілігі/біліктіліктік деңгейі – қызметкердің еңбек әрекеттерінің күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілік пен дербестік өлшемдері бойынша сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзыреттілік деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы. 1.2.5 Біліктілік – қызметкердің нақты еңбек қызметін сапалы орындауға дайын болу дәрежесі. 1.2.6 Ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы. 1.2.7 Ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығында мамандар даярлау сұраныс пен ұсыныстарды реттеуге арналған құқықтық және институционалды тетіктердің жиынтығы. 1.2.8 Салалық біліктіліктердің шеңбері (СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы. 1.2.9 Сала/негізгі топ – өндірілетін өнім, өндіріс технологиялары, негізгі қорлар мен жұмысшылардың кәсіби дағдыларының ортақтастығына тән кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы. 1.2.10 Кәсіби топ – кәсіби топшалардың жиынтығы, жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындайтын болжалды ұқсас еңбек қызметінің жиынтығы мен құзыреттіліктері. 1.2.11 Кәсіби топшалар – мамандықтардың жиынтығы, еңбек қызметінің қалыптасқан тұтас жиынтығы және оларды орындау үшін қажетті құзыреттіліктер. 1.2.12 Кәсіби стандарт (КС) – стандарт, нақты бір сала бойынша кәсіби қызметке, еңбек жағдайы мен біліктілік деңгейіне, құзыреттілікке, мазмұнға, сапаға қойылатын талаптар.
1.2.13 Кәсіп/мамандық – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білім туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді және практикалық дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі. 1.2.14 Еңбек қызметі – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерді шешуге бағытталған өзара байланыстағы іс-әрекеттер жиынтығы. 1.3 Осы кәсіби стандартта төмендегідей қысқартулар пайдаланылды: 1.3.1 ҚР – Қазақстан Республикасы. 1.3.2 НҚА – нормативтік құқықтық актілер. 1.3.3 ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері. 1.3.4 СБШ – салалық біліктілік шеңбері. 1.4 Кәсіби стандарттың сипатталуы 1.4.1 Кәсіби стандарт ұлттық біліктілік жүйесінің төрт негізгі элементінің біреуі болып табылады. Білім саласындағы өздігінен/информальді, ресми, ресми емес оқытудың нәтижелерін Ұлттық біліктілік шеңберіндегі (ҰБШ) және Салалық біліктілік шеңберіндегі (СБШ) деңгейлерді ескеріп білім саласындағы ресми, ресми емес, спонтанды оқытудың нәтижелерін мақұлдауға негіз болады, жұмыс беруші және академиялық орта біліктілікті мойындауға және бағалауға жағдай жасайды. 1.4.2 Кәсіби стандарт білім бағдарламалары мен педагогикалық мамандықтардың модульдерін әзірлеу, педагогтарды сертификаттау үшін бағалау материалдарын дайындау және біліктілік деңгейлерінің критерийлерін әзірлеу кезеңінде негіз болып табылады. 1.4.3 Кәсіби стандарт педагогтің кәсіби біліктілігін арттыру жоспарлауын жасау үшін және маңсапқа жету үшін қызмет етеді. Әр келесі деңгей алдыңғы деңгейлердің көрсеткіш жиынтығын жетілдіреді. Дескрипторлардың жинақтаушы және жүйелі сипаты деңгейден деңгейге оқыту нәтижесінің сабақтастығын қамтамасыз етеді. 1.4.4 Кәсіби стандарт төлқұжаттан және білімдегі СБШ 12 деңгейшемен сипатталатын және ҰБШ (4-ден 8-деңгейше) 5 деңгейшелерге сәйкес үш жалпы көрсеткіш: «білім», «іскерлік пен дағдылар», «тұлғалық және кәсіби құзыреттіліктер» көрсетілген мамандық карточкасынан тұрады. 12 деңгейшенің дескрипторлары дербестік пен жауапкершілікті және педагогтің атқаратын еңбек қызметінің күрделілігін ескереді: 1) «іскерлік пен дағдылар»көрсеткішінде дербестік дәрежесі көрсетілген; 2)«тұлғалық және кәсіби құзыреттілік» көрсеткішінде жауапкершілік дәрежесі көрсетілген; 3) «білім»көрсеткішінде педагог мамандығының күрделілік дәрежесі көрсетілген, педагог еңбегінің күрделілігі оның «адам-адам» мамандығымен байланысты. Педагогикалық қызмет – бұл адамның бір-біреуіне ықпалы емес, олардың өзара әрекеттесуі. Сондықтан педагог қызметінің объектісі педагогикалық үдеріс болып саналады, ал білім алушы ықпал жасау объектісінен қызмет субъектісіне ауысады. 1.4.5 Кәсіби стандартта бес еңбек қызметі белгіленген: 1) оқыту; 2) тәрбиелеу;
3) әдістемелік; 4) зерттеушілік; 5) әлеуметтік-коммуникативтік. 1.4.6 Кәсіби стандартта екінші еңбек қызметінің дескрипторлары деңгей бойынша ретке келтірілген. Бұл қызмет «ортақ» барлық деңгей бойынша және педагогикалық қызметтің құндылығын көрсетеді. Педагогтің қызметі бұл құндылықтарсыз тұлғаның психикалық және дене дамуына қауіпті, сонымен қатар, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік саулығы үшін де. 1.4.7 Кәсіби стандарттың тұжырымдамалық негізгі деңгейінде заманауи педагогтің үлгісі бейнеленген. 1.4.8 Кәсіби стандарт педагогикалық біліктіліктің дамуы бойынша дескрипторлармен толығады және осы станлартқа қосымша ретінде маманның жеке карточкасында көрсетіледі. 2. Педагогикалық мамандықтың құндылығы Педагогтің еңбек күрделілігі оның «адам-адам» мамандық/кәсіп түріне жатқызуына байланысты. Педагогтік іс-әрекет – бұл бір адамның басқа адамға тікелей әрекет жасауы емес, олардың өзара әрекеттесуі. Сондықтан педагогтің әрекет объектісі педагогикалық үдеріс болып табылады, ал білім алушы әрекет жасау объектісінен әрекет субъектісіне ауысады. Осының негізінде педагогикалық кәсіп құндылықтары айқындалды: - Білім алушының тұлғасын, оның құқығы мен бостандығын құрметтеу; - басқа сенімдерге, әлем мен дәстүрлерге деген көзқарастарына толеранттілілік білдіру; - мәдени алуан түрлілігіне ашықтығы; - икемділігі, бейімделу қабілеті, эмпатияға деген қабілеті; - тұлға құндылықтарын, тіл мен коммуникацияны түсіну; - өз бетімен білім алу, талдамалық және сыни ойлау дағдылары; - коммуникативтік және тілдік дағдылары; - ынтымақтастық дағдылары, дауларды шешу қабілеті. 3. Кәсіби стандарттың паспорты 2.1 Кәсіби стандарттың атауы: Педагог. 2.2 Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: педагогқа қажет іскерлік пен дағдыларды, білім мен құзыреттіліктерді сипаттау. 2.3 Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: стандарт педагогикалық әрекетке қойылатын талаптарды қамтиды. 2.4 Кәсіби топ: педагогикалық қызметкерлер (ҰБШ және СБШ 5-8 деңгейлері). 2.5 Кәсіби топшалар: педагогтар (ҰБШ және СБШ 5-8 деңгейлер), білім саласындағы менеджерлер (ҰБШ және СБШ 7-8 деңгейлер). 4. Мамандықтардың карточкалары 4.1 Мамандық карточкаларының тізімі: 4.1.1 «Педагог» мамандығының карточкасы – СБШ бойынша 4-8 біліктілік деңгейлер;
|