Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Токсикологияның міндеттері



 

                                      ДӘРІС 1-2

Тақырып. Кіріспе және жалпы токсикология.

 

Дәрістің жоспары:

1. ветеринарлық токсикология.оның ветеринарияға маңызы мен міндеті. Басқа ғылымдармен байланысы.

2. уланудың себептері және зияны.

3. Улы заттардың жіктелуі

3. уытты заттардың токсикидинамикасы мен токсикокинетикасы.Уытты заттарға сезімталдығы.

4. уланған жануарларға диагноз қоюдың жалпы принциптері.

5. уланған жануарларға көрсетілетін алғашқы жәрдем және көмек көрсету шаралары.

    Дәрістің мақсаты:Студенттерге у және улану жайлы мәліметтер жеткізу.

     Түйін сөздер: Токсин, пестицид, токсикодинамика, токсикокинетика.

Мал шаруашылығынынан алынатын өнімдерді арттыру үшін көптеген шаралар жүргізіліп жатыр. Сондай шаралар қатарына өсмдіктер мен жануарларды әртүрлі зиянкестерден қорғау және олардың өнімділігі мен өсімталдығын арттыру шаралары жатады. Қазіргі кезде ауылшаруашылығындағы зор жетістіктерге минералды тыңайтқыштарды, химиялық заттарды қолданғанда ғана жетеді.

Химиялық заттарды жүйелі түрде, дұрыс қолдана білмеу өсімдіктер мен жануарларға және жалпы сыртқы ортаға уытты әсер етіп, зор зиянын тигізеді. Себебі, олар өсімдіктерге жинақталып жануарлар организміне төмендегідей тізбек бойынша өтуі мүмкін:

Топырақ-өсімдік-жануарлар-жануар өнімі-адам.

Химиялық заттардың мұндай уытты әсерін зерртеуде токсикология ғылымының маңызы өте зор.

  Токсикология гректің “toxicon”-улы зат, у-садақ ұшының уы және logos – ілім деген сөзден шыққан. Басқаша айтқанда, улы заттарды зерттейтін ғылым.

  Сонымен токсикология –улы заттардың мал организміне әсерін, олардың қасиетіне организмнің сезімталдығын, улану себептерін ,сонымен бірге диагноз қоюын, емдеу және алдын-алу жолдарын зерттейтін ғылым.

 Токсикология басқа пәндермен тығыз байланысты, себебі:олар әр алуан уларды зерттейді

1. ботаника (улы өсімдіктерді)

2. микробиология (токсиндерді бөлетін патогендік микроорганизмдер)

3. паразитология (уытты заттар бөлетін гельминттер)

4. зоология (улы жәндіктер және бауырымен жорғалаушылар)

5. микология (улы-зардапты саңырауқұлақтар)

6. химия (уытты бейорганикалық және органикалық қосылыстар)

7. патфизиология

8. фармакология

9. клиникалық диагностика, терапия

10.  патанатомия

11.  биохимия(гармондардың,ферменттердің п/б өзгеруі) ъ

12.  зоотехникалық пәндер(зоогигена, мал азықтандыру)

13.  эпизоотлогия

14. ветсан сараптау.

 

Токсикология өте ерте кезден дамып келе жатқан ғылым. Оның даму тарихы адамдардың даму тарихымен тығыз байланысты. Өте ерте кезден-ақ адамдар кураре уы, у қорғасын , стрихнин және басқа да улы заттарды біліп , оларды пайдалана бастады(Индия, Египет).

Токсикологияның дамуына – Гиппократ, Авиценна; Гален, Парцелье, Ли Ши-Шэнь және т.б. ветеринарияның токсикологиясының дамуына зор үлес қосқан ғалымдар Шарль Корневен, К.Дамман, Е. Френер, Г.Лэндер, Ф.Попов, Н.Сошес-Твенский,С. Баженов және т.б.

 

               Токсикологияның міндеттері

1. пестицидтердің , минералды тыңайтқыштардың, улы өсімдіктердің, жемге қосылатын қосылыстардың уыттылығын және кумулятивті әсерін анықтау.

2. улы заттардың биохимиялық және молекулярлық уытты әсерін (токсикодинамикасын) зерттеу

3. улы заттардың организмде сіңірілу құбылысын (токсикокинетика),таралуын, жинақталуын және олардың организмнен бөлініп шығу динамикасын эксперименталды тұрғыдан анықтау.

4. жануарлардың пестицидтермен, минералды тыңайтқыштармен, улы өсімдіктермен және басқа да улы заттармен уланғанда диагноз қою тәсілдерін, профилактикалық шаралар және антидотты (суға қарсы) терапияны жоғары дәрежеде жүргізу.

5. жемдегі, судағы, жануарлар өнімдеріндегі,мүшелері мен ұлпаларындағы даралаған (шабындықтар, жайылымдар,суаттар т.б.) улы заттардың мөлшерін анықтау.

6. жануарлар,балықтар мен аралардың пестицидтермен, минералды тыңайтқыштармен т.б. улы заттармен уланғанда олардан алынатын өнімдерге (сүт, ет, май, жұмыртқа, бал) ветсан экспертизалық баға беру.

7. токсикозданған ауылшаруашылық малдарды диагнозын, профилактикасын және емдеу әдістерін дұрыс жүргізу үшін жаңа әдістемелік нұсқаулар енгізу.

Қорыта айтқанда ветеринарлық токсикологияның 2 міндеті бар:

1. уланудың алдын алу

2. жануарларға дұрыс дәрежеде көмектесу

 

Уланудың негізгі себептері мынадай жағдайларға негізделген.

 

1. улы химикаттарды сақтағанда, тасымалдағанда және қолданғанда қауіпсіздік шараларын және санитарлық ережелерді дұрыс сақтамаудан;

2. құрама жем шығаратын зауыттарда жемнің сапасын бақыламау;

3. жайылымдық және шабындық жерлерді дұрыс бақыламау;

4. өсімдіктерді әртүрлі зиянкестерден қорғау кезінде қолданылатын химиялық заттарды дұрыс қолдана білмеу;

5. егін және мал шаруашылығы маңдарының бір-бірімен байланысының жоқтығы;

6. егін және мал шаруашылығы мамандарының улы химикаттар, минералдық тыңайтқыштар, улы өсімдіктер, туралы білімінің таяздығы.

7. ауылшаруашылық мамандарының арасында улы заттар туралы үгіт-насихат жұмыстарының нашар жүргізілуінен.

                

Ветеринарлық токсикология 2 бөлімнен тұрады:

1.жалпы токсикология

2.жеке токсикология

 

жалпы токсикология – жануарлардың улануының жалпы заңдылықтарын, улану себептерін, уланудың даму механизмін және малды емдеп, алдын-алу шараларын зерттейді.

Жеке токсикология – белгілі бір улы заттың жануарлардың белгілі бір тобына әсерін және организмге түскен уға қарсы организмнің оған қарсы жауап қайтару реакциясын, клиникалық көрінісін зерттейді. Жеке токсикология 4 бөліктен тұрады:

1. минералдық және синтетикалық қосылыстардан улану.

2. өсімдік тектес улардан улану.

3. сапасыз азықтардан улану

4. жәндік тектес улармен улану.

 

 

        “у” дегеніміз не?

1. у ретінде кез келген химиялық зат бола алады. Ол тірі ағзамен әрекеттесе отырып патологиялық процестерге ұласып өлімге құштар етеді.(биохимиялық, физилогиялық процесстерін бұзады).

2. улы заттар дегеніміз – ағзаға түскеннен кейін ондағы физиологиялық құбылысты бұзып, кейде өлімге душар еткізетін заттар. Улы заттардың әсері олардың уыттылығына, ал жануарлардың улану дәрежесі дозасына (Doses-өлшеміне) байланысты .

 

 

Ветеринарлық токсикологияда дозаның мынадай түрлері бар:

1.  Lim ac – (автордың көрсеткіші бойынша оның ). Улы заттардың ең төменгі дозасы – мұнда улы заттар ағзада белгілі бір деңгейде функционалдық өзгерістер туғызғанымен, уланудың клиникалық белгілері байқалмайды (ас,мг/кг) (улы заттарды бір рет ішке немесе тері астына қолданған дозасы).

2. ЛДО – 2 жетідей бақылау ішінде жануарлар төтеп бере алатын заттардың ең жоғарғы дозасы. Мұнда ағзада айтарлықтай патологиялық өзгерістер пайда болғанымен жануарлар өлімге ұшырамайды.

3. ЛД50- улы заттардың орташа дәрежеде өлімге душар еткізетін дозасы. Бұл улы заттардың 2 апталық бақылау мерзімінде жануарлардың 50% өлімге душар еткізетін дозасы.

4. ЛДФ100 – улы заттардың толық өлімге душар еткізетін дозасы.

5. Cl50  және Cl100 – бұл 20  температурада 2 сағат мерзімде жануарларды 50 және 100 %-ке дейін өлімге душар еткізетін улы заттардың мг/м3 ауадағы концентрациясы.

 

          

                 Улы заттардың жіктелуі(классификация) .

Барлық улы заттар мынадай 2 топқа бөлінеді:

 

1. Экзогенді – сыртқы ортадан түсетін уытты заттар. Экзогенді улы заттар өз кезегінде мынадай органикалық, бейорганикалық және жануар тектес улы заттар.

Минерал тектес улы заттарға ауыр металл тұздары жатады(сынап, қорғасын, жез, молибден, таллий, барий және олардың қосындылары және т.б.).

Органикалық улы заттарға – пестицидтер, органикалық қышқылдар және т.б.

Өсімдік тектес улы заттарға - алколоидтар, глюкозиттер, сапониндер, эфир майлары т.б. жатады .

Жануар тектес улы заттарға – жылан, өрмекшілер улар , бактерия, вирус және басқа да микроорганизмдердің токксиндері жатады.

2. эндогенді – ағзаның өзінде қалыпты тіршілік әрекеті кезінде және әртүрлі ауру кезінде пайда болатын уытты заттар(индол, скатол, нитрат, нитриттердің ыдырау өнімдері).

өндіріс саласында қолдануы жағынан (зиянкестерге қарсы ) пестицидер мынадай топтарға бөлінеді:

1. акарицидтер – кенелерге қарсы қолданылады

2. арборицидтер – милиорация кезінде шөппен талдарды өсірмеу үшін қолданылады

3. альгицидтер – су қоймаларындағы балдырларға қарсы

4. аттрактанттар – зиянды жәндіктерді өзіне жақындататындар

5. антитрактанты - зиянды жәндіктерді өзіне жақындатпайтындар

6. гербицидтер – арам өсімдіктерге қарсы

7. дефолианттар – тех.өсімдіктердің жапырақ түсіруге;

8. десиканттар - өсімдіктерді құрғатады;

9. зооцид және родентицидтер – кеміргіштерге қарсы;

10. инсектицидер – зиянды жәндіктерге қарсы

11. ларвицидтер – личинкаларға қарсы;

12. нематоцидтер – жұмыр құрттарға қарсы

13. овицидтер – жәндіктердің жұмыртқаларына қарсы;

14. ретарданттар - өсімдіктердің өсуін реттейді;

15. репелленттер – жәндіктерді үркіту үшін

16. фунгицидтер - әртүрлі саңырауқұлақтарға қарсы

17. ихтиоцидтер – арам балықтарға қарсы

18. хемостерилянттар - жәндіктердің еркегінен ұрғашыларын стерильдеу

 

Пестицидтер химиялық құрылымы бойынша:

Фосфорорганикалық (ФОҚ) , хлорорганикалық (ХОҚ), карбоманты, сынап органикалық қосылыстар, хлорфеноксисірке қышқылының, мочевина және триазин туындыларына , гетероциклдік , мысты, циан- және радон және фтор қосылыстарға бөлінеді.

Жануарлардың улану кезінде мына төмендегі жағдайлар шаруашылыққа орасан зор экономикалық нұқсан келтіреді.

1.  Жануарлар өлім-жітімге ұшырайды

2. жануарлардың өнімділігі мен жұмысқа қабілеттігі төмендейді.

3. ағза әлсіреп , әртүрлі ауруларға резистенттілігі нашарлайды.

4. уланған малдарды емдеуге кеткен шығын.

Улы заттар жануарлар ағзасына енгенде ветеринарлық токсикологиясының негізгі бөліміне токсикокинетика мен токсикодинамикасы жатады.

 

 

ТОКСИКОДИНАМИКА– улы заттардың жануарлардың ағзасына әсер ету механизмін зерттейді.

У әсерінің патогенезі мынадай: улы зат ағзаға түскенде ферменттік жүйені тежеп, ағзаның әр түрлі рецепторлық мүшесін тітіркендіреді. Кез келген у орталық нерв жүйесінің функционалдық күйін күйзелтеді. Мысалы : фосфорорганикалық пестицидтер холинэстераза ферментін блокадалайды, соның салдарынан ацетилхолин медиаторы шектен тыс көбейіп кетеді де, холинергиялық жүйке жүйесінің қызметі күшейеді.

Ағза уға үйренуі мүмкін. Мұның өзі кілегей қабықтың немесе тері бетінің өткізгіштігі кемуінен, заттың тез ыдыруынан, экскреторлық органдардан ұзын қарқынды бөлінуінен деп түсіндіруге болады.

Кейбір улы заттардың уыттылығы онша болмағанымен организмдегі ферменттердің әсерінен өте улы қосылыстарға айналады. Улы заттардың ендігі бір тобы, ферменттердің активтілігін әлсіретіп белокты денатурациялайды (табиғи қалпының бұзылуы ).

Удың әсері мал түріне, жынысына, жасына, күтіп-бағу, азықтандыру және пайдалану жағдайына байланысты.

Улы заттар ағзаға газ, сұйық және қатты күйінде әсер етеді. Физикалық қасиеттерінен олардың ерігіштігінің маңызы зор, себебі, ерігіштігі жоғары болса, әсері де тез болады. Ал қатты заттардың әсері біршама баяу келеді. Газ тәрізді заттар ағзаға тез сіңетіндігінен уыттылығы өте жоғары болады. Удың әсері ағзаға ену жолдарына да көп байланысты.

Олар ағзаға асқорыту, тыныс алу жүйесі және тері –кілегей жамылғылары арқылы енеді.

Малдың азықтан улануы жайылымда да қолда күтіп-баққанда да байқалады. Оның басты себебі – азықта улы өсімдіктер бар. Ауыз қуысы арқылы қарынға түскен улы заттар ағзаға негізінен ішектер арқылы сіңеді. Олардың сіңірілу жылдамдығына көптеген факторлар атап айтқанда – ас қорыту мүшесінің реакциясы қарындағы заттардың мөлшері және т.б. факторлар.

Газ тәріздес улы заттар ағзаға тыныс алу жолдары арқылы ене отырып ағзаға тез сіңеді. Кейде өкпенің структуралық құрылымының өзгертіп лимфа арқылы қанға тарайды.

Улы заттар өздерінің қасиетіне байланысты, жергілікті және жалпы (резорбтивті ) әсер етеді.

 Жергілікті әсері – тиген тканьға әсер етіп ағзаның жалпы реакциясы өзгермейді.

Жалпы әсері – улы заттар қанға сорылып бүкіл ағзаға әсер етіп клиникалық көрінісі байқалады.

Сонымен бірге улы заттар ағзаға эмбриогенді, тератогенді, мутагенді, канцерогенді және аллергиялық әсер етеді.

1. эмбриогенді әсерде – эмбриондардың өсіп-өнуін тоқтатады.

2. тератогенді әсерде – эмбриондардың өсіп өнуі жойылмағанымен әртүрлі қолайсыз жағдайларға ұщырайды(кемістік).

3. мутагенді әсерде – жыныс мүшелерінің қызметі нашарлап, дұрыс дамып жетілмеген ұрпақтар пайда болады.

4. канцерогенді әсерде – клетка элементтерінің өсуі шектен тыс көбейіп зарарлы ісікке ұшырайды.

5. аллергиялық әсерде - әртүрлі аллергиялық реакциялар пайда болады.

ТОКСИКОКИНЕТИКА – улы заттардың ағзаға сіңірілу, таралу , жиналу және ағзадан бөліну заңдылықтарын зерттейді. Ағзаға енген улы заттар тотығады, тотықсызданады, гидролизге және басқа да диссимиляциялық өзгерістерге түседі. Мысалы: бензол– феноксибензолға, формальдегид – құмырсқа қышқылына айналады. Тоықсыздану тотығуға қарағанда сиректеу кездеседі. Мысалы: өте уытты келетін нитриттер уыттығы аз нитриттерге айналады.

  

   



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.