Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жеке адамның темпераментін анықтауға арналған тест



.             Жеке адамның темпераментін анықтауға арналған тест

                                            сұрақтары:

 

1. Сіз елгезексіз, бір орында ұзақ отыра алмайсыз.

2. Сіз қызбасыз, ұстамсызсыз.

3. Сіз шыдамсыз адамсыз.

4. Сіз адамдармен қарым – қатынас жасауда кесіп сөйлейсіз.

5. Сіз бірбеткей адамсыз (қайсарсыз).

6. Ерегісте жол тапқышсыз.

7. Сіз жұмысты тұрақты емес, үзіп- жұлып істейсіз.

8. Сізде тәуекел жасауға бейімдік бар.

9. Сіз кекшіл емессіз.

10. Сіз тез, бірақ тұтыға сөйлейсіз.

11. Сіз қызбалыққа артықша бейімсіз.

12. Сіз өзіңізді даукеспін деп ойлайсыз ба?

13.  Сіз өзгенің кемшілігіне немқұрайлы қарай алмайсыз.

14. Сіз әр жағдайды бет-құбылысыңызбен білдіруге жетіксіз.

15. Сізді үйреншікті, күнделікті қам-қарекет тез шаршатады.

16. Сіз сүлесоқ топтың көңілін тез оятуға ұстасыз.

17. Сіздің іс-қимылыңыздан оқтын-оқтын екпінді қимылға көшуге бейімділік байқалады.

18. Адамдармен қарым-қатынас жасауда сізден тұрақтылық байқалады.

19. Сіз мақсатқа жету жолында алған бетіңізден қайтпайтын адамсыз.

20. Сіз көңіл –күйді тез өзгертуге бейімсіз.

21. Сіз жеке басыңыздағы сәтсіздіктермен қолайсыздықтарды тез жеңе аласыз.

22. Сіз ақкөңіл және қамқор адамсыз.

23. Сіз қуатты (күшті) адамсыз.

24. Сіз өзіңіздің қызығушылығыңызбен бейімділігіңізге терең мән бермейсіз.

25. Сіз болмашы нәрселерді көңілге алып, уайым-қайғыға берілуге бейім адамсыз.

26. Сіз барлық жаңалықтарды тез және жеңіл қабылдайсыз.

27. Сізде керексіз нәрселерге құмарлық басым.

28. Сіз өзіңізге таныс емес қызметті атқаруға жеңіл ауыса саласыз.

29. Сіз өте іскерсіз.

30. Қандай да бір ауыр жағдайларда да сіз өзіңізді ұстамды сезінесіз

және үрейге бой алдырмайсыз.

31. Сіз шешім қабылдауда үнемі асығыстық көрсетесіз.

32. Әдетте сіз қатты сөйлейсіз және оны айрықша қимылдармен сездіресіз.

33. Сізді әдетте міндетті түрде істелетін жұмыс жеңіл болса ғана өзіне тартады.

34. Сіз өзіңізге мүлдем байланыссыз нәрселерді елеуге бейімсіз.

35. Сіз бір-бірімен байланысты білім салалары бойынша түрлі мәліметтерді есте сақтауға бейімсіз.

36. Сіз тыныш әрі тез ұйықтай және ояна аласыз.

37. Сіз әр нәрсені әуелі жасап, содан соң салдары туралы ойланасыз.

38. Бір нәрсеге талас-тартыс туғанда сізді тартыстың туу себебі емес, тек фактісі қызықтырады.

39. Қиын жағдайда сіз өзіңізден бұрын басқаларға жәрдем беруге дайынсыз.

40. Сіз «кек қайтарғаннан» гөрі оңай келісіп кетуге бейімсіз.

41. Бейтаныс орында сіз өзіңізді сенімді ұстайсыз.

42. Сіз өз күшіңізге толық сенімді емессіз.

43. Сіз жалғыздықты ұнатасыз.

44. Сіз жаңа достармен тез тіл табысып кете алмайсыз.

45. Сіз үйреншікті жағдайда оңай жұмыс істей аласыз.

46. Сіз аз ғана сәтсіздіктің өзін көтере алмайсыз.

47. Сізде өз уайым-қайғыдан арылуға бейімдік бар.

48. Сіз ұзаққа созылған ауыр жұмыстан соң толық және ұзақ демалысты қажет етесіз.

49. Сіз өте әсершіл және ерме жансыз, сондықтан да сізді жолыңыздан тайдыру оңай.

50. Сізде қарым-қатынас жасап әңгімелескен адамның мінез-құлқына қарай өзгеріп тұратын белгілер бар.

51. Сіз адаммен асықпай, әбден ойланып сөйлесесіз.

52. Сіз өзгелерге үнемі күдікпен қарауға бейім тұрасыз.

53. Сіз қандай да бір ұялту мен мадақтауға сезімталсыз.

54. Сіз шамадан тыс өкпелегішсіз және үнемі туралықты жақтырмайсыз.

55. Сіз тұйықсыз, жайды көп айта бермейсіз.

56. Сіз әр нәрсені өздігінен істей бермейсіз,сізді міндетті түрде итермелуге тура келеді.

57. Сіз проблемалық мәселелерді әбден ойланып шешкенше және өзіңізге толық түсінікті болғанша жарым-жартылай тастап кете алмайсыз.

58. Сізді әртүрлі білім салалары бойынша мәселелерді ойда сақтау қабілетіңіз нашар болғанмен, соған жақын салалар бойынша мәселелерді есте сақтау қабілетіңіз жақсы.

59. Сізде айналаңыздағы адамдардың сіздің жағдайыңызды тез түсінуін қалыптастыру бейімділігі бар.

60. Сіз жеке басыңызға уайым-қайғы әкелген жағдайды көп уақытқа сақтап, ұмытпайсыз.

61. Сіз өз іс-әрекетіңізді үнемі ретімен және тиянақты жасайсыз.

62. Сіз жағдай мен оқиғаның пісіп-жетілуін күте аласыз.

63. Сіз өзіңізді салқынқанды жанмын деп есептейсіз бе?

64. Сіз тіпті өзіңізге жақын адамдарға да артық-ауыз әңгімелер айтуға құмарсыз.

65. Сіз жұмысыңызда белгілі тәртіппен жұмыс жүйесіне сай әрекет жасайсыз.

66. Сізге әңгімелескенде ойлану үшін үзіліс пен тоқтап-тоқтап сөйлеу тән.

67. Сіз әртүрлі сезімдік толқулар үстінде де өзіңізді-өзіңіз ұстай білесіз.

68. Сіз өзіңіздің де, өзгенің де күшін жұмсауды жөн көрмейсіз.

69. Сізді өз қызметіңізде жұрттың қолдап-қолдамағаны ойландырмайды, сізге бәрі-бір.

70. Сіз сезіммен қарым-қатынас жасауда тұрақты жансыз.

71. Жұмыстағы тәртіптілік сіз үшін жұмыстан кем емес нәрсе.

72. Өз өміріңіздегі жақсылық пен жамандыққа сіз бірдей салқындықпен қарайсыз.

73. Сіз өзгелердің нашар және жарамсыз мінез-құлықтарына кешірімділікпен қарайсыз.

74. Сіз бір жұмысты жасау жайлы берік шешімге келе отырып, сол жұмысты баяу қолға аласыз.

75. Жеке мақсатқа жету үшін сіз оны орындау жолындағы ауырлықтарға, жағдайдың болу-болмауына қарайсыз.

76. Тіпті ауыр уайым-қайғының өзі сіздің өміріңіз бен ағымдағы қызметіңізге өз кесірін тигізе алмайды.

77. Сіз адамдарды сезімдік сапаларымен емес, олардың жұмысқа қабілеттілігіне қарай бағалайсыз.

78. Әңгіме үстінде сіздің ойыңызды бөлді. Алаңдатқанына қарамастан сіз өз ойыңызды үнемі соңына дейін жеткізуге бейімсіз.

79. Сіз кез-келген айқай-шуды, музыканы, қатты айқайлап айтылған сөздерді сабырмен тыңдай аласыз.

80.Сіз өзіңізді сыртқы әсерсіз-ақ алдандырып ұстауға қабілеттісіз.   

 

 




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.