Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ



Қосымша

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

  «Бекітемін» С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры   ___________  

 

 

                                        «Онкология (ЖТД)»

пәні бойынша тест тапсырмалары

             «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығына арналған

Құрастырғандар:

м.ғ.к, АМСК кафедрасының доценті Карибаева Д.О.

 

АМСК кафедрасының ассистенті Купеншеева Д.И.

05_10_ Онкология (ЖТД)_каз

 

$$$001

63 жастағы әйелде өңештің төменгі үштен бір бөлігінде қатерлі ісік анықталды. Ол плевра және диафрагмаға қарай өскен. Жергілікті метастаздар анықталмайды. Қалай TNM жүйесі бойынша МЕЙІЛІНШЕ дұрыс белгілесе болады?

А) T1N1M0

В) T2N0M0

С) T3N1M0

D) T4N2M0

Е) T4N0M0

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 2

{Әдебиеті} = 

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

$$$002

65 жастағы ер адамды бір жылдың көлемінде дисфагия және тығыз тағам жегенде төс артындағы ауыру сезімі мазалайды. Екі айдан бері дисфагия байқалмаған, ас еркін өткен. Бірақ аз уақыттан кейін жағдайы қайта ауырлап, алдыңғы шағымдар пайда болған. Салмағы төмендеген, әлсіздік және мазасыздық қосылған. МЕЙІЛІНШЕ мүмкін болатын алдын-ала диагноз?

А) Өңеш рагі

В) Асқазан ойық жарасы

С) Диафрагманың өңештік өзегінің жарығы

D) Жедел гастрит

Е) Кардия ахалазиясы

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

{Әдебиеті} = 

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

$$$003

Науқасты тік ішек арқылы саусақпен тексергенде төменгі ампулярлы бөлікте түбі тығыз, шеттері валик тәрізді жара анықталды. МЕЙІЛІНШЕ мүмкін болатын диагноз?

А) Тік ішек жарасы

В) Тік ішек рагі

С) Тік ішек сызаты

D) Геморрой

Е) Соқыр ішек рагі

 

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 2

{Әдебиеті} = 

{Курс}= 7

{Семестр} = 14


$$$004

60 жастағы ер адамда өңештің ортаңғы үштен бірінің рагына күдік туды. Рентгенологиялық зерттеуде өңещтің кеуделік бөлігінің төменгі үштен бір бөлігінде 3,0 см-ге созылған, біртекті емес тарылу анықталды. Диагнозды нақтылау үшін қажетті клиникалық минимум?

А) Өңештің шайынды суларын цитологиялық зерттеу

В Өңештің манометриялық зерттеуі

С) Өңештің электрокимографиялық зерттеуі

D) Өңешті биопсиямен бірге эндоскопиялық зерттеу

Е) Өңешті медиастиноскопиялық зерттеу
{Дұрыс жауап} = D

{Күрделілігі} = 3

{Әдебиеті} = 

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

$$$005

48 жастағы науқаста операцияланбайтын асқазан рагі, ішастар, бауыр, сүйекте метастаздар, асцит. Ісікке қарсы ем жүргізілмеген. МЕЙІЛІНШЕ оңтайлы жүргізу тактикасы қайсысы?

А) Антрациклиндермен жүйелі химиотерапия

В) Иммунотерапия

С) Сәулелі терапия

D) Симптоматикалық терапия

Е) Оперативті ем

{Дұрыс жауап} = D

{Күрделілігі} = 3

{Әдебиеті} = 

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 

$$$006

65 жастағы ер адамға асқазан рагіне байланысты дистальді субтотальді резекция жасалған. Лимфа түйіндерде метастаздар анықталмады. Жоспарлы гистологиялық зерттеуде кесу сызығы бойында ісік жасушалары анықталды. Егер қайта операцияға қарсы көрсеткіштер болса, қандай жүргізу тәсілі МЕЙІЛІНШЕ дұрыс?

А) Қайта операция

В) Сәулелі терапия

С) Симптоматикалық ем

D) Гормонотерапия

Е) Полихимиотерапия

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 3

{Әдебиеті} = 

{Курс}= 7

{Семестр} = 14

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.