Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ш. Уәлиханов Сот реформасы



Ш. Уәлиханов Сот реформасы

 

Ежелгі халықтық үлгідегі билер соты

1. Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе

халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек рәсімін терең білетін, оған қоса

шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін қазақ халық алдында

әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң - жораны білетіндігін, шешендігін

танытатын болған. Мұндай адамдардың есімi желдей eciп, әлейім жұртқа таралып,

бірінe емес, бәріне де танылған. Сөйтіп би атағы сот пен адвокаттың icтегi патентке

айналды да, бидің балалары заңнан тәлімі болғандықтан, әке орнына мұрагер болып

қала берді.

2. Рулық әдет-ғұрыптың заңына байланысты бip рудың адамдары бip семьяның

мүшелері сияқты болған да, өз руласы өзге рудың адамдарымен дау шешкенде, билік

сұрағанда ол процесте билік жүргізбей, руласына адвокаттық міндет қана атқарған.

Қазақтың туыстық қатысы жеті атасынан әpi, тайпалық тармақтарына да тараған.

Орта Азиядағы ең күшті билеушілердің бipi Барақ сұлтан 1758 жылы Кішi орданың

ханы Әбілқайырды өлтіріп, бүкіл қазақ халқынан төрт би жинап, өзіне сот құрды. Оның

құрамында Ұлы жүзден Төле би, Кіші жүзден Әйтеке би болды.

3. Сот iciндегi орныққан жоралғы бойынша қаралатын ic, жаңа көрген қуғындаушы

адамның жеке ici болғандықтан, айыпты адамнан би ақысы немесе билігі алынып, биге

тарту етіледі.

4. Биге практикант, ал сотқа жеке ic деп қараудың ceбeбi, қазақ билерi icтi қабылдап,

оны тексеруге кіріскенде, өз бетінше емес, жоқшы адамның өтінішімен немесе

әкімшілік өкіметтің хабарлауымен ғана жүзеге асырылады. Сол себептен де өз

шешімдерінің жүзеге асырылуына қатыса алмаған.

5. Би мен сотқа деген мұндай еркіндік көзқарас арыздану правосына шек қоя алмады,

сондықтан қазақтар қалай арызданамын десе де праволы болды.

6. Би сотының ең бip тамаша ерекшелігінің құрамына, әрине, мына әдет те жатады: егер

айыпты адамға тікелей айғақ табылмай, бipaқ соның кінәлі екеніне күдік басым болса,

онда билер айыпты адамның адал туыстарын төрелікке тартып, яғни оларға айыпкерді

ант бepiп ақтап алуға немесе айыптауына мүмкіндік берген. Бұл «ант берушілердің»

саны және оларды таңдаушылар дәрежесі құралған істің маңыздылығына байланысты

болды. Сонымен ант берушілер айыпталушының жақын руласынан, ал кейде сол

болыстан немесе бүкіл округтен алынған.

7. Билер соты ауызша, халық алдында жария жүргізілді, барлық жағдайда да адвокатура

араласты. Оның халықтың құрметіне бөленгені соншалық, оған ешқандай да тәртіпке

шақыру шарасы бұрын да, қазірге дейін де қолданылып көрілген емес.

Округтік приказ орнағанға дейінгі қазақтың Орта ордасының (Орта жүз) қоныстарында

қырдағы билер соты осындай болды.

Біздің облыстағы қазақтардың қазірге дейін жүргізіліп отырған билер сотын мұқият

қарай, аса зер салсақ та, біз жоғарыда көрсеткен ежелгі халық сотының үлгісіне

қосылған ешқандай жаңалық, өзгеріc таба алмадық. Орыстың қырық жылдық ықпалына

қарамастан жүз жыл бұрынғы, бәлкім бізге дейінгі мың жыл бұрынғы қалпын сақтап

қалған. Сонда халықтың ішкi даму күші де, орыс мекемелері мен заңдары да оның

ежелгі, қарапайым үлгісін өзгерте алмады.

Бұл тараптан орыс үкіметі оған қарапайым да ресми ұйымдық жасап беруді

ойластырып та көрді. Осы мақсатпен 1854 жылы жаңа заң шығарылды. Онда былай

делінеді: «1854 жылы 19 майға дейін би аталғандардың атағы өздеріне қалдырылсын:

бұдан былайғы жерде бұл орынға сұлтандар және 6 жылға дейін ауыл старшыны

міндетті атқарып, жақсы қызмет көрсеткен немесе патша ағзамға қызметімен көзге

түсіп наградталған қауым сайлап, округтік приказ бекіткен адамдар ғана

тағайындалады.

Енді Ciбip ведомствосына қарасты қазақ даласының сот реформасы мәселесінің ең

басты міндетіне, атап айтқанда: қазақ сотының басты элементтepiн орыс губерниясына

жобаланған, мировой соттың негізгі ережесімен салыстыруға көшейік. Жалпы алып

қарағанда, әр түрлі сипаттағы мекеме, бұл екеуінің арасында үлкен ұқсастық,

идеясында екеуіне тең құбылыс мол болып көрінгенмен, ep6ip тармағын жеке алып

талдасақ, тек айырмашылықты ғана байқаймыз. Мәселен, ұқсастық дегеніміз icтің

ауызша, жазбаша, әpi жария қаралуы, бірақ күнде үңіле қараған адамға мұнда

айырмашылық бар: мировой сот өзінің шешімін қағазға түсіреді, ал билер соты

әрқашан олай жасамайды; мировой сот азаматтық icтi ғана жария жүргізеді, ал билер

соты өз әкімшілігіне қарасты істің бәрін жария жүргізеді (бұл егжей-тегжейді заңның

статьяларымен бipгe комитеттің жобасынан алып пайдаланып отырмыз).

Айырмасы мынадай:

а) Сот құрылымы

1. Бидің санына шек қойылмайды. Әрбip округте мировой судья бірнешеу болуы керек.

2. Биді ресми түрде ешкім сайламайды да, ресми түрде ешкім бекітпейді де.

Еуропадағы ақындар, ғалымдар, адвокаттар сияқты билердің маңызы жеке беделге

негізделген. Шекспир мен Гетені әлейім халық ақын санайды, бірақ олардың ұлылығы

туралы пікip үкіметтің декретімен немесе халықтың сайлауына сәйкес негізделмеген.

3. Халық қалағанда ғана би билік жүргізе алады. Оның Renomms жүріп тұрғанда ғана

оған жүгінеді, бедел жойылғанда билік те дәрежеден айырылады. Ал мировой судья үш

жылға сайланады да, қызмет атқарған мерзімінде тұрақты правосы, міндеті болады.

4. Би қазынадан да, халықтан да ешқандай пұл алмайды, бірақ «биден би ақы», ал

мировой судьяға земствоның алым-салығынан бeлгiлi мөлшерде оның тірлігіне, әpi

кеңсе шығынына қаражат бөлінеді.

5. Билердің съезі мезгілсіз, кездейсоқ шақырылады, ал мировой судьялардың съезіне

белгілі мерзім тағайындалады.

6. Мировой судья icтi жалғыз шеше береді, ал билер соты шағым иecі бip рудың адамы

болса, әpi өздері бip үйдің билігін қаласа ғана жалғыз жүргізеді.

ә) Сот ісін жүргізу

1. Мировой судья мынадай icтi қарайды: қылмысты ic бойынша — қылмыс iciн

жүргізудің 19-ст. көрсетілген және азаматтық ic бойынша 500 сомға дейінгi iздeнicкe

жататын ұсақ-түйек күнә мен жазалық icтep. Ал билер қылмыс заңының 2-кітабы, осы томның 183-статьясына қосымша және осы тармақтың екінші тіркемесіне қосымшадан өзге барлық қылмыс пен айыптық істep және қырғыздардың (қазақтардың) өз арасындағы, әpi олардың биге қарайтын жоқтаушылардың icіне байланысты барлық азаматтық істерді

қарайды.

2. Билер жеке адамдардың шағымы және полицияның, басқа өкімет орындарының

мәлімдеуі бойынша ic қарауға кірісті, ал мировой судьялар болса, бұл жағдайда өзге де

қылмыскер мен заң бұзғандар, күнәлілер және өзінің қалауымен күдікті

адамдарға алдын ала ic қозғаған.

3. Билер iсті өз әдет-ғұрпымен, заңымен ана тілінде тергеп, үкім шығарады, ал мировой

судья болса icтi жергілікті тіл ерекшелігімен жүргізген, ұжданмен немесе империяның

жалпы заңының (қылмыстық сот жүргізу, 28-статья) негізінде жүргізді.

4. Бидің шешіміне әрқашан да шағым жасауға болады, ал мировой судьяның шешімі

белгілі жағдайда ақтық шешім, шағым жасауға жатпайды (қылмыс заңының 30-

статьясы, Азаматтық сот iciн жүргізу, 3-статья).

5. Би барлық icтi жария жүргізеді, мировой судья болса азаматтық icтi ғана жария

жүргізеді (Азаматтық сот iciн жүргізу, 5-статья).

6. Билер соты қараған барлық icкe адвокатура қатыстырылады. Ал мировой соттың ic

қарауында адвокат тек азаматтық іске ғана қатыстырылады (Азаматтық сот iciн

жүргізу, 5-статья).

7. Мировой судья ез шешімін сол icке белгіленген кітапшаға тіркейді, ал би сотында

мұндай кітапша жоқ.

8. Бидің шешімін сұлтандар, старшындар, болыстар жүзеге асырады, мировой

судьяның ақтық ұйғарымын мировой судьяның өзi орындайды.

9. Билер сотында шешімге «ант берушінi» қатыстыратын жағдай болады, мұны

ағылшындар факт (guestion of fact) туралы мәселе деп қарайды, мировой сот ант

берушіні қатыстырмай-ақ шешім қабылдайды.

Қазақтың билер сотымен мировой соттың ic жүргізуінің осы салыстырудан

байқайтынымыз, адалдықтағы үлкен айырмашылықты былай қойғанда, мировой сотпен

қазақтың билер сотының жалпы идеясында, практикалық мақсатында екеуіне де тән

ұқсастық мол, бірақ мировой сотта ерен формальдық (немқұрайдылық) және

бюрократтық (төрешілдік) белгілер басымдау. Біздің ойымызша, егер өсіп өнудің

жоғарғы сатысы мен төменгі сатысындағы үйлесімділікті, ұқсастықты ескерсек,

мировой соттан билер сотының ең болғанда қазақ үшін кейбір айырмашылығы барына

таңдануға болмайды. Дәріптеп жіберіпті деп айтудан жасқанғанымыз болмаса,

артықшылығы басым дер едім.

Билер сотының артықшылығы, ол істі некен-саяқ болмаса, жалғыз шешпейді, оған

қатысатын адамға шек қойылмайды, ал тіпті кейде олар ақтаушы да болып көрінеді

және бидің шешіміне шағым жасауға да құқы бар. Бұл тараптан қарағанда мировой

судьяларға үлкен билік берілген, әрі көп жағдайда да судья ешбір кeпiлдiкciз, бip ғана

ардың заңын басшылыққа алып, шешім қабылдайды.

Бұл кeлтipiлгeн фактілер мен дәлелдерден мына жағдайды аңғаруға болады:

1. Орыс губернияларына арналып жобаланған мировой соттың бастамасы көптеген

жағдайларда қазақ халқының тірлігіне үйлеспейді.

2. Қазақтағы рулық әдет-ғұрыпта, рулық қатыс үcтeмдiк құрып отырған жағдайда,

қазіргі кезде қызмет көрсетіп отырған билер соты басынан кешкен өмірінде халықтың

өзі өндірген өнімі eсепті, оның елінің ерекшелігінің ықпалымен өсіп-өркендеуінің

жемісі есебінде халықтың өркендеуін толық қанағаттандыра алады.

3. Мировой сотпен салыстырғанда билер сотының ең болмағанда қазақ ушін кейбір

айырмашылығы бар.

4. Сот реформасы мәселесімен пікір жинағанда, қазақ жұртының басым көпшілігі

ежелгі билер сотына ешқандай өзгеріс немесе қосымша енгізбей қолдады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.