|
|||
РефлексияРефлексия Мен, № 56 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі 8 сыныпта өзін-өзі тану пәні мұғалімі Жаппашева Айгүл Рақымжанқызымен «Сарыарқа» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткіздік. Мақсатымыз: қасиетті өлкенің жер бедерінің ерекшелігін,соған байланысты қалыптасқан климатын, табиғат зоналарын және қорғалатын аймақтары туралы білімдерін қалыптастыра отырып, табиғатты сүюге, оның заңдылықтарын логикалық ойлау арқылы жеткізе білуге және елінің, жерінің амандығын бағалай, қорғай білуге тәрбиелеу болды. Осы мақсатта бағдарламаның сын тұрғысынан ойлау, дарынды баламен жұмыс, диалогтік оқыту және АКТ-ны пайдалану модульдерінің элементтерін пайдаландық. Оқушылар алдыңғы сабақта бұл аймақтың географиялық орны мен жер бедері туралы мәлімет алғандықтан үйден «Астана -жас қалам» тақырыбында және табиғи құрылымдар, қорықтар туралы хабарламалар дайындап келген. Сондай-ақ оқушылар Сарыарқа жерінде дүниеге келген атақты адамдар кімдер және осы аттас күйдің, әндердің шығу тарихы туралы сұрақтар төңірегінде өз ойларымен бөлісті. Сабақ «Нұрға бөлену» атты тыныштық сәтімен басталып,»Сарыарқа» күйін тыңдаумен аяқталды.
|
|||
|