|
|||
Дезинфекция: түрлері, әдістері. Қолданылатын заттарСтр 1 из 7Следующая ⇒ Дезинфекция: түрлері, әдістері. Қолданылатын заттар Дезинфекция Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады. Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою. Зарарсыздандырудың екі түрі бар: алдын - алу және ошақты. Алдын - алу (профилактикалық) зарарсыздандыруемдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі. Ошақты зарарсыздандыруинфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі. Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы. Күнделікті–үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: палатада күніне 2 рет, процедуралық бөлмеде 3 рет, асханада әр тамақтан кейін, әжетханада ластанған сайын, манипуляциялық бөлмеде әр бір манипуляциядан кейін зарарсыздандыру жүргізіліп отырады. Қорытынды– науқас емделіп жақсы болып ауруханадан шыққан соң, науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң бір рет өткізілетін шара. Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекциядан толық бір жолата тазарту. Ол 1 рет жасалынады, қалалық жерде 5-6 сағат ішінде, ауылдық жерде 12 сағат ішінде келесі жағдайларда жүргізілу керек.
1. 2. 3. 4.
Зарарсыздандырудың әдістері: механикалық, физикалық, химиялық, аралас. Механикалық– жуу, шансорғышпен өңдеу, желдету, кір жуу, ылғалды жинау, қолды жуу. Физикалық- қайнату, ыстық құрғақ ауа, сулы бумен әсер, ультракүлгін сәулемен әсер ету т.б. Физикалық әдіске жататындары:
Химиялық әдіс - химиялық заттарды қолдану (сутегінің асқын тотығы, формалин, септокол, лизоформин, эрасан, гипохлорид кальций. ЕПҰ-да зарарсыздаудың химиялық түрінің толық батыру әдісі жиі қолданылады. Науқаспен қарым-қатынаста болмайтын заттар, оның бөліктері үшін дәке, бөз шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге малып, 2 рет сүрту әдісі қолданылады. ЕПҰ-да дезинфекция үшін тек ғана денсаулықсақтау министрлігі, сан-эпид бақылаудың рұқсат етілген ерітінділері қолданылады. Сүрту үшін дезинфекциялық ерітінділерді: сайдекс, формалин, глутарал, дезоксон-1 және тағы басқа адам ағзасына жоғары токсикалық әсерінен қолдануға болмайды. Зарарсыздандырудың химиялық әдісіне жататындары:
Аралас әдіс - бірнеше тәсілдерді қосып пайдалану арқылы жүзеге асырылады және арнайы зарарсыздаушы камераларда жүргізіледі. Булы-ауалы 110˚С температурада ылғалды ауамен, 0,5 атм қысым, экспозиция – 20 минут. Параформалинді – 0,5 атм режимі, температура 90˚С, экспозия -30 минут Камералы дезинфекцияда заттар ыстық ауамен белгілі температурада жоғары қысыммен, кейде будың әсерін күшейту үшін қосымша формальдегидті (формалин) камераға жіберу арқылы зарарсызданады.
|
|||
|