|
|||
Кіріспе.3
Қарағанды техникалық университеті
ҚАжЕҚ кафедрасы
Реферат (СОӨЖ)
Пәні: Еңбек қорғау Тақырыбы: Кәсіби сырқат
Студент: Муталяпов Т. Л. Тобы: БЖД-18С Жетекшісі: Макашев Б. К.
Қарағанды 2020
Жоспар: Кіріспе.....................................................3 Негізгі бөлім...............................................4 1. Кәсіби ауруларға жалпы түсінік 2. Кәсіби аурулар мен уланудың тізбесі Қорытынды.............................................24 Пайдаланылған әдебиеттер...................25 Кіріспе Қазіргі өркениетті елдерде, ірі мемлекеттерде заманауи басты мәселелердің бірі – адам факторы. Өйткені адам — мемлекеттің баға жетпес байлығы. Сондықтан да адам денсаулығын сақтау қоғамның тұтастай макрожүйесінің басты, негізгі және жүйеқұраушы факторы болып табылады. Қоршаған орта мен өндіріске тәуелді болып отырған адам денсаулығының жағдайы туралы ақпараттың үнемі және жүйелі беріліп тұруы, қоғамдық макрожүйенің жұмыс тиімділігін арттыру мен еліміздің аймақтық әлеуметтік-экономикалық жоспарының басты қағидаларының бірі болуға тиіс. Қазіргі заманғы қызмет істеуші адамның денсаулық жағдайын және кәсіби қызметіне ықпалын жан-жақты талдау санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бүгінгі таңдағы басты бағыттарының бірі болып табылады. Еңбек ету шарттарының өз деңгейінде орындал-мауынан қолайсыздықтың тууы, қол күшімен атқарылатын ауыр жұмыстар ауқымының ұлғаюы, еңбек және демалыс тәртібінің бұзылуы, аурудың алдын алу бойынша профилактикалық медициналық тексерулердің сапасы мен қамту көлемінің төмендігі, медициналық-санитариялық бөлімдер мен бекеттердің, профилакториялардың жаппай жабылуы, жойылуы, бұрынғыдай жұмысшылардың шипажайларда, сауық-тыру орындарында, жылына бір рет демалып, күш-қуат жинап, денсаулығын қалпына келтіруге жағдай жасалынбауы кәсіби аурулардың бел алуына және түрлі аурулардың асқынуына, өзге де аурулардың пайда болуына мүмкіндік жасап, аурушаңдыққа алып келеді. Мәселен, Қазақстанда кәсіби аурулардың мынадай нозологиялық түрлері жиі кездесіп отыр: тыныс алу органдарының (39,2%), діріл ауруы (12,7%), қимыл-қозғалыс жүйесінің бұзылуы (22,9%), есту органдарының зардаптануы (7,6%), инфекциялық жұқпа аурулар (13,6%). Кәсіби созылмалы аурулар ішінде шаң-тозаңнан болатын тыныс алу мүшелерінің зақымдануына байланысты түрлі аурулар (11-13%), /пневмокониоздар (13-14%)/, демікпе ауруы (51%-ға дейін). Кәсіби уланулар, көбіне жұмыс орнында улану (5-6%) фактілері негізінен қорғасынның әсерінен және оның қосындылары: сынап, көмірқышқыл тотығы, хлор және фосфордан уланулар бойынша көбірек тіркеледі. Жалпы кәсіби аурулардың ішінде әсіресе жұмыс істеу қабілетін уақытша жоғалту жоғары деңгейде қалып отыр. Ал бұл біздің қоғам үшін ойланатын, шешімін табуға тиіс жағдай. Кәсіби аурушаңдықтың салдарынан еңбекке қабілеттіліктің және өмір жасының ұзақтығы-ның төмендеуі байқалады. Жұмысшылар арасында кәсіби аурумен ауыратындардың көп үлесін әйелдер құрап отыр. Денсаулыққа зиянды жағдайда еңбек ететін әйелдердің саны көбеюде. Соңғы жылдарда акционерлік қоғамдардың, қауымдастықтардың, концерндердің, өнеркәсіптерді басқарудың құрылымдық жүйелерінің өзгеруіне бай-ланысты кәсіби ауруларды есепке алу мен есептеу мәселелері қиындай түсіп отыр. Экономикалық тұрғыдан мүдделіктің болмауынан және жұмыс берушінің жұмысшылардың денсаулығы мен жұ-мысшы еңбегін қорғау шарттарын орындауға құ-лықсыздық танытуынан, жауапкершілік сезінбеуінен, аз уақыт ішінде тез пайда табуға мүдделігінен кәсіби, өндіріске байланысты аурулардың көбеюіне, тәуекел етуге көбірек жол беруінің салдарынан келеңсіздік жағдайларға душар болу фактілерінің көбеюі жол берілуде Кәсіби аурулар – белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивтіпрепараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 – 20 мин), техникалық шараларды іске асыру – Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді. Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы. Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді: 1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану; 2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану; 3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану); 4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар); 5. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану; 6. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары. 1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану; 2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану; 3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану); 4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар); 5. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану; 6. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.
Жарақаттың себебі: 1. Экзогендік факторлар — сырттан келген факторлардың әсерінен болады. 2. Эндогендік факторлар — іштен келген факторлардың әсерінен болады. 1. механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау). 2. химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері). 3. физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тоғының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері). 4. биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроорганизмдердің әсері) 5. психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан).
1. Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа — терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ — қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы. 2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану. 3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақақаттар. 4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар. Жарақаттардың белгілері: Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б. Жарақаттанушылықтың түрлері: 1) транспорттық (автокөліктік, темір, әуе, су жөл көліктік) 2) өндірістік (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық) 3) балалы 4) тұрмыстық 5) спорттық 6) көшелік 7) әскерлік 8) жасандық (суицидтік) жарақаттанушылық.
Өндірістік жарақаттар, бақытсыздық жағдайлар және кәсіби
Бақытсыз жағдайлардың негізгі себептері: 1. машина, механизмдер, қондырғы, құрал-жабдықтар бөлуге, сақтауға 2. дұрыс жөнделмегендігінен; 3. үй, жұмыс орындары және олардың элементтерінің техникалық күйінің 4. технологиялық процестің жетілдірілмеуінен; 5. технологиялық процестің бұзылуынан, қажетті техникалық құжаттың 6. жол қозғалысы ережелерінің бұзылуынан; 7. ұйымдастыру жұмысы қанағаттанарлық болса да, жұмыс орнының, 8. техникалық қауіпсіз ережелерін администрация бұзса; 9. жеке қорғаныс құралдарының жоқтығынан, не дұрыс қолданбауынан, не 10. инструктаж кезіндегі кемшіліктер болуынан; 11. жұмысшы мамандығына сәйкес болмаған жағдайда.
Жарақаттану факторларының негізгі түрлері: 1. машина, механизмдер, құралдар, қосымша құралдар; 2. транспорт жабдықтары, автотранспорт, жүк көтеруші қондырғылар; 3. құлаған, жарылған, ұшқан заттар және олардың жарықшалары; 4. үймереттердің немесе оның бөліктерінің құлауы; 5. адамның биіктен құлауы; 6. электр тоғы; 7. термиялық фактор ( күйік); 8. заттар, жүктер қозғалыста болуы; 9. уланған заттар; 10. суға бату;
Кәсіби аурулар– белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 – 20 мин), техникалық шараларды іске асыру – Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді.
Сәтсіз оқиға туралы акт - жазатайым болған оқиғаны куәләндіру үшін заңмен ескерілген тәртіппен жасалынатын заңдық құжат, ол өндірістік зақымның себептерін талдауға және оларды жоюға шаралар жасау үшін бастапқы материал болады.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. "Қазақ Энциклопедиясы”, IV-том 2. Jump up ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. "Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0 3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Сәулет және құрылыс / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ, 2006. - 280 6.ISBN 9965-808-83-Х
|
|||
|