|
|||
Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар2. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасының мазмұны: 1) күтілетін нәтижелер түріндегі мақсаттар жүйесіне жету есебінен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыруға; 2) ұлттық дәстүрлерге, сондай-ақ жалпы адамзаттық қағидалар мен нормаларға негізделген рухани-адамгершілік және мәдени-әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруға; 3) тәрбиелеу, дамыту және оқытудың мақсат-міндеттерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптардың, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің арасындағы жүйелілік, тұтастық, сабақтастық және үздіксіздік қағидаттарының бірлігін қамтамасыз етуге; 4) балалардың, соның ішінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдайларды жасауға; 5) мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын қызметінен оқу қызметіне біртіндеп өтуге дайындыққа; 6) жеке тәсілдер негізінде балалардың түрлі іс-әрекеттерінде олардың қабілеттерін, бейімділіктерін, талаптары мен дарындылықтарын дамытуға; 7) мектеп жасына дейінгі балалардың бастауыш мектепте оқуына тең мүмкіндік беруді көздейтін қарапайым қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. 9. Әрбір жас тобы бойынша дағдыларды меңгеру деңгейі осы стандартқа қосымшаға сәйкес 1, 2, 3, 4, 5-кестелерде келтірілген. 10. Баланың қалыптасқан дағдылары: 1) дене бітімі дамыған; 2) білуге құмар; 3) белсенді; 4) эмоциялық елгезек; 5) үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау құралдары мен өзара іс-қимыл тәсілдерін меңгерген; 6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (елі), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар; 7) мектепте оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды.
|
|||
|