Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының тұжырымдамасы



«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының тұжырымдамасы

Өткізу күні:20 тамыз 2020 жыл

Өткізу уақыты:әр мектеп өздігінен анықтайды

Тақырыбы:Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы

Ата-аналар жиналысының мақсаты:коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету

Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында өткізіледі.

Өткізу форматы: қашықтан. Ата-аналарға сілтемелер алдын-ала жіберіледі.

Қатысушылар: ата-аналар (балалардың заңды өкілдері).

Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:

1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.

2) Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.

3) Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.

4) Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.

5) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.

6) Баланың оқу режимі және демалысы.

7) Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?

8) Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер.

9) Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы  ережелерімен таныстыру

10) Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.

 

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында әрбір білім беру ұйымында оқыту форматы әрбір өңірдегі санитарлық - эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Әр мектеп ата-аналар жиналысын өткізу кезінде оқытудың тиісті форматын анықтайды және ата-аналарды ақпараттандыруға дайындайды.

Әр сынып жетекші өз сыныбымен ата-аналар жиналысын өткізеді.

Оқу форматын таңдауды сынып жетекші түсіндіреді. Егер, қолайлы эпидемиологиялық жағдайы бар шалғайдағы елді мекенде орналасқан мектеп балаларды штаттық форматта оқытуды жоспарласа, онда ата-аналарға санитарлық-эпидемиологиялық және мектепке баратын кезде қойылатын талаптар түсіндіріледі.

1-4 «кезекші сыныптардың» жұмыс істеу ережелері 1-4 сынып ата-аналарына түсіндіріледі.

Егер мектеп қашықтан оқыту форматын жоспарласа, онда ата-аналарға форматты таңдау себебін, оның оқу ережесін, ерекшеліктерін және т. б. оқыту тұстары түсіндіріледі.

Қосымша білім беру ресурсы ретінде «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде, «ЕлАрна» телеарнасында орыс тілінде телевизиялық сабақтар ұсынылатын болады.

Дәстүрлі (күндізгі) оқыту форматы оқытудың негізгі нысаны болып қалатыны ата-аналарға түсіндіріледі. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде, мектеп біртіндеп әдеттегі дәстүрлі форматтағы қызметін бастайтын болады.

Балалар үшін мектеп формасының міндеттілігі сақталады. Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылында балаларға ыңғайлы, ұқыпты іскерлік стильдегі киімде сабаққа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданды.

Шектеу іс-шараларына байланысты балалардың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамалар сұралмайды (ата-аналардан балалардың денсаулығын сақтау мақсатында бұл мәліметтер нақтыланады).

Мектептер балаларды оқулықтармен қамтамасыз етеді. Әр мектеп ҚР БҒМ «Оқулық» РҒПО ұсынымдары негізінде карантиндік шаралар жағдайында оқулықтарды берудің ішкі ережелерін анықтайды.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.