Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Пән модулі. Дәрісханалық сабақтар. зіндік жұмыс. Аралық аттестация өткізу формасы. КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ. Күзгі және көктемгі семестр. Модуль 1 – «Саясаттанудың



Пән модулі

Дәрісханалық сабақтар

Өзіндік жұмыс

Аралық аттестация өткізу формасы

Д ТС ЗС СОӨЖ БӨЖ
Модуль 1.  

Тест

Модуль 2.  
Модуль 3.  
Қорытынды:

4. КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ

3 – кесте. Дәріс сабақтары және БӨЖ.

Пән мазмұны (тақырыптың толық мазмұны) Дәріс сағатының саны Әдебиет БӨЖ тақырыбы БӨЖ-ға әдістемелік ұсыныстар БӨЖ сағаттары

Күзгі және көктемгі семестр

Модуль 1 – «Саясаттанудың жалпы теориялық мәселелері»

Тақырып - «Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде». Мазмұны: Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері. Саяси шынайылықты зерттеу әдістері. Саяси ғылымның ғылыми- тапнымдық, әдіснамалық және қолданбалы функциялары. Саясаттанудың прагматикалық мәні. Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану. 9 /7-14 бб./ 10 /43-55 бб./ 11 /13 б./ «Менің болашақ кәсіби қызметім үшін саясаттанудың маңызы» тақырыбында дәлелді эссе дайындау Саяси әлемді, қоғамның саяси жүйесін түсіндірудегі саясаттану ғылымының алатын орнын, маңызын анықтау және бағалау. Эссе жазу. Өз түсінігін кеңінен ашып көрсету.   12 /15-16 бб./ Тақырып  - «Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері». Мазмұны: Адамзат өркениетіндегі саяси идеялардың генезисі. Саяси ойдың қалыптасуы мен даму тарихының дәуірлік кезеңдері. Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель). Орта ғасырдағы саяси идеялар (Августин, Аквинский, Әл-Фараби). Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялардың дамуы. Саясаттың мәні туралы Макиавеллидің көзқарасы. Ж.Боденнің мемлекеттік билік егемендігі теориясы. Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс. (Т.Мор, Т.Кампанелла). Табиғи құқық пен қоғамдық келісім теориялары Ағарту дәуірінің негізгі саяси доктриналары ретінде. Ж.-Ж.Руссоның радикалды демократизмі. И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары. Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. Консерватизм, либерализм, марксизм концепцияларының қалыптасуы. Қазіргі саяси ғылымның негізгі бағыттары.     9 /15-25 бб./ 10 /57-60 бб./ 11 /15 б./     Саяси ойлар тарихындағы басқарудың «дұрыс» және «бұрыс» формалары бойынша презентация дайындау Саясаттану ғылымының тарихына шолу жасау мақсатында тақырыпқа арнап тұсаукесер жасау. Фотосуреттер мен бейне жазбалар қою міндетті   13 /5-16 бб./   Тақырып - «Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат». Мазмұны: Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер. Саясат мемлекетті басқару өнері ретінде.. Саясат жария үдеріс ретінде. Саясат - компромисс және консенсус ретінде. Саясат функциялары мен оның жіктелуі. Саясат құрылымы. Саясатты ұйымдастыру деңгейлері. Саясаттағы мақсаттар мен құралдар. Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі. Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі. Саясаттың гумандық сипаты. Саяси қызметтің негізгі түрлері мен бағыттары. Қазақстан Республикасының қоғам модернизациясы кезеңіндегі саясаты. 9 /25-35 бб./ 10 /67-70 бб./ 11 /18 б./ «Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау» тақырыбына кесте толтыру Кесте үлгісі арнайы әлеуметтік парақшада беріледі. Ол жерде басқа пәндермен қарастыра отырып, саясаттанудың ерекшелігін атап көрсету қажет   8 /11-18 бб./  

 

 

Модуль 2 – «Саясаттанудың жеке теориялары»

Тақырып - «Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері». Мазмұны: Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік). Биліктің функциялары. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары. Биліктің деңгейлері. Билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістері. Саяси және мемлекеттік билік. Билікті табыстау және биліктің бөлінуі. Саяси биліктің легитимділігі және оның көздері. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік. Негізгі институттар мен билік тиімділігінің критерийлері.   9 /35-45 бб./ 12 /7-17 бб./ 5 /8 б./ «Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері» тақырыбына дәлелді эссе жазу.

Эссе жазу. Өз түсінігін кеңінен ашып көрсету. Жеке көзқарасын талдап жазу

 

5 /5-16 бб./

Тақырып - «Саяси элиталар және саяси көшбасшылық». Мазмұны: Элиталардың негізгі теориялары: Г.Моска мен В.Паретоның элитаның классикалық теориялары, демократиялық элитизм (М.Вебер) мен элита плюрализмі (Г.Лейпхарт, Р.Даль) концепциялары. Саяси элита түсінігі. Қоғамға әсер ету көздері бойынша саяси элиталардың жіктелуі: (мұрагерлік, құндылықтық, биліктік, функционалдық), қалыптасу тәртібі бойынша (ашық және жабық). Элиталардың айналымы заңы. Саяси элитаның құрылымы (жоғарғы және орта). Саяси элиталарды таңдау жүйелері. ҚР саяси элиталардың қалыптасу ерекшеліктері. Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функиялары. Саяси көшбасшылықтың қазіргі теориялары. Саяси көшбасшылықтың жіктелуі. Саяси көшбасшылықтың сипатын айқындайтын факторлар. 14 /45-55 бб./ 12 /77-79 бб./ 7 /8 б./ Кейс-стади – саяси көшбасшылықтың жіктелуі. Саяси көшбасшылықтың типін айқындау және өз таңдауын дәлелдеу.

Саяси элита мен көшбасшының қоғамдағы ролі мен атқаратын ролінің маңыздылығы туралы рефераттар жазу, слайдтар жасау

 

12 /25-26 бб./

Тақырып  - «Қоғамның саяси жүйесі» Мазмұны: Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері. Институционалдық, идеологиялық, коммуникативтік, нормативтік және мәдени жүйешіктер арқылы саяси жүйенің құрылымына талдау (Т. Парсонс, Д. Истон, Г. Алмонд және т.б.). Саяси жүйелердің типологиясы. Саяси жүйенің тиімділігі. Саяси тұрақтылық пен саяси тәртіп, саяси тұрақтылықтың түрлері. Саяси тәуекелдіктің факторлары. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.   9 /55-57 бб./ 10 /70-77 бб./ 11 /18 б./ ҚР стратегиялық құжаттарын зерттеу негізінде) «Қазақстанның саяси жүйесінің даму келешегі» тақырыбына жоба дайындау

Жоба ұзақ және қысқа мерзімді болып бөліну қажет. Топтық жұмыс.

 

10 /25-46 бб./

Тақырып - «Мемлекет және азаматтық қоғам» Мазмұны: Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде. Мемлекеттің пайда болу теориялары мен концепциялары. Мемлекеттің белгілері мен құрылымы. Мемлекеттік құрылыс және басқару формалары. Мемлекеттің функциялары, олардың қазіргі заман жағдайындағы трансформациясы. Қазіргі заманғы тәуекелдер жағдайындағы саяси бағытты әзірлеу. Мемлекет - Қазақстан Республикасы. Қазіргі заманғы Қазақстандағы демократиялық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: мәні мен принциптері. Егеменді мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясы. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасу шарттары. Азаматтық қоғам: мәні, құрылымы, функциялары. Азаматтық қоғамның негізгі концепциялары. Азаматтық қоғам қызметінің бағыттары. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның даму келешегі 9 /60-65 бб./ 3 /12-14 бб./ 13 /28 б./ «Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы» тақырыбында дәлелді эссе жазу

"Әлеуметтік мемлекет", "Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы", "Азаматық қоғам" тақырыбында қосымша рефераттар жазу

 

12 /16-36 бб./

Тақырып - «Саяси режимдер» Мазмұны: Саяси режим түсінігі мен түрлері. Тоталитаризм тарихи және саяси феномен ретінде және оның ерекшеліктері. Авторитарлық саяси режим және оның формалары. Демократияның негізгі теориялары мен модельдері. Демокртаияның қазіргі формалары. Демократиялық принциптер мен шаралар. Қазіргі уақыттағы саяси режимдер: батыстағы полиархиялар, жаңа демократиялар, шығыстық-азиялық режимдер, исламдық режим, әскери режимдер. Қазақстандағы саяси режим, оның дамуы. Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің демократиялану үдерісі.   5 /5-10 бб./ 6 /7 б./ 11 /19 б./ Саяси режимдердің жіктелуі. Кейс-стади. Саяси режим типін анықтау және өз таңдауын дәлелдеу.

 

 

Қазақстандық саяси режимге талдау жүргізу қажет

 

11 /15-16 бб./

Тақырып - «Сайлау жүйелері және сайлау» Мазмұны: Сайлау демократияның міндетті шарты ретінде. Сайлау жүйелерінің мәні мен сайлау жүйелерінің негізгі түрлері. Сайлау жүйелерінің қазіргі концепциялары. Мажоритарлы сайлау жүйесі, оның түрлері мен модификациясы. Пропорционалды сайлау жүйесі, оның түрлі елдердегі ерекшеліктері. Аралас сайлау жүйелері. Көпсатылы сайлау. Сайлау шаралары мен салау кампаниялары. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама. Қазіргі Қазақстанның сайлау жүйесі, оны жетілдірудің жолдары мен бағыттары. ҚР электоралдық үдерістің ерекшеліктері. 6 /25-35 бб./ 12 /37-40 бб./ «Қазақстан Республикасындағы жастардың электоралдық белсендігін арттыру жолдары» тақырыбында жоба дайындау

"Қазақстандық электорат», «Қазақстандық сайлау жүйесі: оның еркшеліктері мен проблемалары» тақырыбын қолдануға болады

 

14 /25-46 бб./

Тақырып – «Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар» Мазмұны: Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері. Саяси партиялардың типологиясы. Биліктік қатынастар жүйесіндегі саяси партиялар. Партиялық жүйелер, олардың классификациясы. Партиялық жүйенің қазақстандық үлгісі. Қоғамның саяси өмірінде қоғамдық-саяси қозғалыстар мен бірлестіктердің пайда болуы және эволюциясы. Қазақстандық қоғамның саяси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың алатын орны мен рөлі. Лоббизм. Мүдде. Саясаттағы қысым топтар. 6 /35-45 бб./ 7 /7-14 бб./   Қазақстан Республикасындағы      саяси партиялар бағдарламаларының күшті және әлсіз жақтарына кейс- стади - талдау

«Қазақстандағы саяси партиялар», «Қазақстандағы партиялық жүйе» тақырыбында пікір-таластар жүргізу

 

/Интернет ресурстар мәліметтер/

Модуль 3 – «Саяси үдерістер»

Тақырып - «Саяси мәдениет және мінез-құлық» Мазмұны: Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері. Саяси мәдениет құрылымындағы саяси дәстүр, саяси миф, саяси стереотип, саяси символика. Саяси мәдениеттің деңгейлері: дүниетанымдық, азаматтық, саяси. Қоғамның саяси мәдениеті мен саяси субмәдениеттердің арақатынасы. Саяси мәдениет типологиясының критерийлері. Саяси мәдениеттің негізгі үлгілері. Саяси мәдениеттердің батыстық және шығыстық типтерінің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет – қазіргі жағдайы мен даму үрдістері. Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары. Саяси мінез-құлық пен саяси ұатысу – түсінігі, негізгі теориялары, жіктелуі.   6 /45-55 бб./ 7 /14-17 бб./ Саяси мәдениеттің үлгілері (таңдау бойынша) туралы талдаулық анықтама дайындау Саяси мәдениет теорияларын талдау. Қазақстан қоғамындағы саяси мәдениет пен мінез-құлықтың түрлеріне қатысты нақты саяси зерттеулер жүргізу   6 /41-42 бб./
Тақырып - «Саяси сана мен саяси идеология». Мазмұны: Саяси сана: түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлері. Қоғам мен саясаттағы идеологияның пайда болуы, алатын орны мен рөлі. Саяси идеологияны анықтаудағы түрлі әдістер. Саяси идеологияның мәні мен белгіленуі. Қазіргі негігі саяси идеологиялар: либерализм, консерватизм, марксистік дәстүр мен халықаралық социал-демократия. ҚР сана мен ойлаудың жаңа үлгісінің стратегиясы, қоғамдық сана модернизациясы. Ұлттық «Мен» және ұлттық бірегейліктің ішкі өзегін сақтау. Қазіргі заманғы модернизация үлгілерінің қатерлері. Ұлттық рухты сақтау және Қазақстан Республикасының болашақ дамуының ұлттық үлгісін құру.   9 /35-45 бб./ 12 /7-17 бб./ 5 /8 б./   РЖ – ҚР сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы» тақырыбында жоба - презентация жасау   "Қазақстандық саяси сана және идеология" тақырыбында пікір-талас өткізу, сауалнама жүргізу, әлеуметтік бейнежазба түсіру   /Интернет ресурстар/
Тақырып - «Саяси даму және модернизация» Мазмұны: Шиеленіс әлеуметтік құбылыс ретінде. Саяси шиеленістер, олардың мәні, конструктивті және деструктивті функциялары. Саяси шиеленістердің типологиясы. Этносаяси шиеленістер. Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі. 9 /15-25 бб./ 10 /67-70 бб./ 11 /18 б./ «Саяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары мен негізгі факторлары» (таңдау бойынша бір мемлекеттің мысалында) тақырыбында дәлелді эссе жазу Саяси даму теорияларын талдау. Қазақстан қоғамындағы саяси модернизация пен мінез-құлықтың түрлеріне қатысты нақты саяси зерттеулер жүргізу   5 /13-15 бб./
Тақырып - «Саяси шиеленістер мен дағдарыстар» Мазмұны: Шиеленіс әлеуметтік құбылыс ретінде. Саяси шиеленістер, олардың мәні, конструктивті, деструктивті қызметтері. Саяси шиеленістер мен дағдарыстардың типологиясы. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси шиленістердің алдын алу технологиялары. Қазіргі жағдайдағы саяси дағдарыстан шығу тәсілдері. Этносаяси шиеленістер. Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі. 11 /25-35 бб./ 8 /7 б./ 11 /18 б./ Саяси шиеленісті реттеу бойынша жол картасын дайындау -Кейс-стади "Саяси шиеленістер, оның себептері мен оны шешудің жолдары" тақырыбында реферат жазу   4/6-8 бб./
Тақырып  - «Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар» Мазмұны: Әлемдік саясат және әлемдік саяси үдеріс. Халықаралық қатынастар түсінігі және негізгі субъектілері. Халықаралық қатынастар теориясындағы теориялық әдістер мен негізгі дәстүрлі мектептер. Қазіргі халықаралық тәртіптің тарихи типтері мен ерекшеліктері. Халықаралық қатынастар жүйелерінің типологиясы мен олардың қызмет етуінің құрылымдық заңдылықтары. Қазіргі халықаралық қатынастардың дамуының негізгі үрдістері. Қазақстан сыртқы саясатының басымдық бағыттары – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті күшейту. 9 /17-19 бб./ 12 /14-18 бб./ 11 /18 б./ «Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның рөлі» тақырыбында бағдарлама презентация жасау Қазақстан қоғамының қазіргі кездегі өзекті саяси проблемаларына арналған шағын сауалнамалар жүргізу     (ВК, Инстаграмм, Фейсбук, Телеграмм)
Қорытынды сағат
               

4 –кесте. Практикалық (семинар) сабақтар.

Сабақ мазмұны Сағат саны Әдебиет

Қысқы/жазғы семестр

Модуль «Саясаттанудың жалпы теориялық мәселелері»

1 – апта – «Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану»

Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі мәселелерін қарастырып келу 12 /5-15 бб./  

2 – апта – «Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы»

Әл- Фараби, Баласағұн, Яссауи, Ортағасыр шешендері мен билері, Абай мен Шоқанның саяси көзқарастары, Алаш арыстары, жаңа заман саяси көзқарастарына тұсаукесер 12 /15-25 бб./  

3 – апта – «Саясаттың    табиғаты: формасы, мазмұны, үдерісі»

Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер. Саясат мемлекетті басқару өнері ретінде. Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі. Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат, мораль және дін. Саясаттың әлеуметтік негіздері, саясаттың субъектілері мен объектілері. Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі. Саясаттың гумандық сипаты. 12 /25-35 бб./  

Модуль «Саясаттанудың жеке теориялары»

4 – апта – «Қазақстан Республикасындағы саяси билік институттары»

Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік). Биліктің функциялары. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары. Биліктің деңгейлері. Билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістері. 12 /35-45 бб./    

5 – апта – «Басқарушы элита мен саяси көшбасшылық биліктің әлеуметтік субъектілері ретінде»

Саяси элита түсінігі. Қоғамға әсер ету көздері бойынша саяси элиталардың жіктелуі: (мұрагерлік, құндылықтық, биліктік, функционалдық), қалыптасу тәртібі бойынша (ашық және жабық). Элиталардың айналымы заңы. Саяси элитаның құрылымы (жоғарғы және орта). Саяси элиталарды таңдау жүйелері. Қазақстан Республикасындағы саяси элиталардың қалыптасу ерекшеліктері. 12 /45-55 бб./  

6 – апта – «Саяси жүйенің қызмет ету механизмі»

Саяси жүйенің қызмет ету механизмі. Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері. Институционалдық, идеологиялық, коммуникативтік, нормативтік және мәдени жүйешіктер арқылы саяси жүйенің құрылымына талдау 12 /55-65 бб./  

7 – апта – «Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы»

Азаматтық қоғам: мәні, құрылымы, функциялары. Азаматтық қоғамның негізгі концепциялары. Азаматтық қоғам қызметінің бағыттары. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның даму келешегі. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде. Мемлекеттің пайда болу теориялары мен концепциялары. Мемлекеттің белгілері мен құрылымы. Мемлекеттік құрылыс және басқару формалары. 12 /65-75 бб./  

8 – апта – «Қазіргі әлемдегі саяси режимдер және олардың мемлекеттің саяси жүйесімен байланысы»

Саяси режим түсінігі мен түрлері. Тоталитаризм тарихи және саяси феномен ретінде және оның ерекшеліктері. Авторитарлық саяси режим және оның формалары. Демократияның негізгі теориялары мен модельдері. Демократияның қазіргі формалары. 12 /75-85 бб./  

9 - апта – «Қазіргі сайлау жүйелері және олардың ерекшеліктері»

«Сайлау – сенің құқығың» атты кейс 12 /85-95 бб./

10 – апта – «Саяси партиялар және партиялық       жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар және ұйымдар: қызмет ету ерекшеліктері»

«Мен партия мүшесімін» атты кейс шешім 12 /95-105 бб./

Модуль «Саяси үдерістер»

11– апта – «Саяси мәдениет, саяси мінез-құлық және саяси қатысу»

Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері. Саяси мәдениет құрылымындағы саяси дәстүр, саяси миф, саяси стереотип, саяси символика. Саяси мәдениеттің деңгейлері: дүниетанымдық, азаматтық, саяси. 12 /105-115 бб./  

12 – апта – «Сана мен ойлаудың жаңа үлгісін әзірлеу: олардың Қазақстан Республикасында жүзеге асуының негізгі стратегиялары мен бағыттары»

Саяси сана: түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлері. Қоғам мен саясаттағы идеологияның пайда болуы, алатын орны мен рөлі. Саяси идеологияны анықтаудағы түрлі әдістер. Саяси идеологияның мәні мен белгіленуі. Қазіргі негігі саяси идеологиялар: либерализм, консерватизм, марксистік дәстүр мен халықаралық социал-демократия. 12 /115-125 бб./  

13 – апта – «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін стратегиялары      мен модернизация бағдарламалары»

Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы. Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам. 5 президенттік реформа: кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру. 12 /125-135 бб./  

14 – апта - «Саяси шиеленістер мен дағдарыстарды шешудің мәні, түрлері мен жолдары»

Шиеленіс әлеуметтік құбылыс ретінде. Саяси шиеленістер, олардың мәні, конструктивті және деструктивті қызметтері. Саяси шиеленістер мен дағдарыстардың типологиясы. 12 /135-145 бб./  

15 – апта – «Жаһандану және қазіргі жаһандық қауіп қатерлер»

Әлемдік саясат және әлемдік саяси үдеріс. Халықаралық қатынастар түсінігі және негізгі субъектілері. Халықаралық қатынастар теориясындағы теориялық әдістер мен негізгі дәстүрлі мектептер. Қазіргі халықаралық тәртіптің тарихи типтері мен ерекшеліктері. Халықаралық қатынастар жүйелерінің типологиясы мен олардың қызмет етуінің құрылымдық заңдылықтары. 12 /145-155 бб./  
  БАРЛЫҚ САҒАТ:  

5–кесте. Зертханалық жұмыстар жұмыс – оқу жоспарындақарастырылмаған.

 

 6–кесте. Оқытушының жетекшілігімен білім алушының өздік жұмысы.

Сабақ мазмұны Сағат саны Әдебиет

Қысқы/жазғы семестр

Модуль ««Саясаттанудың жалпы теориялық мәселелері»»

1 – апта – «Менің болашақ кәсіби қызметім үшін саясаттанудың маңызы» тақырыбында дәлелді эссе дайындау

Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі мәселелерін қарастырып келу 10 /5-15 бб./  

2 – апта – Саяси ойлар тарихындағы басқарудың «дұрыс» және «бұрыс» формалары бойынша презентация дайындау

Әл- Фараби, Баласағұн, Яссауи, Ортағасыр шешендері мен билері, Абай мен Шоқанның саяси көзқарастары, Алаш арыстары, жаңа заман саяси көзқарастарына тұсаукесер 10 /15-25 бб./  

3 – апта – «Саясаттың  негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау»

Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер. Саясат мемлекетті басқару өнері ретінде. Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі. Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат, мораль және дін. Саясаттың әлеуметтік негіздері, саясаттың субъектілері мен объектілері. Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі. Саясаттың гумандық сипаты. 10 /25-35 бб./  

Модуль «Саясаттанудың жеке теориялары»

4 – апта – «Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері» тақырыбына дәлелді эссе жазу

Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік). Биліктің функциялары. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары. Биліктің деңгейлері. Билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістері, т.б. мәселелерге көбірек көңіл аудару. 10 /35-45 бб./    

5 – апта – «Кейс-стади – саяси көшбасшылықтың жіктелуі. Саяси көшбасшылықтың типін айқындау және өз таңдауын дәлелдеу»

Саяси элита түсінігі. Қоғамға әсер ету көздері бойынша саяси элиталардың жіктелуі: (мұрагерлік, құндылықтық, биліктік, функционалдық), қалыптасу тәртібі бойынша (ашық және жабық). Саяси элиталарды таңдау жүйелері. Қазақстан Республикасындағы саяси элиталардың қалыптасу ерекшеліктері. 10 /45-55 бб./  

6 – апта – «ҚР стратегиялық құжаттарын      зерттеу негізінде «Қазақстанның саяси жүйесінің даму келешегі» тақырыбына жоба дайындау

Саяси жүйенің қызмет ету механизмі. Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері. Институционалдық, идеологиялық, коммуникативтік, нормативтік және мәдени жүйешіктер арқылы саяси жүйенің құрылымына талдау 10 /55-65 бб./  

7 – апта – «Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы» тақырыбында дәлелді эссе жазу

Азаматтық қоғам: мәні, құрылымы, функциялары. Азаматтық қоғамның негізгі концепциялары. Азаматтық қоғам қызметінің бағыттары. 10 /65-75 бб./  

8 – апта – «Саяси режимдердің жіктелуі. Кейс-стади. Саяси режим типін анықтау және өз таңдауын дәлелдеу»

Саяси режим түсінігі мен түрлері. Тоталитаризм тарихи және саяси феномен ретінде және оның ерекшеліктері. Авторитарлық саяси режим және оның формалары. Демократияның негізгі теориялары мен модельдері. 10 /75-85 бб./  

9 - апта – «Қазақстан Республикасындағы жастардың электоралдық белсендігін       арттыру жолдары» тақырыбында жоба дайындау

«Сайлау – сенің құқығың» атты кейс 12 /65-75 бб./

10 – апта – «Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар бағдарламаларының күшті және әлсіз жақтары» кейс-стади-талдау

«Мен партия мүшесімін» атты кейс шешім 12 /65-75 бб./

Модуль «Саяси үдерістер»

11– апта – «Саяси мәдениеттің үлгілері (таңдау бойынша) туралы талдаулық анықтама дайындау»

Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері. Саяси мәдениет құрылымындағы саяси дәстүр, саяси миф, саяси стереотип, саяси символика. Саяси мәдениеттің деңгейлері: дүниетанымдық, азаматтық, саяси, т.б. терминдерге көбірек көңіл аудару 12 /85-95 бб./  

12 – апта – «РЖ» – ҚР сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы» тақырыбында

жоба - презентация жасау

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын толық талдаудан өткізу 12 /95-105 бб./  

13 – апта – «Саяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары мен негізгі факторлары» (таңдау бойынша бір мемлекеттің мысалында) тақырыбында дәлелді эссе жазу

Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы. Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам. 5 президенттік реформа: кәсіби мемлекеттік аппарат құру, т.б.   10 /65-68 бб./  

14 – апта - «Саяси шиеленісті реттеу бойынша жол картасын дайындау» -Кейс-стади

Шиеленіс әлеуметтік құбылыс ретінде. Саяси шиеленістер, олардың мәні, конструктивті және деструктивті қызметтері. Саяси шиеленістер мен дағдарыстардың типологиясы. 10 /75-85 бб./  

15 – апта – «Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның рөлі»

тақырыбында бағдарлама презентация жасау

Әлемдік саясат және әлемдік саяси үдеріс. Халықаралық қатынастар түсінігі және негізгі субъектілері. Халықаралық қатынастар теориясындағы теориялық әдістер мен негізгі дәстүрлі мектептер. Қазіргі халықаралық тәртіптің тарихи типтері мен ерекшеліктері. Халықаралық қатынастар жүйелерінің типологиясы мен олардың қызмет етуінің құрылымдық заңдылықтары. 10 /85-95 бб./  
  БАРЛЫҚ САҒАТ:  

5. ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ КЕСТЕСІ

7- кесте.

 

Сабақ түрі

Апта

Барлық

сағат

саны

Аудиториялық сабақтар

Д

сағат

Бақылау формасы

БЖ1

(28.09.20-

02.10.20)

АБ1

(19.10.20-23.10.20)

БЖ2

(16.11.20 –

20.11.20)



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.