Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лкетануды дамыған аудан. Болашағы жастардың ауданы.



Өлкетануды дамыған аудан

 

  Ауданның жас ұрпағына сапалы білім берумен бірге туған өлкенін білуге және құрметтеуге бағытталған мектепте вариативтік курс есебінен "Өлкетану" –оқу курсын ұйымдастырып  және туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін оқуға ықпал етеді. Курстың мақсаты – туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және басқа да факторлар туралы білім қалыптастыру; туған елге деген сүйіспеншілік сезімге, қоршаған табиғи ортаны аялауға тәрбиелеу болып табылады.

МІНДЕТТЕРІ:

1) Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті және музыка пәндері сабақтарында алынған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;

2) ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру;

3) туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;

4) туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;

5) туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыру.

Болашағы жастардың ауданы.

 

Мені жастар мәселесі әрдайым толғантып келеді.Біз жастардың өз әлеуеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болулары үшін жағдай жасауымыз керек. Бұл ел мүддесі үшін,ертеңгі күннің игілігі үшін қажет. Жастарды әлеуметтендіру үшін баланың әрбір есею сатысында шаралар қабылдау қажет:

  • мектептердің жанынан «әкелер кеңесін», «аналар клубын» құру. Бұл ата-аналар мен баланың арасындағы өзара түсіністікті және сабақтастықты қамтамасыз етуге, олардың мәселелерін айқындауға және ерте сатысында олардың шешімін табуға мүмкіндік береді;
  • аула клубтарын құруға, білім беру мекемелерінің алаңдары мен спорт залдарын сабақтан тыс уақытта пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізу керек;
  • колледжде білім алу кезінде жастар қосарлы білім алуға қол жеткізулері тиіс. Мұнда жастар дайындықтың теориялық бөлігін білім беру ұйымының базасында өтеді, ал тәжірибелік бөлігін – жұмыс орнында;
  • жастар арасында жұмыссыздыққа жол бермеу үшін шаралар қабылдау.

Түлектер ауданнын  адам капиталын дамытуда маңызды рөл атқарады және оны тұрақты жаңартуға себебін тигізеді. Оқу орнын бітіргеннен кейін көптеген жастар жұмыс таба алмайтыны бәрімізге мәлім. Бұл мәселені кешенді түрде шешу керек.

Көптеген жағдайларда жұмыс беруші өтілді талап етеді. Сондықтан да колледж және ЖОО оқыған жылдары оның өндірістік және педагогикалық практикалары өтілдеріне теңгерілуін ұсынамын. Мұндай шара жұмысқа тұрудағы мәселелрді азайтады. Мен жастардың керекті дағды мен алғашқы тәжірибені мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындарда алуларына қол жеткіземін!

Біз бұны БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ!

 

 

Менің кандидатурамды қолдауларыңызды өтінемін. Мен өз кезегімде азаматтық ұстанымды сақтауға және тұрғындардың мүдделерін қорғауға кепілдік беремін.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.