|
||||||||
Оқытушының қатысуымен кабинетке экскурссия жасау.2. Оқытушының қатысуымен кабинетке экскурссия жасау. Мектептің химиялық кабинеті-бұл пәнді тиімді оқытуды қамтамасыз ететін ұтымды орналастырылған Оқу жабдықтары, жиһаздары мен құрылғылары бар арнайы бөлме. Сабақ онлайн форматта болғандықтан,мен де онлайн экскурсия жасадым.Менің таңдап алған химия кабинетім көршілес Ресей еліндегі,Омск қаласындағы № 129 мектеп. 1-сурет 1-суреттен байқап тұрғандай,сынып кең,жарық,жалпы стандартқа сай етіп орналасқан. Мектептегі химия кабинетін ұйымдастыруға қойылатын талаптар: Химия кабинетінде сабақ өткізу үшін қолайлы жағдай жасалған (жарықтандыру, желдету, жылыту, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау). Мұнда мектеп жиһаздарының стандартты жиынтығынан басқа, әртүрлі қосымша құрылғылар, жабдықтар, реактивтер және т.б. орналастырылған. Химиялық эксперименттерге арналған зертханалық жабдықтардың және кабинеттегі басқа да қосымша жабдықтардың арқасында оқу процесін қызықты ететін керек-жарақтар жиынтығын, химиялық ыдыс-аяқтарды, реактивтерді, тарату және көрнекі материалдарды, бейнефильмдерді, демонстрациялық модельдерді және басқаларын көре аламыз . 2-сурет Химия кабинеті 2 бөлімнен тұрады дедік,2-суреттен зертханашыға арналған бөлікті көре аламыз. Мұнда реактивтер сақталатын арнайы орындар қарастырылған.
3. Оқушылардың химия кабинетінде қауіпсіздік техникалық ережелері туралы білімдерін тексеруге болатын тест тапсырмаларын дайындаңыздар:
|
||||||||
|