Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АҚПАРАТТЫҚ ХАТ  . тінімдер мен баяндама мәтіндерін ұсыну мерзімі: 2020 жылдың 16 қазанына дейін.



АҚПАРАТТЫҚ ХАТ  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» Сіздерді 29 қазанда ZOOM платформасында онлайн режимінде өтетін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы көпэтномәдениетті әлемде» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

Конференция мақсаты: Абай Құнанбаевтың рөлі және оның көпэтно- мәдениеттік әлемдегі мұрасы туралы ғылыми қоғамдастық, педагог қызметкерлері, мәдениет қайраткерлері, билік және қоғамдық ұйымдар өкілдері арасында идеялармен және шығармашылық бастамалармен алмасу үшін бірыңғай пікірталас кеңістігін қалыптастыру.

Конференцияға қатысуға ғылыми қызығушылықтары конференция тақырыбымен сәйкес келетін жоғары оқу орындардың және колледждердің оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, ғалымдар, студенттер, білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, мәдениет қызметкерлері шақырылады.

Конференцияның тақырыптық бағыттары:

1. Қоғамдық сананы жаңғыртудағы Абайдың шығармашылық мұрасының маңызы.

2. Абай және Қазақстанның қазіргі мәдениеті.

3. Білім берудің өзекті мәселелері мен даму тенденциялары.

4. Заманауи өнер: шығу тегі, ерекшеліктері, даму болашағы.

Конференцияға қатысу формалары: онлайн (баяндама), сырттай (жарияланым).

 

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

 

Өтінімдер мен баяндама мәтіндерін ұсыну мерзімі: 2020 жылдың 16 қазанына дейін.

  Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына өтінімді (1-Қосымшаны қараңыз), баяндама мәтінін жіберу қажет. Файлдың атауын үлгі бойынша рәсімдеу: Амиров_конференция_өтінім.

Күндізгі қатысуды жоспарлаған кезде конференция Бағдарламасына енгізу үшін Баяндаманың тақырыбын жазу қажет.

Конференция қорытындысы бойынша конференцияның электронды жинағы шығарылады. Мақалалар авторлық редакцияда жарияланады. Ұйымдастыру комитеті ғылыми жұмыстардың талаптарына және жариялауға жіберілген мақалаларды техникалық редакциялауға сәйкес келмейтін материалды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Жинақтың электрондық нұсқасы авторларға таратылмайды. Ол http://orley-kost.kz/ сілтеме бойынша институттың сайтында қол жетімді болады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.